Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі


есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот



Pdf көрінісі
бет33/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55
есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот 
сараптамасы
(Судебная экспертиза наркотических средств, психотропных веществ и 
прекурсоров) – құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіруге, жинауға жəне 
дайындауға, есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды əзірлеуге, 
дайындауға, өңдеуге, алып келуге, алып шығуға, транзиттеуге, жөнелтуге, сатып алуға
сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға байланысты ҚР заңдарын бұза отырып жүзеге 
асырылатын қызмет түрлері – олардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істер 
бойынша тағайындалатын сараптама. 
жезбекті кілт
(Отмычка) – қандай да болсын құлыпты жəне басқа да жабқыш 
механизмдерді ашуқа икемделген аспап. Көбінесе қылмыс жасау үстінде бұзу құралы 
есебінде пайдаланылады. 
жұмыс кезеңі
(Рабочий этап) – дайындық кезеңінен кейін жүргізіледі. Тергеудің бұл 
кезеңінде – оқиға болған жерді қарау, жауап алу, тінту жəне т.б. тергеу əрекеттерін 
жүргізе кезінде жоспарланған мəселелер шешіледі. Ж.к. шартты түрде əртүрлі сатыларға 
бөлінеді.
жәрдемдесушілік
(Субсидиарность) – қоғамдық қауіпіздік жəне тəртіп қағидасы. 
жеке белгілер
(Частные признаки) – бұл арқылы объектілердің өзіндік тепе-теңдігі, 
сəйкестігі анықталады. 
жергілікті аумақты шолып шығу
(Прочесывание местности) – қылмыскерді ұстау
өлікті, хабар-ошарсыз кеткен адамды, айғақтық заттың ізін іздеу мақсатымен қандай да 
бір кеңістікке мұқият тексеру жүргізу.
жоспар
(План) – тергеу үстінде пайда болып, тергеушінің белгілі бір мəселені шешуге 
бағытталған жүйелі пікірі. Ж-дың түрлері: перспективті, кезекті, схемалық, жеке, нақты 
бір іс бойынша жəне тергеушінің өндіріс үстіндегі барлық істері бойынша құрама жоспар.
жылжымалы 
криминалисттік 
зертхана
(Передвижная 
криминалистическая 
лаборатория) – тергеу əрекеттерін жүргізу үшін арнайы автокөлік ішінде орналасқан 
ғылыми-техникалық құралдардың жиынтығы. Негізінен оқиға болған жерді қарау кезінде 
қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет