Шыңғыс хан империясы. Ұлыстар 1.Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыға қай аумақтар қарады?
А)Жетісудың солтүстігімен төменгі Еділ бойы,Шығыс қыпшақ С)ШығысТүркістан,Жетісу Мәуереннахр
В)Монғолия мен Жоғарғы Ертіс Д)Алмалық пен Тарбағатай аумағы Е)Балхаш және Хорасан
2.Жошының ордасы қайда болды?
А)Қарақорымда С)Орхонда В)Ертісте Д)Жетісуда Е)Балхта
3.Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайдың ұлысына қандай аумақтар кіреді?
А)Қаңбалық пен Қарақорым В)Орхон мен Қарақорым С)Еділ бойы мен Тарбағатай
Д)Шығыс Қыпшақ аумағы Е)Шығыс Түркістан,Жетісу мен Мәуереннахр аумағы
4.Шағатай ұлысының негізгі ордасы?
А)Тарбағатай В)Алмалық С)Жоғарғы Ертіс Д)Еділ бойы Е)Хорасан
5.Шыңғыс ханның үшінші ұлы Үгедей ұлысына қандай аумақтар кіреді?
А)Шығыс Қыпшақ В)Ертіс пен Еділ бойы С)Алмалық Д)Орхон өлкесі Е)Батыс Моңғолия,Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай
6.Кіші ұлы Төленің ұлысына қандай аумақ кірді?
А)Моңғолия В)Есіл бойы С)Алмалық Д)Орхон Е)Қарақорым
7.Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін “Ұлы хан”деп қай ұлы жарияланды?
А)Жошы В)Шағатай С)Үгедей Д)Төле Е)Нақты дерек жоқ
8.Жошы қалай қаза тапқан?
А)Шайқаста В)Аң аулап жүріп С)Уланып Д)Жендет қолынан Е)Қалай қаза тапқаны белгісіз
9. Яса заңдары дегеніміз не?
А)Құрылтай заңдары В)Салық жинау заңдары С)Шыңғыс хан мемлекеті мен империясының басқару заңдары Д)Ұлысты бөліп беру заңдары Е)Салт-дәстүрді қалыптастыру заңдары
10.Құрылтайда қандай рәсім өткізіледі?
А)Ұлыстарды бөліп беру В)Хан сайлап,таққа отырғызу С)Салық жинау рәсімі Д)Жаңа ұлыс билеушілерін сайлау Е)Рәсім өткізілмеген тек империя мәселелері шешілген
11.Шыңғыс хан үш ұлының әрқайсысына моңғолдың тұрақты әскерінен неше мыңнан үлес бөліп берді?
А)5мың В) 6мың С)10мың Д)3мың Е)4мың
12.Қалған әскер үлесі қай ұлына қалдырылды?
А)Үгедейге В)Шағатайға С)Жошыға Д)Төлеге Е)Ешқайсысына
13.Ұлы ханды кейде кім деп атаған?
А)Басшы В)Қаған С)Жоғарғы билеуші Д)Ханзада Е)Ел билеуші
14.Қазіргі Қазақстанның ең көп бөлігі кімде?
А)Үгедейде В)Төледе С)Жошыда Д)Шағатайда Е)Жергілікті рутайпаларда
15.Моңғолдың тұрақты әскерінің Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан бөлігі кімнің ұлысында?
А)Шағатай В)Төле С)Үгедей Д)Жошы Е)Ешқайсысында
16.Үгедей ұлысына тұрақты әскердің қай бөлігі кіреді?
А)Жетісудың Оңтүстігі В)Жетісудың Солтүстік-батысы С)Жетісудың Солтүстік-шығысы Д)Жетісу орталығы Е)Жетісудың шығысы
17.Әр ұлыстың билеушісі қай жерде отырған Ұлы ханға бағынышты болды?
А)Орхонда В)Қарақорымда С)Тарбағатайда Д)Алмалықта Е)Балхта
18.”Яса ”атауы моңғолдың қандай сөзінен шыққан?
А) Ереже,той В)той,дзасак С) Қаулы,заң Д) Рәсім,қаулы Е) Ереже
19.Ұлыстардағы жоғарғы билікке кімдер құқылы болды?
А)Рутайпалардан шыққан басшылар В)Ұлысбегі С)Беклербек Д)Шыңғыс ханның төрт ұлының ұрпақтары Е)Түменбас