«Шығыстың шынары Мәншүк Мәметова»



бет4/4
Дата07.04.2023
өлшемі25,37 Kb.
#80401
1   2   3   4
Байланысты:
Мәншүк Мәметова

.
3.Мәншүк жайлы естеліктер. Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесінде барша қазақстандықтар қазақ халқының қаһарман қызы, Кеңес одағының Батыры Мәншүк Мәметованың даңқты есімін мақтан етеді.
Мәншүк Мәметованың атында Невель, Алматы, Орал және басқа да қалаларда көшелер бар. 1931-1937 жылдары батыр қыз білім алған Алматы қаласындағы №28 лицейге Мәншүк Мәметованың есімі берілген. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі, Ақтөбе медициналық колледжі Мәншүк есімімен аталады.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан Алматы, Орал және ресейлік Невель қалаларында Мәншүк Мәметованың ескерткіштері орнатылған. Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады.
Ақын, жазушы Мәриям Хакімжанова 1945 жылы қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі туралы «Мәншүк» поэмасын жазса, 1969 жылы «Мәншүк туралы дастан» (сценарий авторы - Андрей Михалков-Кончаловский, режиссері Мәжит Бегалин) көркем фильмі түсірілген.


Қорытынды

Ел есінде сақталатын айтулы оқиға Ұлы Отан соғысына біздің еліміздің өзінен қаншама жауынгер батырларымыз қатысып, елеулі ерліктерімен көзге түсті. Олардың арасында нәзік жандыларымыз да аз болған жоқ-ты. Олардың арасында Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова атты қыршынынан қиылған батырларымыз бүгінде айтылатын тарихи тұлғаларымыз. Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбектегі ерліктерін әрдайым мақтан тұтамыз. Елімізді ғана емес, Еуропаны фашизмнің қара түнегінен азат еткен ардагер ағаларымыз бен апаларымызды кейінгі ұрпақ — біз ешқашан ұмытпаймыз. Біз олардың алдында мәңгілік қарыздармыз. Сондықтан да біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әрқашан қастер тұтамыз. Олардың ерлігі ешқашан естен шықпақ емес. «Батырдың өзі өлсе де, аты өлмейді» «Отан үшін, әкем үшін…» деп қан майданға аттанған ержүрек ару қыздың артында аңыз боп ерлігі қалды. Өзгеде кездесе бермейтін ерлік пен батырлық, қайсарлық пен өжеттілік Мәншүктің ғана жүрегіне тән еді. Себебі ол қазақтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдызы, мыңдар мен миллиондардың бірі… Ол кешкен аз ғұмыр өте мәнді өтті. Себебі оның жаны біздерге жеңіс алып берді. Халқы үшін ерен еңбек сіңіріп, әр кезеңде келер ұрпақтың санасынана өшпейтіндей дара жолы бар қазақтың қос қарлығаштай батыр арулары бүгінде тыныш заманның тәуелсіз төрінде ескерткіш болып қана тұр… Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел батырлары Отанымыздың байтақ жерін, ақ сүт берген анасын, пәк күлкі шашқан баласын, парасатты данасын қорғады. Осы әділет жолында қасық қанын қиып ұрыс даласында ерлікпен шайқасқан батыр қаһарманымыз Мәншүк Мәметова әрқашанда ел есінде, оны әрдайым еске алып, құрмет көрсету біздің парызымыз.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. Арыстар тұғыры. (Екінші кітап)./ М.Қ.Қозыбаев.- Алматы: Ғылым, 1998.- 280 б.


2. Әбдәкімов А. Қазақстан тарихы. Астана, 1999.
3. Қозыбаев М.К. История и современность. Алматы, 1991.
4. «Қазақ ССР энциклопедиясы» 12 том.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет