Бір бала допты тоғыз рет лақтырса, екі бала неше рет лақтырады?
Екі ракеткадан он балаға неше ракетка қажет?
Осыған ұқсас өздеріңізге де құрастырып алуға болады.
V. Қорытынды Білім беру жүйесі әр кезеңде өзгеріп, дамып отыру керек. Қоғамда білім беру жүйесі экономикамен тең немесе алда тұру керек. Оқушыға алғашқы экономикалық, яғни математикалық сауаттылықты бастауыш мектеп береді. Бұл функционалдық сауаттылықпен тығыз байланысты.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқушылар қазіргі кезде математика пәнімен мектеп табалдырығын аттаған кезден бастап таныса бастайды.
Ендеше математика пәнінің айнымас міндетті бөлігі көбейту кестесін оқушы білуге тиіс. Осы әдістемелік нұсқаулық арқылы, көбейту кестесін үйренгеннен кейін, сан алуан құбылыстардың зердесімен шолу жасайтын данышпан ғалымдар құпиясын жинақтап, ғылымға бет бұрып, олардың айнымас білімдер жиынтығын білетін болады.