64
«объект - қасиет» типті болып табылады. Мысалы: «Сыныптағы оқушылар тізімі» деректер
базасы кесте түрінде көрсетілген болады.
Сыныптағы оқушылар тізімі:
Кесте элементтері ұяшық, жол және баған болған бұрын қарастырылған кестелерден
айырмашылығы - кестені деректер базасы немесе деректер базасының объектісі ретінде
қарастырғанда жазба және өріс түсініктері енгізіледі. Реляциялық деректер базасындағы
жолдар – жазбалар деп, ал бағандар - өрістер деп аталады. Кестенің әрбір өрісінің аты
болады, мысалы, тегі (фамилиясы), аты, туған жылы; жынысы; ұлты; көзінің түсі; шашының
түсі.
Өрістер типтері
Реляциялық деректер базасында өрістердің негізгі төрт типі пайдаланылады: сандық,
символдық, даталық, логикалық.
Сандық типі мәндері тек сандар: бүтін, бөлшек, ондық (масса, адам саны,
арақашықтық және т.б) болатын өрістерден тұрады.
Символдық типте символдық ақпараты бар өрістер болады, бірақ символдық ақпарат
цифрлардан да тұруы мүмкін, мысалы, реттік нөмір, телефон нөмірлері және т.б сонда бұл
өрістерге символдық тип меншіктеуге болады (сендердің кестелеріңдегі барлық өрістердің
типі-символдық).
Даталық тип өрістерінде күнтізбе күндері (кк/аа/ жжжж орысша дд/мм/гггг) болады.
Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: Практикум : тапсырмалар.
Достарыңызбен бөлісу: