«Шығыстың шынары Мәншүк Мәметова»


Соғыс жылдарындағы Мәншүк қаһарман



бет3/4
Дата07.04.2023
өлшемі25,37 Kb.
#80401
1   2   3   4
Байланысты:
Мәншүк Мәметова

2.Соғыс жылдарындағы Мәншүк қаһарман. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Кеңестер елін қорғауға қатысып, майдан даласында жаумен шайқасу арқылы өзінің сүйікті әкесі Ахметті жазықсыз жазадан құтқарып қалуды ойлаған қайсар қыз: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», -деп өтініш жазып, соғысқа баруға шешім қабылдайды. Мәншүк ол кезде әкесінің ату жазасына кесілгенінен бейхабар еді.
Ержүрек қыз діттеген мақсатына жетіп, ер азаматтармен бірге соғысқа аттанады. 1942 жылғы 13 тамызда еліміздің сол кездегі астанасы Алматы қаласынан Ұлы Отан соғысы жылдарында құрылған 100-ұлттық атқыштар бригадасы жасақталады. Бес мыңға жуық жауынгердің арасында Нұржан Құсайынов, Райымбек Бәйсейітов, Тахауи Ахтанов, Әзілхан Нұршайықов, Мәлік Ғабдуллин және Сұлтан Жиенбаев сынды қазақтың біртуар азаматтары да болды. Оның ішінде екі қазақ қызы да бар еді: Мәншүк Мәметова мен Мәриям Сарлыбаева.
Мәншүктің майдандасы, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов майданға аттанар сәтін былай еске алады: «Біздің санымыз 100-бригада қатарында І Алматы станциясынан аттанарда 4889 болды, ал Жоғарғы Қолбасшы И.Сталиннің жеке өкімімен эшолон аттанарда қатарымызға Мәншүк қосылып, санымыз 4890 адам болды».
Отан қорғауға аттанған қазақстандық әскери құраманы Жамбыл ақын «Батырларым, Сіздерді ерліктерің үшін құрметтесін» деген жалынды тілегімен шығарып салған екен.
Майдан даласына аттанған шынашақтай қазақтың батыр қызы барлық ұрыстарда батылдығымен, өжеттілігімен көзге түсіп, қару-жарақты шебер меңгеріп, жанындағы ер азаматтармен иық тірестіре шайқасады. Талай жаралы жауынгердің жарасын таңып, өлім аузынан арашалап қалады.
Күні-түні жаумен алысып, от пен оқтың ортасында жүрсе де ұлттық бояуы қанық әндерді тамылжыта шырқайтын өнерін өшірмепті өжет қыз. «Максим» пулеметінен, автоматтық қарудан атуды меңгерген Мәншүк шайқастарда жауға бет қаратпай оқ жаудыратын болған. Қазақ қызының қайсарлығына сүйсінбеген жан қалмаған. Тектілігі мен ептілігінің арқасында Мәншүк жауларына сан мәрте тойтарыс берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет