Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-методикалық кешені Бет 19 Барлығы
30
жартылай қолдан жасау
(Частичная подделка) – құжаттарды техникалық-криминалисттік
зерттеуде құжаттың мазмұнына тазарту, күйдіру, жуу, қосып жазу, қосып басу,
парақтарды, суреттерді ауыстыру, қандай да бір фрагменттерді жабыстыру арқылы
өзгерістер енгізу ретінде түсініледі.
жалпақ клише(
Плоское клише) – мөртаңба жəне таңба оттискілерін қолдан жасау
тəсілдерінің бірі. Мұндай клишеде басушы жəне аралық элементтер бір кеңістікте жатады.
Ж.к.-ні жасауды қылмыскерлер шынайы оттискілерден сурет салу немесе көшірме жасау
жолмен жүргізеді.
жолшы белгілер(
Сопутствующие признаки) – адамның бейнесін суреттеудің, яғни
ауызша суреттеу элементтерінің бірі. Ж.б-ге іздестіріліп жатқан қылмыскерлердің немесе
танылмаған өліктің киген киімін, аяқ киімін, көзəйнектің белгілерін жəне басқаларын
жатқызады. Құқық қорғау органдары тəжірибесінде қолданатын терминонлогия, адам
бейнесінің меншіктік белгілері де унификацияланған.
Достарыңызбен бөлісу: