Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет25/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55
антропометрия
– қылмыскерлерді криминалистік /қылмыстық/ тіркеуге алу жүйесі. 
Тіркеуге алынатын адамның белгілі бір дене мүшелерін өлшеу нəтижесі арқылы тіркеу 
картасына енгізу. А-ны – қолданудағы ұқсас əрекеттер 1863 жылдан кейін Ресейде 
жүргізілді. А. негізін қалаушы Бельгия статисті А.Кетле: «Дене мүшелерінің көлемі бір-
біріне сəйкес келетін екі /бірдей, ұқсас/ адам жоқ жəне нақты белгілі бір жаста адам 
сүйегінің ұзындығы өзгермейді» - деп санады. Париж полициясының шенеунігі 
/чиновнигі/ А.Бертильон антропометриялық тіркеу жүйесінде толық зерттеу жұмысын 
1879ж. жүргізді. Ол – статист Кетленің антропометриялық негізіне сүйене отырып, адам 
денесін өлшеудің 11 түрін жүргізуді көрсетіп /бойының, отырған кездегі денесінің 
ұзындығына, бойының ені мен көлеміне, құлағының, қолының, саусағының, табанының 
ұзындығына жəне кеудесінің көлеміне жəне т.б. байланысты/, өлшеу нəтижесін арнайы 
тіркеу карточкасына енгізуді ұсынды. Бұл өлшеу қорытындысының жиынтығы адамды 
идентификациялау құралы қызметін атқарды. Бертильон 1881ж. өз жүйесін 
«Антропометрияны тəжірибеде қолдану» - деген кітапшасында ашып көрсетті. 1882ж. 
антропометрия париж полиция префектурасында сынақ, тəжірибе жүзінде жүргізілді.
автоним
(грек Autos - өзім жəне onyma – есім) – автордың жалған аты. А-ді анықтау, 
құжаттарға автороведтік экспертиза жүргізу негізінде шешіледі.
алиби
(лат. Alibi – басқа жерде) – қылмыс жасалған мезгілде, ауқытта айыпкер немесе 
сезіктінің оқиға болған жерден басқа жерде болғандығын көрсететін мəлімет /факт/. 
Белгілі уақытта, белгілі жерде қылмысты тергеу кезінде орындаушының қатысуын 
ұйғарып, алиби дəлелдеуге жатады. /мыс., ұрлық, кісі өлтіру, тонау жəне т.б. қылмыстар/. 


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-методикалық кешені Бет 14 Барлығы 
30
адамның анатомиялық белгілері
(Анатомические признаки человека) – криминалистік 
техника бөліміндегі криминалистік габитоскопияның элементтерінің бірі. Адамды 
идентификациялауға, хабар-ошарсыз кеткен адамды жəне қылмыстыққудалаудан бой 
тасалап жүрген қылмыскерлерді іздестіруде анатомиялық белгілері қолданады. 
Бейнелеуде қолданылатын элементтер кезектілігі: бойы, дене бітімі, басы, шашы, бет-
əлпеті толығымен, шекесі жəне т.б. сипатталады. Бұл элементтердің əрқайсысы 
геометриялық көзқараспен – пішіні, көлемі/мөлшері/, күй-жайы, түсі жəне ерекшелігі 
бойынша сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет