Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі


автоматтандырылған информациялық іздестіру жүйесі



Pdf көрінісі
бет24/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55
автоматтандырылған информациялық іздестіру жүйесі 
(автоматизированная 
информационная поисковая система) – криминалистикада жəне өндіріс тəжірибесінде 
компьютерлік технологияны қолдану /енгізу/ мүмкіндігі- тергеу процесіндегі басқару 
мəселелерін шешуде төмендегідей əр түрлі жүйе қолданылады: 
-
тергеуші топ құрамының есебін, тергеудегі істің қысқаруы мен тоқтау мерзімін 
жəне т.б. бақылау /тексеру/ жүйесі; 
-
сотталған, хабар-ошарсыз кеткен адамдар, танылмаған мəйіттер, қылмыс жасау 
əдіс-тəсідері, қылмысты жасауда қолданылатын қару-жарық жəне т.б. қылмыстың ізі 
жайында информациялық /ақпараттық/ мəліметтер алу жүйесі; 
Құқық қорғау органдары жұмыстарының мүлтіксіз орындалуы үшін А.и.і.ж. белсенді 
түрде жетілдіру қажет.
атиптік тергеу жағдайы
(Атипичная следственная ситуация) – нақты тергеу жағдайынан 
көрініс табады. Атиптік жағдайға – оқиға боған жерден, айналадағы ортадан табылған, 
қылмыскерден алынған құралдар мен т.б. қылмыстың типтік емес белгілерінің болуы тəн.
аггравация
(лат.aggravatio – отягощение) - өзінде бар аурудың дəреже белгілерін асыра 
айту. Қасақана немесе абайсыздан болуы мүмкін. 
атиптік атыс қаруы
(Атипичное огнестрельное оружие) – белгілі бір ережеден, нормадан 
ауытқу. Тапанша, револьвер, мылтық, автомат, винтовка қару түрлерінің функционалды 
белгілерін анықтайтын негізгі бөлігі (оқпан, соқпалы-шаппа механизмі, патронник, 
магазниннің жəне т.б.) стандартқа сай келмеуі. Тергеу тəжірибесінде – автоқалам, 
қолшатыр, консервілік банкі түріндегі жəне т.б. атиптік қару-жарақтар кездеседі.
ассоциация 
- өтіп кеткен мəн-жайларды еске түсіру жəне сақтау құбылыстарының бірі. 
Жауап алу тиімділігі үшін тергеуші міндетті түрде адамның есте сақтау қабілетінің 
қалыптасу сипатын анықтап білуі қажет. Кейбір тактикалық əдістер əртүрлі 
ассоциациялық байланыстарды /уақыт, кеңестік, контраст бойынша жəне т.б./ пайдалану 
негізінде құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет