Ерік күші. Еріктік әрекет азды-көпті қиналу жағдайында өтеді. Осындай жағдайда ерік күші көрініс береді. Ол мақсатты орындауға немесе одан бас тартуға жүмсалған қуат көлемімен сипатталады. Мысалы, бір оқушы үшін математикадан үйге берілген тапсырманы орындауға үлкен күш жұмсаудың керегі болмайды, ал екінші оқушыға тапсырманы орындау үшін біраз еңбектеніп,,«терлеуге» тура келеді. Бірінші және екінші жағдайда да күш жұмсалады, бірак олардың шама-шарқы әр түрлі. Ерік күшін жүмсаудың әр түрлі дәрежеде болуы барлық іске даярлығы да, құлқы да бірдей болмағандықтан бір адамның өзінің бойында да кездесе береді.
Ерік күшін жүмсау еріктік әрекеттің мақсатты аңғару, шешім қабылдау, тәсіл таңдау және шешімді практика жүзінде орындау сияқты ерік актыларының бәрінде де бар. Бірақ ол киыншылықтарға байланысты туады. Кедергілер санада бейнелене отырып, қиындық жағдайларды туғызады, одан қиындықты жеңуден бас тарту, яғни мақсаттан бас тарту, немесе ерік күшін жүмсай отырып, практикалық әрекетпен жеңу арқылы ғана қү-тылуға болады. Қиындық барлық ,кезде де бір-біріне сай келетін толғаныс пен ерік күшін туғыза бермейді. Кейде шын "мәнісінде шағын, болмашы кедергілердің өзі көп толғануды едәуір ерік күшін жүмсауды керек етеді. Мысалы, жас бала таныс адамдардан барып керекті нәрсені сүрап алғысы келмей, тартыншақк-тайды. Бұл, әрине, жай ғана әрекет. Оңай болғанымен ол алда түрған кездесу, сөйлесу кезіндегі кеңіл күйінен, «бермей қояр ма екен» чдеген күдіктен туатын, психологиялық кедергіні, ұялуды жеңу үшін, едәуір ерік күшін талап етеді. Бұл жерде қиындықтардан туатын субъективті кеңіл күйі іс жүзіндегі нақты кедер-гілерге сай келмей отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |