Шумер мемлекетінің мәдени жетістіктері орасан зор болды. Өз заманында іргелі мемлекет құрған шумерлер айналасы тас дуалды әдемі қалалар салудың тамаша үлгісін көрсете білді. Қалада патша сарайы, дін ордалары, қалалық әкімшілік, шеберхана, мектеп, базар, түрғын үйлер тәртіппен түзіліп, шаһардың сәулетіне сәулет қосты.

Дүние жүзіндегі алғашқы жазуды ойлап табу да осы дарынды халықтың үлесіне тиген.
Ежелгі Египет мідениеті
Ежелгі Египет мәдениетінің ең басты ерекшелігі – ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық .Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша рөл атқарды.
Ежелгі Египет мәдениеті – сан-салалы мәдениет. Солардың бірі – біздің заманымызға келіп жеткен Египеттің ең көне жазу текстері. Олар – құдайларға құлшылық ету мен шаруашылықты жүргізуге байланысты жазбалар.
Көне Египет мәдениетінің тамаша туындыларының бірі-”Өмірден түңілген адамның өз жаныменсұхбаты” деп аталады.Өмірден қатты түңілген бұл адам өлімге бет бұрады.Бірақ оның жаны бұл әрекетке барынша қарсылық жасап,бұл өмірдің қызығы мен рахатын көруге кеңес беріп,оны өлімнен сақтандырады.

Египет жерінде салынған ғибадат- ханалардың алдында сфинкстер тұрғызылды Ең алып сфинкс б.з.б үшінші мыңжылдықта салынған.Ол осы уақытқа дейін Хефрин пирамидасын күзетіп тұр.Бұл адам басынан 35 есе үлкен,ұзындығы 57 метрге жетеді