Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет28/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55
баллистикалық сараптама
(Баллистическая экспертиза) – атыс қаруын қолдануға 
байланысты фактілерді анықтайтын криминалистикалық сараптаманың түрі. Б.с. 
барысында: қару мен оқ-дəрілердің топтық қатыстылықтарын анықтау; қаруды, оқ-
дəрілерді жəне құрал-саймандарды ұқсастыру (атылған оқтары, гильзалары бойынша); 
атылыс жағдаяттарын анықтау(орны, жүйелілігі, ара қашықтығы, тəсілдері мен 
техникалық жағдайлары); қарудығы жасырын таңбаларды (белгілерді) анықтау; белгілі бір 
жағдайлар кезінде атылудың болу мүмкіндіктерін, сол атылыс фактісін жəне олардың 
санын, атылыс уақытына анықтау жүргізіледі. Сот баллистикалық сарапшылар суық 
қаруды да зерттейді.
баллистикалық сараптама(
Баллистическая экспертиза) – оқ ататын қаруды қолдануға 
байланысты мəн-жайларды анықтайтын криминалистикалық сараптаманың түрі. Б.с. 
барысында:оқ-дəрілер мен қарудың топтық тиістілігі анықталады: атылатын оқтар, 
гильзалар арқылы ататын қаруды идентификациялау жүргізіледі; болған атыстың орны, 
қашықтығы, техникалық шарттары, уақыты, оның саны, белгілі жағдайларда атыстың 
болу мүмкіндіктері анықталады.
бастапқы сараптама
(Первичная экспертиза) – тергеушінің (соттың) өзіне керекті 
сұрақты шешу үшін іс бойынша алғашқы жүргізілген сараптаманың тегі, түрі, түр 
тармағы.
бір топқа жаттандық
(Групповая принадлежность) – барлық затқа тиісті объектіні 
теорияда жəне тəжірибеде бір топқа жатқызу. Топтық көлеміне байланысты бір топқа, бір 
текке/түрге/ жатқызу.
бағдарлап түсіру
(Ориентирующая фотосьемка) – оқиғаның нақты қай жерде болғанын 
бағдарлап білу мақсатында қолданылатын əдіс. О.б.ж. айналамен қамтып қоса түсіру. 
Оқиға болған жердегі жылжымайтын объект қамтылып түсіріледі. Мыс: екі машина 
соғысып қалса, оның жанындағы тұрақты объект оқиғаға еш қатысы жоқ болса да, 
оқиғаның қай жерде болғанын бағдарлап білу үшін қосып түсіріледі.
бақылау
(Наблюдение) – бір затты арнайы қадағалап қарап, оны зерттеп, қабылдап танысу 
əдісі. Мақсатты жəне ұйымдасқан түрде жеке заттарды тексере отырып, зерттеуші-
криминалист осы заттың ерекшеліктерін, белгілерін қабылдап, олардың өзара байланысын 
табады. Б. криминалистикада жеке затты, не болған оқиға мен құбылысты зерттеп тауып, 
оларды қабылдап түсіну үшін жүргізіледі. Б. жай жəне күрделі бақылау деп екі түрге 
бөлінеді. Жай бақылауда зерттеуші объектіні ешқандай техникалық құралдар пайдаланбай 
бақылап зерттеп, өзіне тəн ерекше белгілерін қабылдайды. Жай, көзге көрінбейтін 
заттардың белгілерін техникалық құралдардың көмегімен қарап қабылдау күрделі 
бақылауға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет