119
Шӛлейтті аймақтарда педименттер дамыған сайын климаттың қҧрғақтануы біліне бастайды. Бҧл жағдайда
ӛзендер мен уақытша су ағындары жауын-шашын мӛлшерінің жеткіліксіздігінен беткейлерден келіп тҥсетін
борпылдақ материалды тасымалдай алмайды. Ӛзен аңғарлары және тӛмендеу жатқан ойпаңдар мен сай-салалар
ҥгінді материалмен толып қалады да, қалың қабатты беткейлік шӛгінділерінің арасында әр жерде шошайған
жҧрнақты таулардың шоқылары кӛрініп тҧрады.
Шӛлді аймақтарда тегістелудің негізгі процесі – педиплендіру. Алдымен беткей етегінде педименттер
қҧрылады, олар кейін ҧлғайып бірімен-бірі бірігіп, тік беткейлі жҧрнақты таулармен кҥрделенген педиплен
қалыптасады.Климаттың аса қҧрғақтануынан, сол сияқты қолайлы геологиялық жағдайларда кең аумақты ірі
сынықты материалмен кӛмкерілген педименттер, яғни тасты шӛлдер қҧрылады. Мҧндай тасты шӛлдер
Сахарада, Ливия шӛлінде, Батыс Австралияда, АҚШ-тың батысындағы Ҥлкен бассейн ӛлкесінде, Қытай
және Монғолиядағы Гоби шӛлдерінде, Қазақстандағы Маңғыстау және Бетпақдалада кездеседі.
Тропиктік солифлюкция кең дамыған ылғалды аймақтарда бедерді тегістелуі пенеплендену және педиплендену
жолдарымен қатар жҥреді. Кең кӛлемде дамыған латеритті әбден ылғалданған сазды топырақ бедердің
кӛтеріңкі жерінен тӛменге қарай жан-жаққа сырғиды. Бҧл беткейлердің жоғары бӛліктерінің сырғуы мен
олардың жайпақталуына әкеп соғады, соның салдарынан бҧл ӛлкенің тегістеліп тӛмендеуі, яғни пенеплендену
процесі жҥзеге асады. Сонымен қатар тік қҧлама беткейлер бойында да педиплендену процесі жҥріп жатады.
Н.В.Башенинаның айтуы бойынша, беткейлер етегінің аса мол ылғалдануы сол баурайларды ҥңгіп қазу рӛлін
атқарады, ал беткейдің тӛменгі жағындағы тепе-теңдік бҧзылғаннан кейін оның жоғарғы бӛліктері де
қҧлдырай бастады. Мҧндай жағдайда беткейлер ӛте жылдам шегінеді. Арктикалық және субарктикалық климат
жағдайларында тегістелу беттерінің негізгі механизмі – педиплендену. Аязды ҥгілу мен солифлюкция,
сол сияқты нивальдық процестер беткейлердің шегінуіне, педименттердің және содан кейінгі педиплендердің
қҧрылуына әкеліп соқтырады. Арктиканың және субарктиканың биік тауларында педиплендену нәтижесі
"гольцалық террасалар" (гольцовые террасы) болып табылады. Тау ӛлкелерінің бӛктерінде қардың кӛптеп
жиналуына мҥмкіндік туып, бҧл жерде аязды ҥгілудің қаржеміру (нивалдық) және солифлюкциялық
процестердің дамуына қолайлы жағдай туады.
Сонымен, педипленнің тҥзілуін шӛлдер мен шӛлейттер, арктикалық және субарктикалық белдемдер, климаты
тым континенттік болып келетін қоңыр-жай белдемдер қолайлы болады. Ылғалды қоңыржай климатты
аймақтарда немесе тропикалық белдемдердің гумидтік аймақтарында тегістелу процесі пенеплендену мен
педипленденудің бірдей қатысуымен жҥреді.
Жалпы пенеплен мен педиплендердің қалыптасуы бедердің тӛмендей даму жағдайларында (в условиях
нисходящего развития рельефа), яғни экзогендік процестердің эндогендік процестерден басым болған
кездерінде ғана болуы ықтимал. Соның себебінен бедер пішіндері ҥгілу процестеріне ҧшырап
тӛмендей береді де, жалпы жер бетінің салыстырмалы биіктігі азайып__беткейлер жазықтанып, бедер пішіндері
жҧмырлана тҥседі. Ақырында жоғары айтылған пенеплендер және педиплендер пайда болады. Ал, бедердің
кӛтеріле дамуы кезінде (при восходящем развитии рельефа), яғни эндогендік процестердің экзогендік
процестерден басым болған жағдайларында, жалпы тектоникалық кӛтерілу процесі денудациялық процесінен
жылдамырақ жҥреді. Мҧндай кезде аймақтың нақты биіктігі және бедер пішіндерінің салыстырмалы биіктіктері
ӛседі. Беткейлер иіліп дӛңестеле береді. Сонда тектоникалық тыныштық жағдайда пайда болған тегістелген
денудациялық жазықтар (пенеплендер) жоғары кӛтеріледі де, белгілі бір уақыт аралығында бедердің
қалдығы (реликт) ретінде теп-тегіс тҥрінде сақталады. Аймақтың тӛмендей дамуы мен кӛтеріле дамуы бірнеше
рет ауысып тҧрса, таулы ӛлкелерде әр биіктікте денудациялық жазықтар сатылы тҥрде тҥзеледі. Оларды
Достарыңызбен бөлісу: