Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі


Тергеушінің профилактикалық қызметі



Pdf көрінісі
бет17/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
Тергеушінің профилактикалық қызметі
– процессуалдық нысанда да, процессуалдық 
емес нысанда да жүзеге асырылатын қылмысты ескерту бойынша тергеуші қызметі. 
Криминалистикалық тіркеу
– қылмысты тергеу, ескерту жəне ашу үшін қолданылатын 
белгілі бір ақпарат тасушы объектілердің криминалистикалық тіркеуінің бірыңғай түрлері 
жүйесі. 
Тергеулік жағдай
– аталған сəтте қылмыс тергеуі жүзеге асырылып жатқан 
жағдайлардың жиынтығы. 
Тергеулік әрекет
– дəлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау жəне қолдану бойынша 
заңмен көзделген процессуалдық əрекет. 
Тергеулік чемодан
– қарау өндірісі кезінде дəлелдемелермен жұмыс жəне өзге тергеу 
əрекеттері үшін қажетті техникалық-криминалистикалық жəне өзге де заттар 
жиынтығы(приборлар, материалдар, құрал-саймандар, қажеттіліктер). 
Қылмыс ізі
– осы айналада қылмыс жасау нəтижесінде пайда болған кез-келген ортаның 
өзгеруі. 
Қылмыс құрамы
қылмыстық заңмен қаралған, жасалынған əрекетті(əрекет немесе 
əрекетсіздік) қылмыстың нақты түрі деп сипаттайтын құбылыстар жиынтығы; қылмыстық 
жауапкершіліктің қажетті негізі. 
Қылмыс тәсілі
– элементтері болып қылмысты дайындау, ұйымдастыру мен жасау 
табылатын жиынтық ұғым. 
Қылмысты жасау тәсілі
– қоршаған орта жағдайлары жəне тұлғаның 
психофизиологиялық сипаттарымен үйлестірілген қылмысты дайындау, ұйымдастыру мен 
жасау бойынша əрекеттер жүйесі. 
Тактикалық комбинация
– тактикалық амалдар мен тергеу жəне нақты тергеулік 
жағдаймен біріккен өзге де əрекеттердің нақты бір үйлесімі. 
Тактикалық шешім
– тергеу жағдайына толықтай немесе оның құрамдас бөліктеріне
тергеу үрдісі жүрісіне жəне нəтижесіне, оның элементтері мен нақты əдістеріне, мақсатқа 
жету заттары мен амалдарына тактикалық əсер ету нүктесін таңдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет