Жартылай өнімдер – өндірістің бір немесе бірнеше сатыларынан өңдеуден өткен, бірақ дайын мақсатты өнім ретінде тұтынылмаған зат.
Жартылай өнімдер– өндірістің бір немесе бірнеше сатыларынан өңдеуден өткен, бірақ дайын мақсатты өнім ретінде тұтынылмаған зат.
Жанама өнімдер – өңдеу кезінде мақсатты өніммен қатар алынатын, бірақ берілген өндірістің көздегеніне жатпайтын өнімдер.
Өндіріс қалдықтары– өндіріс кезінде пайда болатын өзінің қажетті сапасын толықтай немесе жартылай жоғалтқан шикізаттың, материалдардың және жартылай өнімдердің қалдығы.
Жартылай өнімдер, жанама өнімдер және өндіріс қалдықтары алдын ала өңдеуден өткен соң басқа өндірістер үшін шикізат болуы мүмкін
Химиялық өндірістің шикізаттарына тау-кен, мұнай, газ, коксохимия, орман және целлюлоза қағаз өндірістерінің, қара және түсті металлургияның өнімдері жатады.
Шикізаттың жіктелуі
Соңғы өнімге өңдеу сатыларының санын азайту;
Химиялық-технологиялық процестерде қолданылатын шикізат келесі талаптарды қанағаттандыру керек:
Соңғы өнімге өңдеу сатыларының санын азайту;
Шикізатты химиялық өзгеріске дайындауға және процесті жүзеге асыруға энергетикалық, материалдық шығындарды аз жұмсау;
Бастапқы энергияның максималды шығынсыз жұмсалуы;
Әрекеттесуші заттардың агрегаттық күйінің өзгеруіне төмен температура, қысым және аз энергия жұмсау;
Реакциялық қоспада мақсатты өнімнің концентрациясын арттыру.
Шикізаттың агрегаттық күйі негізінен оның тасымалдану жəне өңдеуге дайындау əдістерін анықтайды. Жер қыртысынан өндірілетін шикізат құрамында мақсатты компоненттен басқа пайдасыз (бос жыныс) жəне зияндыбөгде заттар болады. Көп жағдайда зиянды бөгде заттардың мөлшері жоғары болғандықтан, шикізатты байыту үдерісі жүргізіледі.
Шикізаттың агрегаттық күйі негізінен оның тасымалдану жəне өңдеуге дайындау əдістерін анықтайды. Жер қыртысынан өндірілетін шикізат құрамында мақсатты компоненттен басқа пайдасыз (бос жыныс) жəне зияндыбөгде заттар болады. Көп жағдайда зиянды бөгде заттардың мөлшері жоғары болғандықтан, шикізатты байыту үдерісі жүргізіледі.
Байыту операциясы– шикізатты өңдеуге жұмсалатын шығынды азайту, өнімнің сапасын жақсарту жəне шикізатты өндіріске тасымалдауға жұмсалатын шығынды азайту үшін қажет.
Байыту нəтижесінде құрамында пайдалы заттардың мөлшері аз шикізаттың орнына концентрленген шикізат алынады. Байытылған шикізатты қолдану барысында шикізаттың химиялық өзгеру жылдамдығы жоғарылау нəтижесінде өнімнің өзіндік құны төмендейді, сапасы, техникалық үдерістердің интенсивтілігі артады, отын шығыны төмендейді.
Байытуға қатты материалдар – əртүрлі тау жыныстары; сұйық материалдар – ерітінділер; газдар ұшырайды. Олар шикізат компонентінің физикалық, химиялық, физикалық-химиялық қасиеттерінің əртүрлігіне негізделген.