2. Еріктік әрекеттерді талдау
Еріктің амал кезеңдері.Ерікті әрекеттер мен амалдар — мәнісі мен құрылымы жағынан өте күрделі процесс. Бұл әрекет бірнеше кезеқдерден не сатылардан тұрады. Сол сатылардың ретін мынадай сызбамен көрсетуге болады:
Ерікті амал кезеңдері бұл мәселенің мәнін психологиялық тұрғыдан ашып көрсетеді. Әрбір ерікті әрекетте белгілі мақсат бар. Адам қандай да болмасын белгілі бір істі орындау, өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өз жағдайын соған бейімдейді. Бұл- алға мақсат қойып, соған ұмтылу, яғни мақсатты әрекет немесе не себептен адам осындай қажеттілікті орындауға тиіс, ол не үшін кажет деген тілек білдіру. Содан кейін осы тілекті орындаудың жолдары мен әдіс-амалы іздестіріледі. Олардың ішінен аса қажетті және маңызды дегені таңдап алынады. Айталық, мамандықты өзгерту керек, не экспедицияға бару керек болады. Бұл кезеңде адам алдына қойған мақсатын тек қалап қана қоймай, оның мәнін түсінеді, ақыл-ой талқысына салады. Сөйтіп, оған қалайда жетуге әрекеттенеді. Бұл — ерікті әрекеттің интеллектуалдык кезеңі.
Нағыз ерікті әрекет адамның алға қойған мақсатына жету үшін белгілі тоқтамға келіп, шешім қабылдауынан көрінеді. Бұл да — жауапты кезең. Мұның өзіндік психологиялық сипаты бар. Бүгінде ерікті амалдағы шешімге келу кезеңі психологияның ғана емес, экономикалык, әлеуметтік ғылымдардың да зерттейтін объектісіне айналып отыр.
Шешімдердің бөліну теориясы. Ғылым бұл теорияның маңызын зерттеумен ғана шектеліп қалмай, оны математикалық электронды есептеу машиналарына да бейімдеді. Бұл теория көптеген проблемалық мәселелердіц тетігін табуға, соның ішінде тәуекел проблемасының дәрежесін зерттеуге де пайдаланылуда. Кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, шешімдердің бөліну теориясы адамдар мен ұйымдардың күрделі мәселелерді тиянақты шешіп отыруға ұйытқы болатынын ерекше атайды. Сондықтан бұл теория өндіріс орындары мен шаруашылық мекемелерінде, ғылыми бірлестіктерде және мемлекеттік орындарда, жоспарлаушы ұйым істерінде кеңінен қолданылады.
Ерік — қайратының күшеюі мен талпыну тек шешім қабылдау барысында ғана емес, оны орындау кезінде де әр түрлі ауытқу мен уайымға ұшыратуы мүмкін. Бұл ретте сыртқы кедергілерді жою.қажет болады. Мысалы, талапкердің күндегі әдеті бойынша серуенге шықпай, режимін бұзып, емтиханға даярлануы. Алға қойған мақ-сатқа жету үшін адам өз мінезіндегі бұрыннан қалып-таскан мүддесін, сенімін, өзін-өзі бағалай білуін, ерік-қайрат қасиеттерін талдап, оларға бақылау жүргізе білуі керек. Мұндай әрекет адамның еркін білдіретін психологиялық сапа болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |