Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі


жеке адамды белгілері бойынша іздеу және ұқсастыру



Pdf көрінісі
бет10/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55
Байланысты:
Глоссарий

жеке адамды белгілері бойынша іздеу және ұқсастыру
– іздеудегі адамды даралайтын 
статикалық, динамикалық жəне геномдық белгілері бойынша, сондай-ақ сөзбен сипаттау 
портреті жəне адамды жеткілікті ықтимал дəрежеде тануға мүмкіндік беретін басқа да 
тəсілдер көмегімен табуға жəне сəйкестендіруге бағытталған ұйымдастырушылық жəне 
нысаналық-практикалық іс-əрекеттер жиынтығы;
енгізу 
– жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның қызметкерін не онымен 
бірге қызмет істеп жүрген құпия көмекшіні жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу 
үшін жедел қызмет мүдделі болып отырған объектінің төңірегіне жасырын енгізу; 
жалпы жедел-іздестіру іс-шарасы
– жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы 
органдардың осы қызметтің міндеттерін шешуге бағытталған, бірыңғай тактикалық, 
стратегиялық ой-ниетпен байланысқан іс-əрекеттерінің жиынтығы; 
жедел есепке алу ісі
– жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган жүргізетін 
оқшауландырылған іс жүргізу;
жедел кіру
– тұрғын жəне басқа да үй-жайларға, ғимараттарға, құрылыстарға, көлік 
құралдарына, жергілікті жердің учаскелеріне оларды тексеру мақсатында, сондай-ақ 
жедел-іздестіру қызметінің өзге де міндеттерін шешу үшін жасырын кіру;
жедел сатып алу
– ықтимал қылмыстық əрекет туралы ақпарат алу мақсатында, жедел-
іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның хабардар болуымен жəне оның 
бақылауымен тексерілетін адамнан тұтыну немесе өткізу мақсатынсыз ақылы түрде заттар 
сатып алынатын жалған мəміле ахуалын орнату; 


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-методикалық кешені Бет 6 Барлығы 30
жедел-іздестіру қызметі
– адамның жəне азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, 
бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті қорғау, шет мемлекеттер мен 
халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерінің қылмыстық қол сұғуынан, сондай-ақ 
барлау-бүлдіру əрекетінен қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
мақсатында 
жедел-іздестіру 
қызметін 
жүзеге 
асырушы 
органдар 
Қазақстан 
Республикасының Конституциясына, осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де 
нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес жүзеге асыратын жария жəне жасырын жедел-
іздестіру, ұйымдастыру жəне басқару іс-шараларының ғылыми негізделген жүйесі; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет