58
1-сурет. Батырмалар мен индикаторлар мысалы
Button компоненті –оқиғаға жауапты қалыптастыратын командалық батырма болып
табылады.
Name – компонент қасиетіне кіру мүмкіндігін алу үшін пайдаланылатын компонент
атауы.
Caption – батырманың үстіне орналасатын мәтін.
Top – батырманың жоғары шекарасынан форманың жоғары шекарасына дейінгі
қашықтық.
Left - батырманың сол жақ шекарасынан форманың сол жақ шекарасына дейінгі
қашықтық.
Width – батырманың ені.
Height – батырманың биіктігі.
Visible – батырманың көрінуін немесе көрінбеуін басқарады.
Enabled – батырманың пайдаланылу мүмкіндігін көрсетеді, егер оның қасиетінің мәні
ақиқат болса, онда батырма пайдаланылады, кері жағдайда пайдаланылмайды.
Hint – командалық батырмаға курсор келгенде тышқанның көрсеткішінің қасында
нұсқау-мәтін пайда болады.
Show Hint – егер мән ақиқат болса, нұсқау көрінеді, кері жағдайда көрінбейді.
Достарыңызбен бөлісу: