Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы
«Ұлан ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«Гагарин атындағы орта мектеп» КММ
Бастауыш сынып оқушыларына
көбейту кестесін үйрету
(Әдістемелік нұсқаулық)
Тастенова А.Б.
2016 жыл
Пікір жазғандар.
Құрастырған: Тастенова А.Б.
Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Әдістемелік нұсқаулық бастауыш сынып оқушысының математикалық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Нұсқаулық бастауыш сынып мұғалімдеріне, ата-аналарға арналған.
Мазмұны
Кіріспе
Көбейту кестесін жаттаудағы қиындықтар
Көбейту кестесін үйрену әдіс-тәсілдері
Көбейту кестесін ойын арқылы үйрену
Көбейту кестесінің практикалық сұрақтары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Математика – барлық ғылымдардың ең алғашқысы әрі оларға пайдалысы да әрі қажеттісі де осы. ((1214-1292) Роджер Бэкон - ағылшын жаратылыстанушысы) Математика әр кезеңде теориялық жаңа мәселелермен толықтырылып, аясы кеңейтіліп келеді.
Көбейту дегеніміз – көбейткіштер деп аталатын екі объектіден көбейтінді деп аталатын үшінші объекті құру. Көбейту «х» белгісін 1613 жылы ағылшын математигі Уильям Оутред (1574-1680) ұсынған. Жалпы алғанда көбейту – әр түрлі бинарлық (латынша – қос, екі деген сөз) амалдардың атауы болып табылады.
Егер сіздің балаңыз 1-2 сынып оқушысы болса, онда біздің міндетіміз оған көбейту кестесін жаттап үйрету. Оны анағұрлым сапалы қалай жаттауға болатыны ата-аналардың көбіне түсініксіз. Егер мәселеге дұрыс жол табылса, онда оны аз уақытта жаттап үйренуге болады. Осы әдістемелік нұсқаулықты пайдалана отырып, оқушыны түрлі әдістермен қызықтыра отырып үйретеміз деген ойдамын.
Іске сәт!