«Шығыстың шынары Мәншүк Мәметова»


Кіріспе Тақырыптың өзектілігі



бет2/4
Дата07.04.2023
өлшемі25,37 Kb.
#80401
1   2   3   4
Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі: Қазақ даласындағы қаһарман қызымыз Мәншүк Мәметованың майдандағы батырлығын қазіргі жастарға таныстыру.Қаһарман қызымыз Мәншүк туралы жыр көркем фильмдерді насихаттау.


Жұмыстың мақсаты: Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың жеке өмірі мен тарихын айқындау одан әрі дәріптеу .


Жұмыстың міндеттері: Басты міндеттерге сай талаптар:
- ғылыми мәліметтермен, тарихи мағлұматтармен таныс болу;
- Мәншүк Мәметова апамыздың өмір жолын, зерттеу;
- еске алып тұру үшін олар туралы жазылған шығармалармен танысу.
- ғылыми жобаны талдай отырып,қорғау, баға беру.


Жұмыстың практикалық маңызы: Аталған жобаны мұғалімдерге, сондай-ақ, оқушылар мен студенттерге көмекші құрал ретінде қолдануға болады.


Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Тарихи тұлғаларымызды дәріптеп, оларды қайтадан жаңғырту одан әрі дамыту. .


Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын мәселерден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу пәні: Тарих


Зерттеудің обьектісі: Қазақтың шоқ жұлдызы- Мәншүк.


1.Мәншүк Мәметованың өмір тарихы. Ерліктің қос қанатына баланған тұлғаның бірі – Мәншүк Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Мәнсия. Екі ұлдан кейін дүниеге келген қызының қарақаттай көздеріне қарап анасы «Моншағым» деп еркелетеді. Атын айтуға тілі келмеген кішкентай Мәнсия өзін «Мәншүк» деп атап кетеді.
Қылығы тәтті үш жасар Мәншүкті әкесінің перзент сүйе алмай жүрген інісі Ахмет асырап алғысы келетіндігін айтып өтініш жасайды. Ата-анасы баласын қимағанымен қыздарының қалада оқып, болашағы жарқын болғанын қалайды. Осылайша қазақтан шыққан алғашқы дәрігер – Ахмет Мәметов жұбайы Әминамен Мәншүкті Алматыға алып кетеді. Батыр қыз балалық, жастық шағында Әмина Мәметованың тәрбиесін көреді. Тегін ауыстырған Мәншүк 1931-1938 жылдары Алматы қаласындағы №28 мектепте білім алады. Кейіннен әке жолын қуып, медицина институтына оқуға түседі. 1937 жылы дәрігер Ахмет Мәметов «халық жауы» деген айыппен қамауға алынады. «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта», - деген екен Ахмет әйеліне айтқан соңғы сөзінде. Жайсыз оқиғадан кейін Мәншүктің анасы Әминаның да басқан ізі аңдулы болып, соғысқа дейінгі жылдары көп қиындық көреді. Тұрмыстары төмендеп кеткеннен кейін ол Халық комиссарлар кеңесінің денсаулық сақтау бөлімінде хатшы-машинист қызметін атқарады. Жұмыстан бос кезінде жалпыға міндетті соғыс өнерін үйрену сабақтарына қатысып, қару-жарақтың барлық түрін меңгеруге күш салады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет