public static void Main() Бұл программаның басты функциясы Main (), ол бас әріппен жазылады. Программа
осы функцияны орындаудан басталады.
public – бұл қатынасу деңгейінің модификаторы, ол осы тәсілге бұл кластан тыс
қатынасу мүмкіндігін көрсетеді,
static – бұл сөз Main() тәсілінің нақты бір объектіге емес, класқа қатысты екенін
білдіреді. Eгер static сөзі болмаса, бұл функцияны шақырмас бұрын осы класс объектісін
жасап алу керек еді.
System.Console.WriteLine("Hello World!"); Бұл функция аты мына бөліктерден тұрады:
• System — атаулар кеңістігі;
• Console — сол атаулар кеңістігінде анықталған стандартты класс;
• WriteLine — осы класта анықталған тәсіл.
Программалардағы WriteLine және Write тәсіл-дері — Console класын экранға шығару
ісін ат-қарады. Write тәсілі экранға (консольға) мәлімет шығарып, курсорды осы жолда
қалдырады. Ал WriteLine тәсілі курсорды жаңа жолға көшіреді. Бұл ортада әртүрлі
параметрлермен қолданылатын Write тәсілінің 18 сипаттамасы, ал Write-Line тәсілінің 19
сипаттамасы бар екен.