Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет100/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   125
Байланысты:
1514000-Геоморфология-каз

фарватері немесе тальвегі деп аталады. 
Ӛзен арналары планда әдетте ирек бейнелі болып келеді. Арна ҧзына бойы бір-бірімен алмасып тҧратын терең 
шҧңғымалардан, яғни қарасулардан (плесы) және тайыз, қайраңдар (перекаты) деген бӛліктерден тҧрады. 
Шҧңғыма, яки қарасу бӛлігі ӛзеннің иілген тҧсында ҧшырасады, ал қайраң-шҧңғымалар арасындағы арнаның 
тҥзу бӛлігінде орын тепкен. Шҧңғымалардың пландағы кӛрінісі иін (доға) тәрізді эрозиялық шҧңқыр. Қҧмды 
жалдардан қҧралған қайраңдар ӛзен иінінің шығыңқы жағасынан (выпуклый берег) келесі тӛменгі иіннің 
шығыңқы жағасына дейін созылып жатады. Қайраң мынадай негізгі элементтерден тҧрады [Сурет-74]:
1) жоғарғы қайыр (қҧм), қайраңның астауынан жоғары орналасқан;
2) тӛменгі қайыр, астаудан тӛмен орналасқан;
3) жоғарғы иірімдік жыра немесе жылға (верхняя плессовая лощина) – қайраңнан жоғары орналасқан арнаның 
терең жері;
4) тӛменгі иірімдік жыра немесе жылға – қайраңнан тӛмен орналасқан арнаның терең бӛлігі;
5) бел-қайраңның жоғарғы және тӛменгі қайырларын жалғастыратын ең биік бӛлігі;
6) қайраңның астауы – арнаның фарватері ӛтетін, белдің ең терең бӛлігі; 
7) арынды (жоғары) беткей;
8) тӛменгі беткей (етек).
Кейде ӛзен арнасының бағытын ӛзгерткен тҧстарында ӛзен табанының кӛтерілген жайпақ бӛлікшесі –ӛткелдер 
кездеседі. 


134 
Сурет-74Ӛзен қайраңының жалпы сҧлбасы A - планы, Ә - фарватермен алынған ҧзына бойы қимасы 1 - 
арнаның фарватері; 2 - изобаталар; 3 – арна бойындағы екі жақ жиегі (Н.И.Маккавеев бойынша) 
Әдетте қайраңдар мен шҧңғымалардың орналасуы, кӛлемі мен биіктігі ағын судың тҧрақты әсер етуінен ҥнемі 
ӛзгеріп отырады. Олар ӛзен ирелеңдеріне ҧқсас ӛзен ағысымен ҧзына бойына қозғалыста болады. Қайраң 
ӛзеннің 
тасыған кезінде ҧлғайып, судың тӛмен сағасына келген кезде шайылуға ҧшырайды. Ал, шҧңғымаларда 
керісінше, судың тасыған кезінде, жыру процесі басым болады да, деңгей тӛмен тҥскенде бҧл процесс 
бәсеңдейді. 
Ӛзен арнасы тӛменгі қҧрылымдардан тҧрады: арал - жайылманың бір бӛлігі, ӛзен қолтықтарымен немесе 
салаларымен қоршалған, ӛсімдік жамылғысымен бекітілген, орнықты; қалдық - ӛзеннің негізгі арнасы мен 
ӛзеннің бӛлініп қалған ескі ӛзен арасындағы жайылманың бір бӛлігі; жеңсала - аралмен бӛлінген ӛзеннің бір 
бӛлігі; 
сала - (ӛзек) - ӛзеннің негізгі арнасынан алысырақ кеткен және одан енсіздігі, тереңдігі, ағысының 
жылдамдығымен ерекшеленетін бӛлігі; шығанақ - ӛзен жағасына терең біріккен ӛзен қҧрылымы; 
қайыр - ӛзен арнасының саяз бӛлігі, су тартылған кезде судан босап, қҧрғақ аралға айналады
жағажай - кең, тегіс келген, ӛзен тасындыларынан қҧралған ӛзен жағалауындағы жолақ; 
тҥбекше - ӛзен арнасына сҧғына кіріп жатқан қҧм шӛгіндісі (Ж.Достайҧлы, 1996). 
Ӛзеннің қҧмдардан тҧратын арнамаңы қайраңдардың бетінде судың ағысынан пайда болған кҥрделі тҥрде 
тарамдалған толқындар іспетті шағын-шағын иірімдер жҥйесін ағыс иірімі (рябь течения) дейді. Мҧндай қҧмды 
толқындар су ағынының бір бағытта ағуының нәтижесі, нақ осы себептен олардың сыртқы пішіні ассиметриялы 
болып келеді. 
Ӛзен меандрлары, меандр тҥрлері 
Ӛзеннің ырғақты тҥрде ирелеңденуі меандрлар деп аталады. Меандр тӛмендегідей бӛліктерден тҧрады [Сурет-
75]. 
a - меандр зонасы - меандр иіндерін шектеуші сызықтардың арасындағы белдеу; 
б - меандр қадамы екі иіндер арасындағы арақашықтық; 
в - меандр мойыны - иіндердің бір-біріне ең жақындаған бӛлігі; 
г - арна бойындағы жалдар (прирусловые валы) - иіндердің жайпақ шығыңқы жағасында жинақталған 
аллювийлік материал; 
д - шпорлар - ӛзен иіндері ішіндегі тҥпкі тау жыныстарының қалдықтары; 
е - жайылма қҧм жалдарының жылжымалы желпеуіштері
ж - меандр радиусы - иін ортасына ӛзен ортасына дейін ӛлшенетін иіннің дӛңгелену радиусы. 


