Шикізат бұл алғашқы өндіріс немесе тауар өндіруде қолданылатын материалдар немесе заттар



бет12/15
Дата06.03.2023
өлшемі483,62 Kb.
#71805
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Пластикалық массалар дегеніміз- табиғи және синтетикалық үлкен молекулалы қосылыстар негізінде жасалатын, жоғары температура мен қысым әсерінен әр түрлі пішінге келіп, суығаннан кейін оны сақтай алатын материалдар. Пластмассаларды температураға әсеріне қарай: термопластикалық және термореактивті деп бөледі.
Термопластикалық пластмассалар- сызықтық полимерлер, олар жеңіл балқиды, қайта балқыту арқылы әр түрлі пішімге келтіруге болады. Термопласты полимерлер қыздырғанда қасиеттері біртіндеп, баяу өзгереді және белгілі бір температураға жеткенде тұтқыраққыш күйге ауысады. Балқыған термопласты суытқан кезде полимер алғашқы қалпына келеді және де мұндай өзгерістердің нәтижесінде полимердің химиялық табиғаты өзгермейді, сондықтан бұл процесті бірнеше рет қайталауға болады. Термоплаты полимер болып полиэтилен, полистирол, поликапролактам сияқты полимерлер есептеледі.


Термореактивті пластмассалар- торлы құрылымды полимерлер. Жеке молекулалы тізбектері арасында берік байланыстары бар, қиын балқиды, қайта қалпына келмейді. Термореактивті полимерлерге қыздырып артынша суытқанда бастапқы қалпына келмейтін полимерлер жатады. Мұндай полимерлердің тізбегінде бос функционалды топрары болады немесе қанықпаған байланыстары болады, сондықтан олар қыздырғанда макромолекулалар арасында химиялық байланыстар пайда болады да, олар торланған құрылымды полимер түзеді. Мұндай полимерлерге фенолформальдегидті, мочевинальдегидті полимерлер жатады.
Өнеркәсіпте тығыздығы төмен полиэтилен (ТТПЭ) (920-930 кг/м3) құбырлы реакторда немесе автоклавта этиленді полимерлеу жолымен үздіксіз әдіспен алынады.
Қазіргі уақытта ТЖоғарыПЭ өндіру үшін екі негізгі әдіс — суспензиялық және газ фазалы қолданады.
Суспензиялық әдіс бойынша ТЖПЭ кешенді металл органикалық катализаторлардың қатысуымен органикалық еріткіштің (гексан, бензин және т.б.) ортасында алынады.
26. Химиялық талшықтар өндірісі. Талшықтардың медицинада қолданылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет