Шылау сөздер, түрлері, емлесі. Одағай сөздер, түрлері, емлесі



Дата29.10.2022
өлшемі20,26 Kb.
#46080
Байланысты:
14билет


14-Билет
Шылау сөздер, түрлері, емлесі. Одағай сөздер , түрлері, емлесі.
Шылау –сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына беретін сөз табы.
Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды, ертегіні термек үшін. Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын. Бұл мысалдардағы үшін, мен, ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр. Бірінші сөйлемде үшін шылауы ермек және термек сөздеріне мақсат мәнін үстеп, ол сөздерді жазбаймын сөзіне бағындыра байланыстырып тұрса, екінші сөйлемде мен шылауы қазіргісі деген сөз бен келешегі деген сөздерді ыңғайластық мәнде бір бірімен салыстыра байланыстырып, олар сөйлемнің бірыңғай мүшесі екенін көрсетіп тұр.Үшінші сөйлемде ғана шылауы ылғи деген мезгілдік мағынадағы сөзге шектілік, күшейткіш мән үстеп тұр.

Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығы :


1) Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.


2) Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.


3) Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.Толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстейді.


4) Шылаулар түрленбейді.


Шылау сөздер дегендеріміз - ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола қол үзіп, әрі осы аталған негізгі үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айырылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер.


3 түрі бар ,олар: септеулік шылау, жалғаулық шылау, демеулік шылау.


Септеуліктер объекті мен объектінің, объекті мен предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынасты білдіру үшін қолданылады. Атау, барыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының бірін меңгеріп тұрады.

Атау

Барыс

Шығыс

Көмектес

Үшін, туралы,сияқты, шамалы,шақты, қаралы, жуық, тарта,ғұрлы, ғұрлым

Шейін, дейін,қарай,таман,салым, жуық ,тарта, таяу

Гөрі, кейін, бері, соң, бұрын, бетер, т.б

Бірге, қабат, қатар, т.б

Жалғаулықтар өзара тең бірыңғай сөздердің, бірыңғай сөз тіркестерінің жəне бірыңғай сөйлемдердің араларындағы əрқилы қатынастарды білдіреді.

Ыңғайластық

Талғаулықты

Қарсылықты

Себеп-салдарлық

Шарттық

Кезектес

Мен,бен,пен,және,тағы,әрі,да,де,та,те

Әлде,біресе,я,бірде,яки,не,немесе

Бірақ,алайда,әйтсе де, әйткенмен,сөйтсе де,

Себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті

Егер,егерде,алда-жалда

Кейде, бірде,біресе




Болмаса, не болмаса,құй,мейлі

Сонда да, дегенмен, айтпесе,әйтпегенде










Демеуліктер өздері тіркескен сөздерге əрқилы қосымша реңктер жамайтын сөздер. Демеулік


шылаулар мағыналары жағынан жеті түрге бөлінеді



Сұраулық

Күшейткіш

Нақтылық

Шектік

Болжалдылық

Болымсыздық

Қомсыну

Ма,ме,ба,бе,па,пе,ше

-ақ,-ау,-ай,-да,-де,-та,-те

Қой,ғой,-ды,-ді

Қана,ғана,-ақ

-мыс,-міс,-ау

Түгіл,тұрсын,тұрмақ

Екеш






















Одағай - сөйлеушінің шындыққа, болмысқа қатысты көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөздер


Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Одағайлар — өз алдына ерекшеліктері бар сөздер. Ал ол ерекшеліктері мыналар:

Одағай сөздердің мағыналары адамның әр түрлі сезімімен байланысты шығатын дыбыстық ишараттарды білдіреді. Мысалы: Мұны бастап жүрген кім екен, ә? (Ә. Әбішев); Япырмау,жастық деген қандай қызық? (Ғ. Сланов) дегендердердегі ә, япырмау сөздер — одағайлар.


Адамның көңіл күйі құбылмалы болатындықтан, одағай сөздердің көпшілігінің мағыналары да құбылмалы, ауыспалы демек, көп мағыналы болып келеді.
Одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелерімен грамматикалық жағынан байланыспайды, олай болса, өзі жарыса айтылған сөйлемнің мүшесі болмайды.



Түрлері




Мысалдар

Мағынасына қарай

1)Көңіл күй

Па,пәлі,қап,паһ-паһ, оһо, пай-пай,ту, әттең,тәйірі,түге, пішту




2)Ишарат

Тәйт! Қане! Жә! Тек! Моһ-моһ! Шөре-шөре!




3)Тұрмыс-салт

Ассалаумағалейкум! Уағаллейкумасаллам! Хош! Қайыр! Рақмет! Жәрәкімалла!

Тұлғасына қарай

Негізгі

Оһ, ой, әй,е,ә




Туынды

Бәрекелді, тәңір-ай , Мәссаған, Ассалаумағалейкум, Әттеген-ай

4-сыныпта сөз таптарынан үстеу, шылау мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы; одағай сөздер жəне олардың емлесі; еліктеуіш сөздер, олардың мəні мен емлесі меңгертіледі. Үстеу сөздер сөйлем ішінен таптырылады, олардың мағыналарын ажырату арқылы етістікпен байланысты түрде оқытылады. Шылау, одағай сөздерді жеке тұрғанда мағынасы жоқ сөздер ретінде таниды. Шылаулар мағынасы жағынан бірдей емес. Бірінің мағынасы дерексіз болса, бірі толық мағыналы сөздерге (үшін, қарай т.б) жуық келеді. Шылау мен одағайдың емлесі, мағына ерекшелігі, қызметі мысал арқылы меңгертіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет