Шикізат бұл алғашқы өндіріс немесе тауар өндіруде қолданылатын материалдар немесе заттар



бет11/15
Дата06.03.2023
өлшемі483,62 Kb.
#71805
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Жоғары молекулалық қосылыстар молекула массасы бойынша – үлкен(молекулалық массасы 5000нан басталып ондаған миллиондарға дейін), кіші(молекулалық массасы 1000ға дейін ) және орташа(молекулалық массасы 1000-5000 аралығында) болып жіктеледі.
Полимерлердің пішіні- сызықтық, кеңістіктік, тармақты немсе торлы.
Табиғи полимерлерден целлюлоза мен табиғи каучуктың құрылымдары сызықты екенін білесіңдер, ал синтетикалық полимерлерден капрон, төменгі қысымда өндірілетін полиэтилен сызықты болады. Тармақты құрылымды полимерлерге: крахмал, полипропилен жатады. Жүн, резеңке мен фенолформаль-дегид полимерлерінің құрылымдары кеңістік болады. Полимерлердің физикалық қасиеттері полимерлену дәрежесі мен полимердің құрылымына тәуелді болады.
Негізгі тізбектің құрамы бойынша макромолекулалар гомотізбекті және гетеротізбекті болып екіге бөлінеді.

  • Гомотізбекті полимерлердің негізгі құрамы бірдей атомдардан тұрады, қосымша тізбектің құрамы есепке алынбайды. Егер тізбек көміртек атомынан тұрса, ондай полимерлерді карботізбекті деп атайды. Мысалы, полиэтилен, полипропилен, поливинилацетат.

  • Гетеротізбекті полимерлер тізбегінде көміртегіден басқа да металдардың атомдары (оттегі, күкірт, т.б.) кездеседі.

Полимерлердің спецификалық қасиеттері екі ерекшелікке негізделген:

  • 1) байланыстың екі түрінін болуына – химиялық және молекулааралық;

  • 2) буындардың ішкі айналуына байланысты тізбектердің иілгіштігі.

ЖМҚ алудың негізгі әдістері:
Поликонденсация деп қосымша заттар бөле жүретін төмен молекулалы қосылыстардан жоғары молекулалы қосылыстардың түзілу реакциясын айтады.
Полимеризация деп төмен молекулалы заттардың (мономерлердің) қосылып, жоғары молекулалы қосылыстарды түзу реакциясын атайды.
Полиэтилен — халық шаруашылығында және медицинада өте кең қолданылатын полимер. Ол жұқа пленка, су құбыры, химиялық және медициналық аппарат бөліктерін дайындауда, ауыл шаруашылығында көкөніс пен жеміс өсіру ісінде қолданылады.
Қазіргі уақытта хирургияда келесі әдістер үшін полимерлерден жасалған материалдар кеңінен қолданылады:

  • жүрек-тамыр жүйесі элементтерінің зақымдануы;

  • сүйек пен буын элементтерін ауыстыру;

  • сіңірлерді, жұмсақ тіндерді протездеу;

  • резекцияланған (бөлінген) терілерді қосу;

  • терінің зақымдануы;

  • тістің зақымдануы;

  • хирургиялық тігістер жүргізуде

  • көру және есту органдарының зақымдалуы кезінде.

Коллаген негізіндегі заттардан коллагенді пленкалар, губкалар, жіптер, түтікшелер алуға болады. Олар жараларды, күйіктерді, пульпиттерді емдейді, тамырларға, клапандарға, трахеяға, күйік немесе травматикалық этиологияның тері ақауларын жабу үшін, Сондай-ақ сіңіргіш материал ретінде және сүйек қабықтарын толтыру үшін гемостатикалық агент пен тампон ретінде қолданылады.

  • Косметика саласында әжімдерді тарту үшін, бет терісі әсемдігін сақтау үшін қолданыс тапқан.

  • Стомотологияда тіс протездерін жасауда акрилді шайырлар кеңінен қолданыс тапқан




  1. Пластикалық массалардың жіктелуі. Пластикалық массалар өндірісі.

Пластмассалар— құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар. Пластмассалар шыны тәрізді немесе кристалды, диэлектрикалық қасиеті жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, механикалық жағынан берік болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет