Тортәрізді немесе диффузиялы



Дата23.01.2023
өлшемі0,6 Mb.
#62529

Нерв жүйесінің филогенезі
Қарапайым бір жасушалы амебада нерв жүйесі болмайды, олардың сыртқы ортамен арақатынасы гуморалдық жолмен іске асады.

  1. Нерв жүйесі дамуының бірінші сатысында - ең қарапайым нерв жүйесі ішекқуыстыларда (гидрада) пайда болып, тортәрізді немесе диффузиялы құрылым түзеді: жасушалар өзара көптеген өсінділер арқылы байланысып тұрады.



  1. Филогенездің келесі екінші сатысында нерв жүйесінің түйіндік түрі пайда болады.Нерв жасушалары жиналып түйіндер түзеді, бұл түйіндер бір – бірімен бойлық және көлденең орналасқан нервтер арқылы байланысады. Нерв жүйесінің бұл түрі сегменттік құрылымды организмдерге

(омыртқасыздарға – сақиналы құрттарға) тән. Көлденең орналасқан нервтер бір сегменттің түйіндерін, бойлық нервтер көршілес сегменттердің түйіндерін байланыстырып тұрады.


  1. Нерв жүйесі дамуының үшінші сатысында түтікті нерв жүйесіпайда болады. Нерв жүйесінің бұл түрі хордалылықтарға, соның ішінде адамға да тән. Олардың нерв түтігінің тұлғалық бөлігі жұлынды түзеді. Нерв түтігінің бас жағы жуандап ми дами бастайды (дөңгелекауыздыларда). Барлық бассүйекті жануарлар миында үш: ромбтәрізді (артқы) ,ортаңғы және алдыңғы көпіршіктер түзіледі.Осылардың ішінде ромбтәрізді мидың дамуы басым болады. Себебі (төменгі сатыдағы балықтарды) көпір мен мишықта есту және тепе- теңдік сақтау орталықтары пайда бола бастайды. Эволюция барысында ромбтәрізді ми сопақша ми, myelencephalon, және көпір мен мишықтан тұратын артқы миға, metencephalon, бөлінеді. Сопақша мида өмірлік маңызды тыныс алу, ас қорыту, қанайналымды реттейтін орталықтар пайда болады. Осыған орай сопақша мида X жұп, кезбе нервтің, n.vagus, ядролары дамиды. Сондықтан сопақша мидың зақымдануы өлімге әкеліп соғады.

Көру рецепторының дамуы ортаңғы мидың дамуына әсер етеді, мидың бұл бөлігінде қыртыс астылық көру және есту орталықтары пайда болады.
Құрлықтағы жануарлардың иіс сезу қызметіне байланысты алдыңғы мидың құрамында иіс сезу миы, rhinencephalon , дамиды.
Филогенездік даму барысында алдыңғы ми көпіршігі екі бөлікке: соңғы ми, telencephalon , және аралық миға , diencephalon, бөлінеді. Нәтижесіндесоңғы ми, аралық ми, ортаңғы ми, артқы ми және сопақша ми деп аталатын 5 ми көпіршіктері пайда болады. Кейінгі даму кезеңдерінде соңғы мидың дамуы басым болады да, амфибия, рептилий және құстарда қарапайым ми қыртысы қалыптасады. жауып жатады.

Даму барысында мидың барлық бөліктерінің құрылымы жетіле, күрделене түседі. Сүтқоректілерде соңғы мидың күшті дамуына байланысты,ол,мидың басқа бөліктерін жамылғы ( pallium) түрінде жауып жатады.Даму барысында мидың барлық бөліктерінің құрылымы жетіле,күрделене түседі.Соңғы мида сезімталдықтың барлық түрлерінің орталықтары пайда болады. Яғни, мидың дамуы барысында, оның төменгі бөліктерінде пайда болған сезімталдықтың орталықтарына сәйкес орталықтар, мидың жоғарғы бөліктерінде де пайда болады. Мысалы, есту орталығы алғаш рет артқы мида дамыса, одан кейін ортаңғы, аралық және соңғы миларда пайда болады. Бұл жағдайда сезімталдықтытың мидың төменгі бөліктерінде орналасқан орталықтары бағынышты қызмет атқарады.
Еңбек ету қызметі мен сөйлеу қабілеттерінің дамуына байланысты адамның ми қыртысы дамудың ең жоғары сатысына көтеріліп,организмнің саналы қызметін қамтамасыз ететін ағзаға айналды.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет