Шикізатты өңдеуге дайындау Шикізатты байыту – концентраттағы негізгі компоненттің мөлшерін арттыру
және бос жынысты бөлу үшін минералды шикізатты өңдеудің физикалық және физикалық-химиялық әдістердің жиынтығы.
Шикізатты байыту принциптері:
Гравитациялық байыту
Электрмагниттік байыту
Электростатистикалық байыту
Флотация
Термиялық байыту
Химиялық байыту
Сұйық материалдарды байыту
Газдарды байыту
Экстракция
Шикізатты байыту
Гравитациялық байыту (ылғалды және құрғақ) ауа немесе сұйық ортада ұсатылған заттардың бөлшектерінің төмен түсу жылдамдығының бөлшек тығыздығына немесе бөлшек мөлшеріне тәуелділігіне негізделген.
Гравитациялық байытудың сызбанұсқасы 1-араластырғышы бар бак; 2-тұндырғышы бар камера; (І - ІІ) гидравитациялау (ылғалды)
Электрмагниттік байыту - ұсатылған заттардың магнитке тартылу қасиетіне негізделген.
Электрстатистикалық байыту - ұсақталған шикізат құрамындағы әртүрлі бөлшектердің электр өткізгіштігінің өзгешіліктеріне негізделген.
Флотация - физика-химиялық байыту әдісі, әрі көп қолданылатын әдіс.
Aуа араластырғышы бар флотациялық машина 1-резервуар; 2-бөлгіш; 3-ауалы түтік; 4-концентратты қабылдайтын ыдыс
Көптеген кендер минералдарының гидрофобтық немесе гидрофильдік қасиеттері бір-біріне жақын (айырмашылықтары өте аз), оларды бір-бірінен жеке бөліп алу үшін суланғыштық қабілетін өзгерту керек. Осы мақсатпен флотация процесін жүргізгенде пульпаға флотореагенттер қосады.
Флотореагенттер атқаратын міндетіне байланысты үш топқа бөлінеді: коллекторлар (жинаушы), көбік түзушілер, депрессорлер (басу, кеміту, төмендетушілер).
Термиялық байыту - ұсатылған шикізат құрамындағы компоненттердің балқу температураларының айырмашылығына негізделген. Мысалы: гипс құрамындағы сап күкірт шикізаты 150-200 о С қыздырғанда элементарлы күйінде бөлінеді.
Химиялық байыту - шикізат құрамындағы компоненттердің химиялық реагенттермен әрекеттесулерінің айырмашылығына негізделген. Химиялық реакциялар нәтижесінде қоспа құрамындағы компоненттер тұнбаға тұнуы, газға айналуы, балқыған күйінде т.б. құбылыстарға ұшырауы мүмкін.
Сұйық материалдарды байыту. Сұйық материалдарды байыту келесі әдістерге негізделген: еріткішті буландыру, ерітіндіге пайдалы компонентті үстемелеп қосу, ерітіндіден бөгде заттарды тұнбаға түсіру немесе оларды газ күйіне ауыстыру (бөгде заттарды буландыру - десорбция).
Газдарды байыту-белгілі бір газды бөліп алу олардың қоспа құрамындағы газдардың қайнау, сұйыққа айналу температураларының, ерігіштігінің айырмашылығына негізделген.
Газдардың конденсациялану температураларының әртүрлілігіне негізделген әдіс – фракциондық конденсация деп аталады.
Газдарды байыту әдістерінің көп қолданатын екінші түрі - сорбциялық әдісі газдардың сұйыққа немесе қатты заттарға (белгілі жағдайда-төменгі температура және жоғарғы қысымда) таңдамалы сорбциялануына негізделген.
Әртүрлі заттардың қайнау температураларының айырымына негізделген әдіс ректификация.