Табиғат суреттері, адамның кескін келбеті, мінез – құлқы, тұрмыс суреттері туралы бейнелі кестелері: «Құлжа күнделіктері», «Алты шаһар немесе Қашқария туралы», «Іле өлкесінің географиялық очеркі» т.б
Табиғат суреттері, адамның кескін келбеті, мінез – құлқы, тұрмыс суреттері туралы бейнелі кестелері: «Құлжа күнделіктері», «Алты шаһар немесе Қашқария туралы», «Іле өлкесінің географиялық очеркі» т.б.
Табиғат суреттері, адамның кескін келбеті, мінез – құлқы, тұрмыс суреттері туралы бейнелі кестелері: «Құлжа күнделіктері», «Алты шаһар немесе Қашқария туралы», «Іле өлкесінің географиялық очеркі» т.б.
Өз заманының саяси-әлеуметтік мәселелері жайында талай толғанған Шоқан, Ыбырай, Абай көркем әдебиет туралы көптеген соны ойлар мен тың пікірлер айтқан. Ұлы ағартушы-демократтар қазақтың сыншылық ойын оятып, құнарлы аңызға асыл дәндер екті. Көркем сөзге эстетикалық талап қою, оған тиісті баға беру, насихаттау, ұғындыру, түсіндіру мақсатындағы ой-пікірлер қазақ әдебиет сынының туа бастауының белгісі.
Шоқан қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін көп жинады және қажетті кезінде пікір айтып отырды. Өзінің басқа шығармаларында әр елдің әдебиеті, аңыз-жырлары жөнінде тамаша ойлар айтып, көзқарасын білдіріп отырды: «Абылай мен оның батырлары туралы аңыз», «Өлі мен тірі». «Феодалдық кезеңнің кейбір батырлары туралы», «Ұлы жүз қазақтарының ертедегі аңыздары», тағы басқалар.
Шоқан- Манасты зерттеуші:
Шоқан дүние жүзі әдебиеттерін көп оқыған шығармаларына пікір айтқан, зерттеген. Ағылшын, француз, неміс, орыс және түрік тілін жетік білген. Шоқан француз халқының ҮІІІғ. Роланды туралы жырын, Грецияның «Илладасы» мен «Одессеясын», үндінің «Рамаянасын», кавказдың «нарттарын», қарақалпақтың «Қырық қызы» мен қырғыздың «Манасын» зерттеп, олардың мазмұнымен толық танысқан.
Шоқан 1856ж. М.М.Хоментовский басқарған экспедицияға қосылады. Экспедиция қырғыз елінің географиялық жағдайын зерттеп, Ыстық көл аймағын картаға түсіруге тиіс болды. Ғалым осы сапарында Манасқа назар аударады. Іленің басындағы Манас жорық жасады деген қаланың орнын барып көреді. Кейінірек «Манасты» айтушылардан негізгі нұсқасын жазып алып, «Көкетай ханның асы» деген тарауын алғаш рет орыс тіліне аударады.
«Манас» - бүтін бір халықтың шығармасы, соның көп жылдық творчествосының жемісі – дала «Иллиядасы» десе де болғандай деп Шоқан бұл жырды жоғары бағалаған.
Шоқанның айтуынша, Манас ноғайлының Талас пен Шу бойында көшіп-қонып жүрген бір руының биі Жақып байдың баласы. Манас жыл санап емес, күн санап өседі, он алты жасқа келгенде аты шулы батыр болады. Ақ жүзі ақша қардай хан қызы Қаныкейді алғанына місе тұтпайды. Қалмақ ханының шашы өкшесіне жететін сұлу қызы бар деген хабарды естіп, Манас өзінің қарт әкесін сол сұлуға айттырып келуге жұмсайды. Хан бұған намыстанып: «Менің қызыма ханның ұлы лайық, сенің ұлыңа бидің қызы лайық» - деп жауап қайтарады. Жақыптың ұлы жас Манас қалмақтың ханынан қорқып тайсалмайды, сөйтіп ол қолына қару алып, соғыс бастайды да, ұзын шашты сұлуды күшпен тартып алады. Поэманың жалпы сипаты міне осындай.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1865 жылы отызға жетпеген шағында қайтыс болған. Сүйегі Алматы облысының аумағындағы Алтынемел тауының бауырындағы Көшен – Тоған деген жерге қойылған.
Шоқанның қазасына байланысты Н.И. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындады. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті», деп жазған. Шоқан Уәлиханов туралы С. Бегалиннің «Шоқан асулары» повесі, С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романы мен «Шоқан Уәлиханов» пьесасы бар.