Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет62/180
Дата06.01.2022
өлшемі4,77 Mb.
#15026
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   180
Байланысты:
УМК-ОББ

 
 
4.2  тақырып.  Компоненттер  Деректер  базасысының  қолданбасын  құру  үшін 
визуальді компоненттер дерекпен жұмыс істеу 
.Мәліметтер 
қорымен жұмыс. 
2.DataGridView компоненті 
Microsoft  Access  МҚ-нан  экрандық  формаға  «Туристтер  »  кестесінен 
мәліметті және «Туристтер» кестесіндегі жазбамен байланысты «Туристтер туралы 
мәліметтер»  жазба  кестесін  шығаратын  МҚ-ның  бос  қосымшасын  құру 
қарастырылады. 
Бұл үшін бос Windows-қосымшасы құрылады. Құрылған ортаның жалпы түрі 
7-  суретте көрсетілген. 
 
Сурет 7. Бос қосымша 


65 
 
 
7-суретте  мәлiметке  қол  жеткiзу  және  манипуляциялау  үшiн  «Деректер» 
(«Data») компоненттер тобы бейнелеген. 
«Binding  Source»  компоненті  ДҚ  қатынауды  ұйымдастырады.  Ол  формаға 
орналастырылады.  Формаға  орналастырғаннан  кейін  өңдеу  аймағы  төмендегідей 
түрге келеді (8-сурет). 
 
Сурет 8 . Формадағы Binding Source компоненті 
 
Компонент  визуальды  болмағандықтан,  ол  қосымша  панельде  бейнеленеді. 
Компоненттің  негізгі  қасиеті  мәліметтер  көзіне  жол  сілтейтін  DataSource  қасиеті 
болып табылады. Қалыпты жағдайда қасиет бос тұрады, сондықтан оның мәнін құру 
қажет.  Берілген  қасиетті  таңдаған  кезде  қасиеттер  терезесінде  төмендегі  терезелер 
пайда болады (9-сурет ). 
 
 
Сурет 9. Мәліметтер қорының тізімі 


66 
 
Қазіргі жағдайда тізім бос тұр, сондықтан жаңадан мәліметтер көзін құратын 
және онымен  байланысты  ұйымдастыратын  «Add  Project  Data  Source»  командасын 
таңдау арқылы жаңа мәліметтер көзін құру қажет . 
Келесі сұқбат терезесі пайда болады (10-сурет). 
 
Сурет 10. МҚ тізімі 
 
Берілген сұқбат терезесі келесі мәліметтер көзін таңдауды ұсынады: 
-Database – Мәліметтер қоры ; 

Service – Қызмет, бұл кейбір мәліметтер ұсынатын 
қызмет түрі. Web-қызмет; 

Object  –  бұл  мәліметті  генерациялау  және  объектілермен
 
жұмыс  жасауды ұйымдастыратын объектіні таңдау объекті. 
Бұл жағдайда «Мәліметтер қоры» («Database») пунктін таңдау қажет. Мәліметтермен 
байланысатын таңдау терезесі пайда болады (11-сурет). 


67 
 
 
Сурет 11. Мәліметтермен байланысын таңдау 
 
Бұл сұқбат терезесінің мақсаты, ADO механизмі үшін байланыс параметрлері 
сипатталатын  ,  мәліметтер  қоры  типі  сияқты,  орналасқан  жері,  пайдаланушылар 
аты, қауіпсіздік құралдары және т.б. байланыс жолдарын құруды жүзеге асырады. 
 
Сурет 18. МҚ қосымшасының жұмыс аймағы 
 
Мәліметтерден  меңзер  пернелері  арқылы  жылжыған  ыңғайсыз  болып 
табылады.  Мәліметтерден  жылжуды  жеңілдету  үшін  BindingNavigator  компоненті 
бар.  Ол формаға орналастырылады (19-сурет). 


68 
 
 
 
Сурет 19. Формада BindingNavigator компоненті 
 
Бұл  компонент  кестелердегі  жазбалар  арасындағы  жылжуды  ,  кестегі 
жолдарды қосуға және жоюға мүмкіндік береді. Компонент ToolStripContainer мәзір 
жолағынан тұратындықтан, оның мүмкіндіктерін және сыртқы түрін күйге келтіруге 
болады. 
Жылжуды жүзеге асыратын кестені анықтайтын қасиет BindingSource қасиеті 
болып  табылады.  Бұл  қасиеттің  мәнін  «туристтер  BindingSource»  етіп  орнатайық. 
Жұмыс аймағында компонент төмендегіше бейнеленеді(20-сурет). 
 
Сурет 20. Жұмыс аймағындағы BindingNavigator компоненті 
 
Лайықты  күйге  келтірулерде  DataGridView  компоненті  ұяшығындағы 
мәліметтерді  редакциялауға  болады,  тек  ыңғайсыз  және  орынсыз.  Соның  ішінде, 
қателікке  енгізілген  мәнді  тексеру  қиын.  Сондықтан  мәліметті  TextBox 
компонентінде  шығару  және  редакциялауға  мүмкіндік  беретін  «Туристтер» 
кестесінің  экрандық  формасы  жасалынады.  Ол  үшін  формаға  Panel  сияқты 
контейнер орналастырылып, ал оның үстіне үш TextBox компонентін келесі әдіспен 
(21-сурет) қойылады. 


 
Сурет  21.  «Туристтер»  кестесінің  жазбаларын  редакциялауға  арналған  экрандық 
панель 
 
Енді  TextBox  компоненттерін  «Туристтер»  кестесінің  сәйкес  жолдарына 
байланысын  жүзеге  асыру  керек.  Ол  үшін  22-суретте  көрсетілген  DataBindings  – 
Advanced тобындағы қасиеті пайдаланылады. 
 
 
Сурет 22. «DataBindings – Advanced» қасиеті 
 
Бұл  қасиетті  таңдаған  кезде  49-суреттегі  сұқбат  терезесі  пайда  болады.  Бұл 
сұқбат терезесі тек мәліметтерді байланыстырып қана қоймай, сонымен қатар оқиға 
құру  барысында  мәліметтердің  жаңаруы  және  де  шыққан  кезде  мәліметтердің 
форматталуы жүреді. TextBox-ң шыққан тізімдегі жоғарғы компоненті Binding үшін 
мәлімет  көзі  ретінде  «туристтерBmdmgSource»  және  жолдар  көзі  –  «Surname»-ді 
алынады. TextBox-ң ортаңғы және төменгі компоненттері үшін сол мәліметтер көзін 
және сәйкесінше «Name_st» жолы алынады. 
Алайда өзгертулер енгізген кезде, барлық жаңа мәліметтер тек формада ғана 
қалады.  Мәліметтер  қорында  олар  сақталмайды  және  қайта  қосымшаны 
шақырғанның  өзінде  де  жоқ  болады.  Бұлай  болу  себебі  мәліметтердің  жадысында 
тек  кесте  көшірмесі  ғана  болатын  DataSet  объектісіне  жүктелуінен.  Барлық  іс-
әрекеттер осы көшірмемен жүреді. Өзгертулердің мәліметтер қорында көрінуі үшін 
TableAdapter  класындағы  Update  әдісін  орындау  қажет.  Осылай  істеу  барысында 
өңделуші қосымшаға 
«Жаңарту»  батырмасын  орнату  қажет  және  өңдеуіштің  Click  оқиғасына 
келесі 
программалық 
кодты 
жазу 
керек: 
туристтерTableAdapteгUpdate(bDTur_firmDataSet);турист_тур_мәліметTableAdapt 
er.Update(bDTur_firmDataSet); 


70 
 
Берілген  код  «Туристтер»  және  «туристтер  туралы  мәлімет  »  кестелеріндегі 
пайдалануға  берілген  мәліметтер  көзі  болатын  мәліметті  жаңартады.  Берілген  әдіс 
асыра  тиелген  екенін  ескере  кетейік  және  оның  түрлері  бөлек  кестенің  жолын 
жаңартумен қатар жолдар тобында жаңартуға мүмкіндік береді екен. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет