RadioGroup компоненті – пайдаланушының таңдауына тәуелді болады.
1. Checkbox, radiobutton элементтері 2. RadioGroup басқару элементтері. Жалауша үшін (CheckBox түрі) үш мүмкін болатын жағдайлар
қарастырылған. Button типі сияқты CheckBox - Control және ButtonBase базалық
кластарынан өз мүмкіндіктерінің көп бөлігіне ие. Алайда, бұл кластың қосымша
бірегей мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін өзінің жеке мүшелері де бар. CheckBox -
тің анағұрлым маңызды қасиеттері 8- кестеде көрсетілген.
Кесте 8 CheckBox класының қасиеті
Қасиет
Қызметі
Appearance Жалауша түрін баптау. Бұл қасиет үшін Appearance тізімдемесіндегі мән
қолданылады
AutoCheck Checked және CheckState мәндері сондай-ақ жалаушаның сыртқы түрі
оларды шерткен кезде өзгеретінін немесе өзгермейтінін анықтайтын
мәндерді алуға және орнатуға мүмкіндік береді
CheckAlign CheckBox басқару элементінде жалаушаны көлденеңінен және тігінен
туралауды орнатуға мүмкіндік береді. ContentAlignment тізімдемесіндегі
мәндер қолданылады
Checked
Жалаушаның ағымдық күйін (таңдалған немесе таңдалмаған) көрсететін
bool түрінің мәнін қайтарады. Егер ThreeState қасиеті үшін true мәні
орнатылған болса, онда Checked қасиеті true -ді айқын таңдалған жалаушаға
арналғаны секілді «анықталмаған» (indeterminate) мәні орнатылған
жалаушаға да қайтарады.
CheckState Checked секілді true және false -ті пайдаланбай, керісінше CheckState
тізімдемесіндегі үш мәнді пайдаланып жалауша мәнін алуға және орнатуға
мүмкіндік береді. Әдетте егер ThreeState қасиеті жалауша үшін true (яғни ол
үш мәнге ие) мәніне ие болса қолданылады.
ThreeState Жалауша үшін үш мән (CheckState тізімдемесіндегі) немесе тек екі мән
қолданылатынын анықтайды
Жалаушаның мүмкін болатын күйі Indeterminate -ті тек ThreeState қасиеті
үшін true мәні орнатылғанда ғана қолдануға болады. Ол 9- кестеде көрсетілген.
Кесте 9. CheckState тізімдемесінің мәндері
Мәні
Қызметі
Checked
Жалауша орнатылды
Indeterminate Мән анықталмаған (әдетте жалаушаның түсі «сұр» болады)
Unchecked
Жалауша алынды
61
«Мән анықталмады» күйі (indeterminate) орнатылған да болуы мүмкін, мысалы,
иерархияның жоғарғы элементі үшін бағыныңқы элементтердің бір бөліктеріне жалауша
орнатылған, ал басқаларынан алынған жағдайда