135 
Ағынның алға жылжу бағытына байланысты, меандр жҥйесі сонымен қатар шҧңғымалар және қайраңдар жыл 
сайын аңғар бойымен тӛмен қарай 0,5-20 м. жылдамдықпен ығысады. Осындай жағдайда меандр мойнының 
ағысы бойынша жоғары жағы бірте-бірте ағынмен шайылып, шпордың негізгі бӛлігі жіңішкеріп, кӛктемгі 
тасқын кезінде оны бҧзып ӛте алады. Осындай жолмен арна тҥзіледі, ал иірім бӛлігі ӛзеннен шет жаққа бӛлініп 
жеке апандар немесе кӛл тәрізді ескі арна (старица) қҧрады. Ескі арнаның ҥлкендері кӛлдерге айналады. Оның 
тҥбінде ылай-балшық шӛгіп, бҧта басып кетеді, кішігірімдері жаз бойы қҧрғап, орнында иінді ойпаңдар қалады. 
Сурет-75Ӛзен меандрының элементтері: a - меандр зонасы; б - меандр қадамы; в – меандр мойыны; г - арна 
бойы жалдар; д - шпорлар; е - жылжымалы желпеуіштер; ж - меандр радиусы (М.Ж.Жандаев бойынша) 
Жалпы меандрдың екі тҥрін ажыратуға болады: 1) аңғарлық меандрлар (врезанные меандры) - олар бҥкіл 
аңғардың иілістерін (бҧрылыстарын) бҧлжытпай қайталайды; 2) еркін арналық меандрлар (блуждающие 
меандры) - жалпақ, тегіс аңғардың тҥбінде пайда болады. Меандрлардың осы екі тҥрі ӛзеннің еркін иректену 
категориясына жатады, бҧл су ағыны мен шайылуға ҧшыраған тау жыныстарының ӛзара әрекеттестігімен ғана 
белгіленеді. Аңғардың созылыңқы иіндері аңғар жағасындағы тҥпкі тау жыныстарының әсеріне байланысты. 
Мҧндай тҧрақты тау жыныстары ӛзен ӛзінің оптималды режиміне сай меандрлар тҥзуіне мҥмкіндік бермейді. 
Еркін (блужающие) меандрлар ӛзеннің иректелу кӛлеміне әсер ететін тӛзімді тау жыныстарды (қҧм, қҧмайт, саз, 
малтатастар) жырып ӛтеді. Негізінде, бҧл қҧбылыстардың физикалық мәні әр аңғарда бірдей. 
Сонымен, меандрлану процесі - ӛзен ағысының минималді кҥш жҧмсау нәтижесінде кедергісі ең аз жолмен 
ағуы салдарынан пайда болған қҧбылыс. Меандрлану нәтижесінде ӛзеннің ҧзындығы ҧлғайып, шҧңғымалар мен 
қайраңдардың арна бойымен ауысуы, жайылмалар мен террасалардың қалыптасуы, аңғардың меандрлануы арна 
ағыны дамуының негізгі заңдылықтарының бірі болып табылады және ӛзен аңғарларының барлық 
морфологиялық элементтерінің қалыптасуы бҧл заңдылықтарына тікелей байланысты. 
Арнаның бойлық бейіні 
Кемеліне келіп қалыптасқан аңғарда арна бастаудан сағаға дейін тепе-теңдік ойыңқы қимасымен немесе 
еңістіктің біркелкі кемуімен сипатталады. Алайда, іс жҥзінде оның бойлық кескіні әркашан шамалы баспалдақ 
тәрізді сатылы қҧрылысқа ие және ол мына себептермен тҥсіндіріледі. 
1) ӛзен тармақтарының қосылуы нәтижесінде су шығынының ӛзгеріп отыруы әр сала қосылған жерден тӛмен 
қарай эрозияның кҥшеюіне байланысты арнаның тереңдеуіне әкеліп соктырады; 
2) ӛзен тҥбін қҧрайтын тау жыныстарының қҧрамы әр тҥрлі болады. Жҧмсақ тау жыныстары дамыған 
бӛлікшелерде ӛзендер оңай тереңделеді, ал тӛзімді тҥпкі тау жынысы бӛліктерінде тайызданып, шоғырларды 
тҥзеді;
3) жер қыртысының дифференциялдық қозғалыстарына байланысты тектоникалық жарылымдар, лықсу, грабен, 
горст қҧрылымдардың аңғар бойында кездесуі; 
4) ӛзен бойындағы шоңғал бӛлікшелер мен сарқырамалардың кезектесуі. 
Шоңғалдық бӛлікшелерде ӛзен қҧламасы әр километр сайын ондаған метрге жетуі ықтимал. Бҧған мысал 
ретінде ҧзындығы 90 км Днепр ӛзенінің шоңғалдарын келтіруге болады. Олар Днепр ГЭС-ті салғаннан кейін су 
астында қалды. Ал, сарқырама дегеніміз - ӛзен арнасының тік жартасты биік бӛлігінен судың тӛменге қҧлауы. 
Мысалы, бҥкіл әлемге әйгілі Ниагара сарқырамасы - 50 м биіктіктен қҧлайды, Африкадағы Замбези ӛзеніндегі 
Виктория сарқырамасы одан да биік - 119 м., ал Курил аралдарындағы Итуруп аралындағы Илья Муромец 
сарқырамасының биіктігі - 114 м-ге дейін жетеді;
5) ӛзен бойында шҧңғымалар мен қайраңдардың орналасуына байланысты арна тҥбінің тереңдеген және тайыз 
келген бӛліктерінің заңды тҥрде кезектесіп ауысып тҧрады; 
6) арнаның бойлық бейіні ӛзеннің жасына (кӛнелігіне) да байланысты. Егер жас ӛзендерде арна ӛңделмеген 
тегіс емес едәуір баспалдақты болса, ескі ӛзендер, керісінше, тегіс, еңістігі бірқалыпта тӛмендеуімен 
сипатталады.


136 
Ал, әр кезеңдегі қҧрама ӛзендердің бойлық кескіні одан әрі кҥрделі болады. Бҧдан басқа аңғар жағаларында 
басқа да процестер, мысалы, опырылмалар, сырғымалар және т.б. қҧбылыстары және арна тҥбінде дамыған 
мәңгілік тоң бӛлікшелері кездесуі ықтимал. 
Сонымен, ӛзен ӛз аңғарының бір бӛлігін тереңдетіп, басқа бӛлігінде арна тҥбін тегістеп, ӛзен ӛзінің бойлық 
кескінін қҧрастыруға әрекет жасайды. Соған қарамастан ӛзен тҥбінде әрқашан әр тҥрлі мӛлшерде тегіс емес 
кедір-бҧдыр микропішіндер кездеседі. Ӛзен дамуының соңғы кезеңінде немесе кеуіп қалған ӛзен аңғарларында 
да тереңдігі 10-15 м-ге жететін шҧңқырлар (мысалы, Ӛзбекстандағы Ӛзбой ӛзенінде) және қҧламалар 
кездесетіні белгілі. Сӛйтіп, арнаның бойлық кескінінде кішігірім баспалдақ саты тәрізді қҧрылымдардың 
қалыптасуы – кез келген ӛзеннің қашан да болса даму кезеңіне тән заңды қҧбылыс екендігін байқауға болады. 
 
Ӛзен жайылмалары 
Ӛзен аңғарының су тасу кезіндегі сумен тҥгел тоғытылатын, кӛбінесе қазіргі заманғы аллювийлік 
шӛгінділерден қҧралған біршама жазық бӛлігі жайылма деп деп есептеледі. Аса меандрланып қалыптасқан 
ҥлкен ӛзендерде жайылма аңғар тҥбінің едәуір бӛлігін қамтып, арнаның біресе оң, біресе сол жағына 
орналасады. Алайда, ӛзендердің кӛпшілігі аңғар жиектерінің бір жағына ауысып (солтҥстік жарты шарда оң 
жаққа) ағатыны белгілі, сондықтан жайылма кӛбінесе арнаның бір жағында болады. Жайылманың биіктігі 
судың кӛтерілу деңгейіне байланысты аласа және биік жайылмаға бӛлінеді. Жыл сайын су тасу кезінде сумен 
басылатын жайылманы аласа жайылма, бірнеше жылда бір рет судың астына кететін жайылманы биік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет