3. Негізгі ұлпа. Өсімдіктердің барлық мүшелерінде кездесетіндіктен негізгі ұлпа деп аталады. Барлық ұлпалардың ішінде де болады. Жасушалары тірі, пішіндері атқаратын қызметіне қарай домалақ, цилиндр, эллипс тәрізді әр түрлі. Жасуша қабықшасы жұқа, цитоплазмасы қабықшаны астарлай орналасады. Жасушааралық кеңістіктері өте кең болады. Атқаратын қызметіне байланысты негізгі ұлпалар – фотосинтездеуші, қор жинаушы, су жинаушы, ауа жинаушы деп бөлінеді.
Фотосинтездеуші ұлпа жасушаларының қабығы жұқа, жасушааралықтары кең, хлоропластары көп болады. Хлоропластары бір-біріне кедергі жасамайтындай белгілі ретпен орналасады. Бұл ұлпада өсімдікті органикалық заттар және энергиямен қамтамасыз ететін фотосинтез реакциясы жүреді. Қор жинаушы ұлпалар өсімдік сабағында, пиязшығында, жапырағында, жемтамырында, тамырсабақта кездеседі. Қор жинаушы ұлпада нәруыздар, көмірсулар, майлар және т.б. артығы қорға жиналады. Энергияға бай қосылыстар өсу кезінде қорға жиналып, өсімдіктің өсуі мен дамуына жұмсалады.
Су жинаушы ұлпаның жасушаларының қабығы қалың, ірі болады. Вакуолінде желімтек, созылғыш заттар бар, ол ылғалды сақтап тұрады. Су жинаушы ұлпа шырынды (кактус, бозкілем, семізот, алоэ, агава) және сортаң (тұзы көп) жерде өсетін өсімдіктерде (сораң, сарсазан) болады. Алоэ суды шырынды жапырағына, кактус өркеніне (сабағына) жинайды.
Жасушалар арасындағы кеңістіктер ауаға толы болады. Іші ауаға толы жасушалар әсіресе сулы және батпақты жерде өсетін өсімдіктерде кездеседі. Олар ұлпаларды оттегімен қамтамасыз етеді. Су өсімдіктерінің жапырақтарын көмірқышқыл газымен байытып, суда қалқуын жеңілдетеді.
4. Тірек ұлпасы жасушаларының қабығы қалың, қатты, өсімдіктің сабақтарында, жапырақтарында, жемістерінде болады
2. Эпидерма (эпидермис, өң) — өсімдіктің барлық жас мүшелерінің сыртын қаптап, көбінесе бір қабат жасушалардан (өте сирек жағдайда екі немесе көп қабатты болады) құралатын жасушалар жиынтығы, тұқым ұрығы жетіле бастағанда-ақ түзуші ұлпадан дамиды.
Жасуша пішіндері әр түрлі, мөлдір, бір-бірімен өте тығыз жанасқан, ал қабықшалары түзу, тегіс, ирек-ирек (қысымды бірқалыпты сақтап, беріктік қасиет береді) болады. Цитоплазмасы қабықшаны астарлай созылып жатады. Ядросының айналасында лейкопластар, жасушасының дәл ортасында үнемі вакуольі болғандықтан эпидермис түссіз, мөлдір болып көрінеді. Кейбір су өсімдіктері мен папротниктердің өңінде майда хлорофилл дәндері болғандықтан жасыл, ал қызыл қауданды орамжапырақтың өңі жасуша шырынында болатын пигментке байланысты күлгін түсті болады. Өң жасушаларының қабықшасы сыртқа қараған жағы қалың және саңылаулары болмайтындықтан шаңдақ зат (кутикула) жауып тұрады. Ол ылғалы тапшы жерде өсетін өсімдіктердің суға батып тұратын бөлімінде шандақ зат қабықшасы жұқа, әрі саңылаулары болатындықтан басқа жасушалармен байланысып зат алмасуға қатысады. Эпидермисте пішіні мен құрылысы әр түрлі көптеген өсінділер, яғни түктер дамиды. Түктер бір және көп жасушалы, жай, күрделі, өлі және тірі болады.
Начало формы
3. Тоз — Эпидермис өсімдікте бірнеше айдан 2-3 жылға (омела өсімдігінде 15 жылға дейін сақталады) дейін сақталып қорғаныштық қызметін атқарады. Ол түлеп түскен соң түзуші ұлпа жасушалары бөлініп, өте берік, жасушааралық кеңістіктері болмайтын және жасушалары өте тығыз кірпішше қаланып жататын жаңа ұлпа, яғни тоз пайда болады. Мұны әсіресе ағаш пен бұта өсімдіктері діңдері қабығының қоңырқай түске ене бастағанынан байқаймыз.
4. Өткізгіш Ұлпалар өсімдік денесінде суды, минералдық, органикалық заттарды тасымалдау және органдарды біртұтас жүйеге біріктіру қызметін атқарып, өсімдіктерде түтікті талшықты шоқтарға жинақталады. Сондай-ақ жасушалар жиынтығынан (шірнеліктер, безді талшықтар) немесе дара жасушадан (идиобластар) тұратын секреттік ұлпалар болады. Ұлпаның сапалық өзгешеліктері жасушадағы гендердің ерекше ырықтылығына негізделген. Ұлпа құрамындағы кез келген жасуша оның геномында тұтас организмнің дамуы жөніндегі ақпарат болатындықтан, бүтін органның немесе организмнің бастамасы бола алады. Бірақ бұл қасиеттің жүзеге асуы фитогормондардың, метаболиттердің және олардың физикалық, химикалық жағдайларының өзара үйлесімдігіне тығыз байланысты. Ұлпаның даму жолдарын зерттеуде жасушаларды іn vіtro жағдайында өсіру арқылы жүргізу ядродағы генетикалық бағдарламаны толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ұлпа түрі
Клетка пішіні, оладың жалғасу түрі
Қабықшасының қалыңдауы (біркелкі, біркелкі емес
Клетка қабықшасының химиялық құрам
Кездесетін мүшелер
Түзшуі ұлпаның қай түрінен пайда болад
Қызметі(негізгі және қосымша
Түзуші
Жасушаларының пішіні төрт бұрышты, изодиаметрлі, көп қырлы, кейбіреулері жіңішке ұзын болып келеді.
жасушалардың қуысын цитоплазма толтырып тұрады, оның ортасында үлкен ядро орналасады, үлкен вакуольдері болмайды, жасуша қабықшасы өте жұқа болып келеді және алғашқы қабықшадан тұрады
Меристемалық ұлпалардың өзіне тән цитологиялық ерекшеліктері бар. Олар тығыз болып орналасқан тірі жасушалар тобынан тұрады.
Түріне қарай түзуші ұлпалар өсімдіктің әр жерінде (сабақ, тамыр ұшында, жас жапырақтың негізінде және т. б.) кездеседі.
Түзуші ұлпалар пайда болуына байланысты алғашқы және соңғы меристемелар деп бөлінеді
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жануарлардан басты айырмашылығы сол, олар өмірінің соңына дейін өсуін тоқтатпайды және жаңа мүшелер (органдар) түзіп отырады.
Жабындық
Жабын ұлпа өң, тоз, қыртыс деп бөлінеді.
Жабын ұлпа өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды.
Шығу тегіне байланысты жабындық ұлпаларды екі типке бөледі: 1) алғашқы жабындық ұлпа, 2) соңғы жабындық ұлп
Алғашқы жабындық ұлпаларға эпидерма (эпидермис) және эпиблема, ал соңғы жабындық ұлпаға тоз, қыртыс жатады
Түзуші ұлпа сабақпен самырдың ең ұшында болады. Тек түзуші ұлпаның жасушалары ғана бөлінуге қабілетті.
өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды.
Өткізгіш
Жасушаларының пішіні әр түрлі, ұзынша.
Жасушааралық перделері мен қабырғаларында сүзгі тәсілді ұсақ тесіктері болады.
жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшелеріне, сабаққа, жеміске, тұқымға енгізеді.
. Өсімді мүшелерінің әр жерінде шашыранды болып жатса да, барлық мүшесінде тамыр, сабақ, гүл, жеміс, тұқымдарда кездеседі
Тамырдың сорып алған минералды тұздарының судағы ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізеді.
Топырақтан тамырдың сорып алған минералды заттарының ерітіндісі жер үсті мүшелеріне жеткізіледі
Негізгі ұлпалар
Жасушалары тірі, пішіндері атқаратын қызметіне қарай домалақ, цилиндр, эллипс тәрізді әр түрлі.
Жасуша қабықшасы жұқа, цитоплазмасы қабықшаны астарлай орналасады.
Зат алмасу нәтижесінде түзілген нәруыз, көмірсулар, майлар қорға жиналады
Өсімдіктердің барлық мүшелерінде кездесетіндіктен негізгі ұлпа деп аталады.
. Тірі жасушалардан тұрадыҚоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып, негізгі ұлпа дейді
Атқаратын қызметіне байланысты негізгі ұлпалар – фотосинтездеуші, қор жинаушы, су жинаушы, ауа жинаушы деп бөлінеді.