Жалпы білім беретін мектептер үшін II-нұсқа
А-бөлім
1.Тарбағатай жоталары, Маңырақ қыраттарын, Жайсан ойпатын, Қара Ертіс жағалауларын зерттеген саяхатшыны атаңыз?
А) В.А.Обручев
В) В.В.Докучаев
С) Н.А. Северцов
D) Ш.Ш. Уалиханов
1-суретте берілген жанартаудың құрылысына мұқият қараңыздар.
1 сурет
2. 1-суретті пайдаланып, 1 санымен белгіленген жанартаудың бөлігін атаңыз.
А) көмей
В) кратер
С) магма ошағы
D) бүйірлік кратер
2- суретте берілген дүниежүзінің физикалық картасына мұқият қараңыз.
2-сурет
3. Дүниежүзініің физикалық картасынан 2-суретте белгіленген түбекті анықтаңыз.
А) Йорк
В) Сомали
С) Флорида
D) Лабрадор
4. Қазақстанның жазықтарын анықтаңдар
А) Шығыс Европа, Орта Сібір, Тұран
В) Каспий маңы, Тұран, Солтүстік Қазақ
С) Каспий маңы, Шығыс Европа, Месопотамия
D) Месопотамия, Солтүстік Қазақ, Ұлы жазықтар
5. Қазақстандағы полиметалл кен орындарын анықтаңыз
А) Қоңырат, Саяқ
В) Дөң, Кемпірсай
С) Жітіқара, Жезқазған
D) Ащысай, Мырғалымсай
6. Кайназой эрасының дәуірлерін атаңдар.
А) Триас, Бор , Юра,
В) Кембрий, Ордовик, Юра
С) Силур, Девон, Тас көмір
D) Неоген, Палеоген, Төрттік
7. Жыл бойына температура жоғары, жауын-шашын аз түсетін климаттық белдеуді анықтаңыз
А) Тропиктік
В) Экваторлық
С) Субтропиктік
D) Субэкваторлық
8. Янцзы өзені қай мұхит алабына жатады?
А) Үнді
В) Атлант
С) Тынық
D) Солтүстік Мұзды мұхит
Мәтінді мұқият оқыңыз
Ш.Уалиханов өзінің жұмысында бір өзенді былайша сипаттайды: «Өзен үш бастаудан: Текес, Хашгол және Күнгестен басталып, Балқашқа бірнеше тармаққа бөлініп құяды, олардың ең басты және ең терең жері-Бөрлі. Бұл қырғыз-қайсақ даласының аса суы мол өзендерінің бірі, терең құмдар арқылы 200 км өткеннің өзінде суының молдығын жоғалтпай Балқаштың өзіне барып құяды».
9. Мәтінде сипатталған өзеннің атауын анықтаңыз.
А) Іле
В) Ақсу
С)Лепсі
D) Қаратал
10. Әлемдегі ең кішкентай құс-колибри қай табиғат табиғат зонасында мекендейді.
А) Тропиктік шөл
В) Субтропиктік шөл
С) Жалпақ жапырақты орман
D) Ылғалды мәңгі жасыл орман
1-кестеде берілген мәліметті оқыңыз
Елдер
|
Халық саны, млн адам
|
Туу коэффициенті (‰)
|
Өлім коэффициенті (‰)
|
Нигер
|
19,7
|
49
|
9
|
Канада
|
36,2
|
11
|
8
|
Чили
|
18,2
|
14
|
6
|
Эстония
|
1,3
|
11
|
12
|
11. 1-кестені пайдаланып, Нигердің табиғи өсім коэффициентін анықтаңыз
А) 2,9 (‰)
В) 38,3 (‰)
С) 40(‰)
D) 58(‰)
12. Қазақстанда құрғақ әрі аңызақ желдің келуімен қалыптасатын ауа массаларының типтерін анықтаңыз
А) Қоңыржай
В) Тропиктік
С) Арктикалық
D) Экваторлық
13. Батыс Тянь-Шанда құрылған қорықтарды анықтаңыз
А) Алматы, Үстірт
В) Наурызым, Қорғалжың
С) Батыс Алтай, Марқакөл,
D) Ақсу-Жабағылы, Қаратау
14. Ұлттық діндерді атаңдар
А) Ислам, буддизм, христиан
В) Ислам, конфуций, буддизм
С) Иудаизм, синтоизм, христиан
D) Даосизм, индуизм, конфуций
15. Алюминийдің шикізатын анықтаңыз
А) боксит
В) мыс кені
С) темір кені
D)полиметалл
16.Ғылыми-техникалық прогресс техниканың, технологиялық материалдардың, энергетикалық базаның ғылыми білім негізінде үздіксіз дамуы.
Терминді анықтаңыз
----------------------------------------------------------------------------------------------- [1]
3-суретте берілген Африканың кескін картасына мұқият қараңыз
3-сурет
17. 3-суретке қарап Африка материгінің батысында орналасқан федерациялы елді кескін картаға белгілеңіз.
Тапсырманы 3- суреттегі кескін картаға орындаңыз.
18. Қазақстан бұл халықаралық ұйымның жұмысына белсене қатысады және 2010 жылы төрағалық еткен беделді халықаралық ұйымды атаңыз
----------------------------------------------------------------------------------------------- [1]
Мәтінді мұқият оқыңыз.
«Жер шарының ең терең көлдерінің бірі, сонымен қатар пайда болу уақыты да терең тарихта жатыр. Көлемі мен тереңдігі жағынан екінші тұщы көл. Әлемдегі ең ұзын тұщы көл. Көл жағалаулары төрт мемлекетке тиесілі
Көл терең тектоникалық ойпатында, теңіз деңгейінен 773 метр биіктікте орналасқан және қазіргі уақытта Шығыс-Африка рифттік жүйесінің бір бөлігі болып табылады.Көлді 1858 жылы ағылшын саяхатшылары Ричард Фрэнсис Бёртон және Джон Спик ашқан болатын».
19. Мәтінде сипатталған көлдің атауын атаңыз
------------------------------------------------------------------------------------------ [1]
4-суретте көрсетілген Еуразияның кескін картасына мұқият қараңыз.
4-сурет
20(а) 4-суретті пайдаланып Қазақстанның Каспий аймағындағы географиялық жағдайын анықтаңыз.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------[1]
(в) Қазақстанның экономикалық-географиялық орнының қолайсыздығын анықтайтын 2 мысал келтіріңіз
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------[2]
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
(с) Қазақстанның геосаяси жағдайының қолайлылығын сипаттайтын 2 мысалға баға беріңіз
-----------------------------------------------------------------------------------------------[2]
------------------------------------------------------------------------------------------------
21.(а) Біздің елімізде табиғатты пайдаланудың 3 ерекшелігі бар: табиғатты пайдаланудың түрлері мен формаларының көптүрлілігі, табиғат ресурстарын пайдаланудың тиімділігінің төмен болуы. Үшінші ерекшелігін анықтаңыз
----------------------------------------------------------------------------------------------------------- [1]
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |