59
және үшіншіден олар модальды терезелерді жаба алмайды. Қалғанның барлығында олар
BitBtn қасиеттері мен әдістерін қайталайды.
Кнопка бекітілу үшін кнопкалардың белгілі бір топтарына жатуы тиіс (бұл топ өзінен
тұруы мүмкін – жалғыз бекітілетін кнопка нұсқасы). Ол үшін GroupIndex қасиеті
пайдаланылады, ол 0 тең болмауы керек.
SpeedButton кнопкасы үшін OnDblClick оқиғасы қарастырылған, ол кнопканы екі рет
шерту арқылы туындайды.
C++Builder ортасында программалауда, программа ұсынатын мүмкіндіктердің бірін
немесе қатарынан бірнешеуін таңдау үшін ауыстырғыштар (переключатель, флажок)
қолданылады. Программада мұндай ауыстырғыштардың қызметін Standart панелінің
CheckBox, RadioButton және RadioGroup компоненттері атқарады. Ауыстырғыш екі күйде
ғана бола алады: «қосылған» (ν немесе ●) және «ажыратылған» (□ немесе ○ ).
Ауыстырғыштарды мүмкіндігіне қарай екі топқа бөледі: тәуелсіз және өзара тәуелді.
Тәуелсіз ауыстырғыштардың жұмысы басқа ауыстырғыштарға байланыссыз, тәуелсіз
болады.
Достарыңызбен бөлісу: