132
қоймасына (теңіз, кӛл, ӛзен) жеткенге дейін немесе ағынның ӛзі бедердің тӛменгі жерлерінде су қоймасын
қалыптастырғанға дейін жалғаса береді. Сол кезде ғана осы ӛзен қҧйылысының
деңгейі оның эрозия базисі
болып саналады. Сондықтан ӛзен аңғары алғашқы қалыптасқан кезде ӛзінің сағасынан басталмайды, ӛйткені
эрозия базисінің ӛзі тек ӛзен қалыптасқаннан кейін ғана пайда болады.
Жалпы эрозия туралы мәселені қозғасақ, ол тереңдік (глубинная), бҥйірлік (боковая), регрессиялық және
трансгрессиялық эрозияға бӛлінеді. Әрине, бҧл бӛлу шартты тҥрде ғана, ӛйткені эрозия механизмі табиғатта
кҥрделі сипатта кездеседі.
Ӛзен еңістігі едәуір болса, тереңдік эрозиясы да басымдау, сонымен бірге ӛзеннің бҥйірлік эрозиясы да дамиды.
Алайда бҥйірлік эрозия негізінен ӛзен арнасының жазық бағытта ауысуына немесе меандрлануына байланысты.
Бҧл жағдайда ӛзен жағалауына тиесілі жардың тӛменгі бӛлігі сумен қопарылып тӛмен
ағызып әкетіледі, ал
жоғарғы жағы опырылып қҧлап айырылады, сӛйтіп ӛзен жағасы бірте-бірте кейін шегініп отырады. Мҧнда ӛзен
жиегінің ірге жағында су ағынының активті, агрессиялы екені айқын байқалады, ал жардың жоғарғы
бӛлімдерінің опырылып қҧлап отыруы ауырлық кҥші (гравитациялық) процестеріне байланысты.
Регрессиялық эрозия ағысқа қарсы бағытта, суайрыққа қарай жҥреді, яғни шегіну эрозиясы нәтижесінде ӛзен
арнасы жоғары қарай ӛседі. Ағыс бойында, арна тҥбінде тҥпкі тау жыныстарынан қҧрылған тік қҧламалар
кездескен жағдайда, оны бҧзуға эрозиямен қатар гравитациялық процестер де қатысады.
Бірақ суайрыққа
жақындаған сайын регрессиялық эрозияның қарқыны бәсеңдейді де сонымен байланысты су ағыны азаяды.
Трансгрессиялық эрозия келесі қҧбылыстармен тҥсіндіріледі.
1. Жоғарыдан тӛмен қарай су жинау алабының ӛсуіне байланысты осы бағытта ӛзеннің су шығыны мен
эрозиялық мҥмкіншілігі кӛбейе береді.
2. Трансгрессиялық эрозия ӛзен сағасының ҧзаруы нәтижесінде (в результате устьевого удлинения рек) жҥзеге
асырылады:
а) тау етектеріндегі тау бӛктерінен аққан ӛзендер еш жерге қҧймай "соқыр" қҧйылыспен бітіп, ысырынды
конустарды тҥзеді. Келесі тасқындарда немесе ылғалды кезеңдерде ағындар әлгі конустарды жарым-жартылай
бҧзып-шайып, ӛзен аңғарының сағасын әр қарай алға ығыстырып, тағы да жаңадан ысырынды конусты қҧрады
да бҧдан әрі осылай жалғаса береді;
б) трансгрессиялық эрозия мен ӛзеннің қҧйылыс маңындағы сағаларының ҧзаруы оның тӛменгі бӛлігінің
тармақталуы мен миграциялануы кезінде айқын кӛрінеді;
в) теңіз суы кейін тартылып шегінген кезде оған қҧятын ӛзен
сағасы оның соңынан ілесіп, ӛзінің ҧзындығын
теңізге қарай ҧзартады;
г) кӛптеген ӛзен атырауларының теңізге қарай ысырылуы арқылы ӛздерінің аңғарын тӛмен қарай ҧзартады,
мәселен, Лена ӛзені тӛрттік кезеңде осындай жолмен 300 км-ге дейін ӛсті. Осылайша ӛзен аңғарының дамуында
ағынның алға ығысу әрекетінің мәні ӛте зор. Кез келген ӛзеннің бастауларында регрессиялық эрозия
арқылы
ӛзеннің суайрық бағытына ӛсуі сол айрық беткейінің ҧзындығына байланысты шектеледі. Ал ӛзеннің қҧйылыс
жағынан ҧзаруы ештеңемен шектелмеген. Ӛзен теңізге қҧйғаннан кейін де атыраудың ӛсуімен бірге оның алға
ығысуы да жалғаса береді.
Сӛйтіп, ӛзен аңғарларының даму барысында арнаның эрозиядан басқа жалпы денудациялық процестері де
едәуір ықпал етеді. Олар ӛзен аңғарының ӛсуі мен кеңеюіне жағдай жасап, жалпы беткейлерге ӛздеріне тән
белгілі қима
береді. Сондықтан, бір-біріне тығыз байланысты, ал мәні жағынан әр тҥрлі екі қҧбылысты айқын бӛліп
қарастырған абзал, бҧл айтылып ӛткен эрозия мен аңғардың кеңістікте дамуы. Эрозия (тау жыныстарының ағын
кҥші әсерінен механикалық шайылуға ҧшырауы, су арнасы тҥбіндегі тау жыныстарының ағын кҥшімен
қозғалған тҥйірлердің ҥйкелісі әсерінен қажалуы және тау жыныстарының химиялық ыдырауы) арна ағысының
кез келген бӛлігінде айқын білінетін бірыңғай процесс.
Аңғарлардың морфологиялық элементтері. Ӛзен арнасы
Ӛзен аңғңарлары – жер бетінің ғасырлар бойы аққан судың эрозиялық әрекетінен жуылып-шайылуы арқылы
қалыптасқан, ҧзына бойы иректеле созылған, бастауынан сағасына дейін тҥбі еңіс болып келетін, қазіргі кезде
ағын арнасы бар бедердің терең теріс пішіні. Олардың кӛбі (әсіресе ірі аңғарлар) тектоникалық элементтермен
байланысты. Аңғарлардың тӛмендегідей негізгі морфологиялық элементтері бар: арна, жайылма, терраса,
аңғарлардың беткейлері [Сурет-73].
133
Сурет-73. Ӛзен аңғарының морфологиялық элементтері: 1 - терраса ҥсті; 2 - терраса кертпеші; 3 - террасаның
жарқабағы; 4 - террасаның
сыртқы жапсар сызығы; 5 - террасаның етегі; 6 - жайылма беті; 7 - аңғар беткейі; 8 -
ӛзен арнасы; 9 - тҥпкі тау жыныстары; d - делювий; һ - террасаның биіктігі (Геоморфология және тӛрттік
геология, Пекин, 1981).
Жайылма – ӛзен тасығанда су басып кететін және оның сабалық деңгейінен жоғары орналасқан ӛзен аңғарының
біршама жазық бӛлігі. Террасалар – тегіс, аздаған еңісті кедген аңғардың беткейлер шегінде сатыланып
орналасқан ҥлкенді-кішілі алаңдар, соның ішінде жайылма ең тӛменгі терраса болып есептеледі. Аңғар беткейі
– ӛзен аңғарының екі жағалауын оқшаулап шектейтін, еңістігі ӛзен арнасына бағытталған кӛлбеу жазықтық.
Оның
беті жыра, сай және басқа да жуып-шаю әрекеттерінен пайда болған элементтерден тҧрады.
Арна – ӛзен суы ҥнемі ҥздіксіз ағатын аңғар табанының ең тереңделген бӛлігі. Оның ені әдетте ондаған метрден
бірнеше жҥздеген метрге дейін жетеді, ал Амазонка немесе Янцзыцзян сияқты ҥлкен ӛзендердің сағасында
арнаның ені бірнеше километрге жетеді. Арнаның ең терең нҥктелерін біріктіретін иректелген сызық ӛзеннің
Достарыңызбен бөлісу: