әңгімеге тарттым.
қаларлықтай өткіздім.
маған қатты ұнайды.
тісін қарап, тегін емдеді.
17 шілде, 2014 ЖЫл
ӘУлИеКӨл
4
Оқырман
шығармашылығы
имандылық шапағаты
Ұлы Жаратушының пендесіне тартқан теңдессіз сыйы - қасиетті
Рамазан айы сансыз құлшылық пен дұға-тілекке толы. Бұл уақыт
жақсылық пен сауаптың сансыз еселеніп жазылар айы. Осындай
қасиетті айда Алла ризалығы үшін игі істерді мейлінше көбірек
жасағанымыз жөн.
Ауылдың абыройлы
азаматтары немесе игі бастама
- Сәресіге тұра алмай ұйықтап
қалған адам не істейді?
- Рамазан айында сәресіге
тұрмаған кісі сол күнгі оразасына
ниет етіп, ештеңе жеместен ауыз
бекітеді. Себебі Пайғамбарымыз
(с.а.у) ашура күні жаршыға бы-
лай жария етуді бұйырды: “Кім
бір нәрсе жеп қойған болса, ау-
зын күннің соңына дейін берік
етіп тәмәмдасын. Ал ештеңе же-
меген адам сол күйінше жемесін
(ораза ұстасын)!” Бұл хади-
стен түсінетініміз, ораза кезінде
сәресіге тұрмай таң атырған кісі
де сол күнгі оразасын ұстайды.
- Сәресі уақытын күн шығы-
сымен тоқтату керек пе?
- Сәресінің аяқталу уақыты
күннің шығуымен емес таң на-
мазының кіруімен есептеледі.
Әмит ишан атындағы мешіттегі
намаз кестесі бойынша таң на-
мазы кіргенге дейін ауыз бекітіп
үлгіруіңіз керек. Яғни, таң на-
мазының уақыты кірісімен ішіп-
жеуді тоқтату керек.
- Науқас адам оразада не
істейді?
- Алла тағала құлына тек күші
жететін нәрсесін ғана міндеттейді.
Өйткені, Ұлы Жаратушы Иеміз
бізге ауырлық емес жеңілдік
қалайды.
Сондықтан
Алла
ауырған адамға ораза тұтпауына
рұқсат берген. Бұл жайында
Құранда былай делінген: “Ра-
мазан айы туғанын көрсеңдер
ауыздарыңды
бекітіңдер.
Ал
кім де кім, сырқаттанса неме-
се жолға шықса (аузын ашуына
рұқсат) басқа күндері қаза етсін.
Алла сендерге ауырлық емес
жеңілдік тілейді..!” Тағы бір аят-
та: “Өз-өздеріңді қауіп-қатерге
итермелемеңдер”, - дейді.
- Рамазан айында төсек қаты-
насына түсуге бола ма?
- Рамазан айында тек күндіз
ғана, яғни ауыз берік кезінде
рұқсат жоқ. Бұл жайында Жа-
ратушы Иеміз Алла тағала бы-
лай дейді: “Сендерге оразаның
кешінде әйелдеріңе жақындасу
рұқсат етілді. (Өйткені, бір-біріңді
Ораза жайында
жиі қойылатын сұрақтар
қорғауда) олар сендерге
киім, сендер де оларға киім
іспеттісіңдер...” Аузы берік
бола тұра күндіз бұл әрекетке
әдейі барған жандар Рама-
түспегендіктен оразаны бұзбайды
деп отыр. ендеше, ем үшін
салғызатын ине мен система алу
оразаңызды бұзбайды. Алайда,
оразадан әлсіреген денеге қуат
беретін дәрі егуге аузы берік кісіге
рұқсат жоқ. Ондай дәріні тек ауыз
ашқаннан кейін ғана егуге бола-
ды.
- Сағыз шайнау оразаны бұза
ма?
- Сағыздың дәмінен ауызда
тәтті сұйықтық пайда болып, ол
асқазанға түсетіндіктен, ораза
бұзылады. Әрі бұл азық қата-
рына
жататындықтан,
бұған
кәфәрат қазасын өтеуіңізге тура
келеді. Яғни, сағыз шайнап, тәтті
сұйықтықты жұтқан адам Рама-
зан айынан кейін екі ай үзбестен
ораза ұстайды. Бұл жаңа сағыз
үшін. Ал, бұған дейін шайналған,
тәтті дәмі қалмаған ескі сағызды
шайнауға келетін болсақ, бұл
мәкрүһ болып саналады.
егер сағызды жағымсыз иісті
кетіру мақсатында шайнағыңыз
келсе, оның орнына мисуак не-
месе тіс пастасын қолдансаңыз
болады. Тек тіс пастасының кө-
бігін жұтып қоймауды қатаң
қадағалаңыз. Ал егер байқау-
сызда ішке кетіп қалған болса,
онда сол күнгі орзаның қазасын
ғана өтейсіз. Кәфәрат керек емес.
Себебі, тіс пастасы азыққа санал-
майды.
- Крем жағу оразаны бұза ма?
- Терідегі ұсақ тесіктер арқы-
лы ет пен терінің арасына сіңетін
заттар оразаны бұзбайды. Мы-
салы, крем, май жағу, судың
ішінде ұзақ тұру, жараның бетіне
дәрі таңу т.б. Тек крем не майды
жаққан кезде тым қалындатпаған
жөн. Себебі, қалың жағылған
крем не май дәрет алғанда суды
теріге жеткізбеуі мүмкін. Ал
теріге су тимеген соң дәрет дұрыс
болмайды.
- Жүкті әйелге ораза ұстау ке-
рек пе?
- шариғатта құрсақтағы не-
месе емізулі балаға зияны тиеді
деп қауіптенген (жүкті не емізулі)
анаға Рамазан оразасын тұтпай
кейінге қалдыруына рұқсат. Са-
хаба Әнәс бин Мәликтен риуаят
етілген хадисте Пайғамбарымыз
(с.а.у): “...Күмәнсіз Алла тағала
сапардағы адамға намазды қыс-
қартып, ал оразаны жолаушыға
және жүкті әйел мен емізулі әйел-
ге міндеттемеді...”, - деді.
- Намазы жоқтың оразасы
қабыл ма?
- Намаз оқымайтын кісі Рама-
зан айында ораза ұстаса, ұстаған
оразасының сауабын алады. Алай-
да, намаз оқымай жүргені үшін де
үлкен күнәға батады. Өйткені, на-
маз мұсылмандығымыздың бел-
гісі. Ардақты Пайғамбарымыз
(с.ғ.с.) бұл жайында: “шынды-
ғында, мұсылман мен кәпір
және мүшриктердің ара жігін
айырар белгі - намаз оқу”,
- дейді. Сондықтан да, жора-
жолдастарыңыз оразамен қатар
намазға да бастағандары жөн.
- Жұмысы ауыр кісіге ораза
ұстамауға бола ма?
- Оразаның өзінде нәпсімізге
қиын келетін тұсы бар. Ораза
мәнінің бір қыры да нәпсімізді ба-
сып, ноқталап, құлқынымыздың
аш көздігін Алла ризашылығы
үшін тәрбиелеуде жатыр десек
қателеспеспіз. ендеше, жұмыс ба-
рысында ораза ұстау өлімге алып
келетіндей қауіп тудырмаса не-
месе денсаулығымызға айтарлық-
тай нұқсан келтірмейтін болса,
яки бас айналып, құлап қалатын-
дай күйге түспесеңіз, аздап қи-
налатынымыз үшін Алланың
бұйрығынан бет бұрғанымыз
жөн болмас. Алла тағала құдси
хадистің бірінде: “Адам бала-
сының барлық амалы өзі үшін
жазылады. Алайда, оразаның
жөні бөлек. Оның қарымын тек
Мен беремін. Өйткені, ол тек Ме-
нің разылығым үшін ішіп-жеу-
ден бас тартты. Ораза ұстаған
адамның екі қуанышты сәті бар:
біреуі ауызашар уақыты, екіншісі
Аллаһ тағаламен қауышар сәті.
Ораза ұстаған адамның аузынан
шыққан иіс Мен үшін жұпар иісті
мисктен артық”, - деген.
- Ине салса ораза бұзылады
ма?
- Имам Юсуф пен Имам
Мұхаммәдтің (р.а.) тұжырымы
бойынша денедегі және бастағы
терең жараны сұйық дәрімен ем-
десе де ораза бұзылмайды. Себе-
бі, дәрі ішке (азық секілді) таби-
ғи жолдармен бармағандықтан,
ішке түсуі екіталай дей отырып,
ішке бір заттың табиғи жолдар-
дан (ауыз, құлақ, мұрын, тік ішек)
басқа жолдармен баруы оразаны
бұзбайды деген.
- Тіс жұлдыру оразаны бұза
ма?
- егер адам ораза кезінде тіс
жұлдыртатын болса, онда оның
оразасы бұзылмайды. Тек аққан
қанның ішке кетіп қалмауын
байқау керек. Оны жұтып қойған
жағдайда тек сол күнгі оразаның
қазасын өтейді.
- Ескі оразадан қарызы бар
адам не істейді?
- Ханафи мәзхабы бойын-
ша өткен оразадан қалған қа-
рыз күндерді осы келе жатқан
Рамазанға дейін өтеу шарт емес.
Өйткені, Алла тағала Құран
Кәрімде: “Кімде-кім сырқаттан-
са немесе жолға шықса (аузын
ашуға рұқсат) басқа күндері
қазасын өтесін”, - дей отырып,
Алла тағала қаза ету уақытын
шектемей, жалпылама айтып
отыр. Сондықтан да, келесі Ра-
мазан айына дейін өтеу міндет
емес. десек те, оразаның қазасын
тездетіп келесі оразаға дейін өтеп
тастағаныңыз абзал.
Кейбіреулер өткен оразалар-
дың қазасын алдағы Рамазанның
оразасымен қатар ниет етіп өтеуге
бола ма деген де сұрақ қойып жа-
тады. дінде бұған рұқсат жоқ.
Қазаға ораза жеке ұсталады.
- Рамазанда қан алдыру ораза-
ны бұза ма?
“Сұлукөл” ЖшС директоры
Қуанышбаев Ахмеджан Ахмет-
ұлы демеушілік жасап отырған
Нұрман ұлы Сұлтан атындағы
зәбия мешіті жұмысын бастады.
Бұрынғы молданың қоныс ауда-
руына байланысты мешіт мол-
дасыз қалған еді. Сұлукөл ауы-
лына бұрынғы молданың жиені
есмағұлов Бейбіт Байжанұлы
көшіп келген болатын. Жас жігіт
1981 жылы туған, Науырзымның
тумасы. Осы жігіттің молдалық
қабілеті барын естіп молда бо-
луға үгіттеген болатынбыз. Ол
мешітте табыс жоқ екенін айтып
келіспей жүрген. Содан кейін се-
ріктестік басшысымен ақылда-
сып, ауыл әкімімен, ақсақалдар-
мен жиын өткізіп, нәтижесінде
молданы
тағайындаған
едік.
директор оған қосымша жұмыс
та беретін болды және ауылдың
шөп шабатын жігіттері бір-бір
тіркеменің қаражатын береміз,
оған көмектесеміз деген еді.
енді сол жігіттердің аты-жөнін
атаған жөн болар. Игі бастаманы
бірінші болып Көнеков Бимол-
да бастап, Байтұрсынов Сағит
ағай қостап, Иванов Василий,
Сейітмағамбетов Болат, Бега-
лин Азамат, Батырғожин есләм,
шилі ауылынан ермағамбетов
Сәнтай інілері Болатпен және
дулатпен,
Төлегенов
Ақнұр,
Нұрпейісов Айнұр, сол ауылдың
жеке кәсіпкері ердесінов Төленді
(ол жігіт Оңтүстіктен көшіп кел-
ген, мал шаруашылығымен ай-
налысады) мен де көмектесемін,
әрі оразадағы Қадір түнін өзім
міндетіме алып өткіземін деп уәде
етті.
Осы елдің бұрынғы басқару-
шысы болған Сәнтай ауыл жі-
гіттерін біріктіріп Бестамақтағы,
шилідегі зираттардың бағанда-
рын ақтатып, сырлатып қойған.
Содан кейін көлдің жағасына
әкесіне, жалпы аруақтарға ар-
нап ас берді. дұғаны Әмит ишан
атындағы мешіттің бас имамы
Нұрбол қажы оқыды. Сәнтай
мешітке зекет ретінде қой атады.
Ал Федосау ауылынан да мы-
на азаматтар мешітке көмек бе-
реміз деп шықты. Атап айтсақ,
Әлібеков Хамзат 20000 теңге бе-
ретін болып, он мыңын сол жер-
де берді. Оразбаев Нұрлан, Мак-
симов Александр, Тұрмағамбетов
Баталы, шоланов Сәруарбек,
Ашиков Жұмақан, Айбедулов
Асхат, Ибраев Бекболат, Айтуа-
ров Манарбек, Мұстафин еркін,
Уәлиев Асылбек, Үдербаев дәулет
атсалысатын болды.
Тағы бір айтатын жақсы ба-
стама, Зәбия мешітіне тарауық на-
мазына баратын ақсақалдар мен
әжелерді тасуды ел азаматтары Ва-
зиев Аңсаған ұйымдастырып өзі
бірінші болып жазылды. Сейдалин
Батырхан, Сәметов Қапсұлтан,
Төкенов Болат, Ақатов Нұрлан,
Болжабаев есләмхан, Төлебаев
Айдар, Қарғұлов Қайырқан,
Алпысбаев Берік, Нұрғалиев Се-
ралы, Батырғожин есләм, Ах-
метжанов Бүркітбай, Зейнуллин
Жұмаш, дүзбаев Мұрат, Жай-
лыбаев Жұмаділ, Нығметжанов
Сағидолла, Омаров Өмірзақ,
Белхеев Әлібек, Көнеков Бимол-
да, Бименов Мақсұт, Жайлыбаев
дүйсенбай, Жарқынбаев дулат
көліктерімен таситын болды.
Міне, ауылдың абыройлы аза-
маттары осындай игі бастама жа-
сады. Оларға ырза болғандықтан
бәрінің де аттарын атадым. Алла
қаласа, мұндай игі бастама басқа
елдің азаматтарына үлгі болары
анық. Сөзімнің соңында:
Алланың нұры жаусын,
азаматтар,
Мешітке түсе берсін
қаражаттар.
Арқасында сіздердің дінге
бастап,
Жас
жігіт молдалықты
жалғастырар, - дегім келеді.
Тілеген ЖҰМАТОВ,
Әмит ишан атындағы мешіттің
баспасөз хатшысы
заннан кейін 60 күн үзбей кәфарат
қазасын өтеуі тиіс.
- Сілекей не түкірік жұтса,
ораза бұзыла ма?
- Аузы берік кісі аузындағы
сілекейін не түкірігін жұтса және
жұтынса оразасы бұзылмайды.
Адам сіңбірігін ішке тартып
жұтса да ораза бұзылмайды.
- Рамазанда беттен сүйсе, ораза
бұзыла ма?
- Аузы берік кісінің беттен
сүюі оразаны бұзбайды. Себебі,
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ауы-
зы берік бола тұра әйелдерін
сүйетіндігі
Айша
анамыздан
жеткен. Бұл жерде ескере кететін
жағдай, егер әйелін сүйгенде өзіне
сенімді болса, онда сүюіне рұқсат.
Ал оған сенімсіз болса мәкрүһ.
- Аузы берік адамға өзен-көлге
түсуге бола ма?
- Ораза кезінде салқындау,
жеңілдеу мақсатында өзен-көлге,
тағы басқа жерлерге шомылуға
немесе ғұсылдануға болады. Бұл
оразаны бұзбайды. Тек ауыз-
дан не мұрыннан ішке су кетіп
қалмауын байқау керек. Әбу
дәуідтің сүнанында риуаят етіл-
ген хадисте Пайғамбарымыздың
(с.а.у) аузы берік бола тұра, ыс-
тықтағандықтан немесе қатты
шөлдегендіктен басына су құй-
ғандығы айтылады. шомылу ба-
рысында құлағына кірген су да
оразаны бұзбайды дейді ғалым-
дарымыз.
- Ораза кезінде система сал-
дыруға бола ма?
- Кей жағдайларда табиғи жол-
дармен қоректене алмайтын кі-
сілерге денені азықтандыру үшін
инъекция (денеге дәрі жіберу)
жасалып жатады. Сондықтан да,
қазіргі таңдағы ғалымдарымыз,
мұндай ине немесе система алу
оразаны бұзады дейді. Ал, одан
өзгелері азық болмағандықтан
әрі табиғи жолдармен асқазанға
- Ораза ұстаған адамнан қан
алдыруы
оразаны
бұзбайды.
Өйткені, ардақты Пайғамбары-
мыз (с.ғ.у) аузы берік бола тұра
қан алдыртатын болған. Сахих
Бухариде риуаят етілген хадисте
сахаба Абдулла ибн Аббас (р.а.)
былай дейді: “Алланың елшісі
(с.ғ.у.) аузы берік бола тұра хижа-
ма жасататын”.
Әйтсе де, аузы берік адам қан
алдыртқанда әлсіреп, ораза тұтуы
қиындап кететініне көзі жететін
болса, оған қан алдыру мәкрүһ
болып саналады. Бұл жайында са-
хаба Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) бір
кісі: “Сендер аузы берік кісіге қан
алдыруды (хижама) құптамаушы
ма едіңіздер?” - деп сұрағанда,
сахаба: “егер әлсіздік тудырған
болса, біз оны құптамайтынбыз”,
- деген екен.
- Ұшақтағы адам ауызашар
уақытын қалай анықтайды?
- Ұшақтағы адам жергілікті
ораза кестесін емес, күннің батуын
негізге алады. Мысалы, жергілік-
ті кестеде сағат осыншада ауыз-
ашар дегенімен, ұшақтағы адамға
күн әлі батпаса, ол кісі кестедегі
уақытқа емес, күннің батуына
қарайды. Кесте уақыты жердегі
ораза ұстаушылар үшін арнал-
ған. Өйткені, Құранда айтылған-
дай, сәресіні ішуді тоқтату уақы-
ты таң қылан бере бастауымен,
ауызашар уақыты күннің батуы-
мен білінеді. Бұл жолаушы кезде
оразасын бұзғысы келмегендер
үшін. Ал, жалпы дініміз сапарда
ауыз ашуға рұқсат етеді. Тек Ра-
мазан айынан кейін сол күннің
қазасын өтеуді ұмытпауы керек.
- Жолаушы міндетті түрде ау-
зын ашуы керек пе?
- Жаратушы Иеміз Алла та-
ғала ораза кезінде пенделеріне
кейбір жағдайда ораза ұстамауға
рұқсат еткен. Жол жүргенде ораза
ұстамау, ол дегеніміз ауызы берік
адам өзінің тұрақты жерінен ең
кемі 85-90 шақырым ұзақтықта-
ғы жерге жолға ниеттеніп шықса,
ол кісіге ораза ұстамауына рұқсат
етіледі. Бірақ міндет емес. Яғни,
кімде-кімнің жолаушы кезінде
оразаға қауқары жетсе, аузын
ашқаннан гөрі оразасын жалғас-
тыра бергені абзал. ендеше, сіз
де жол жөнекей ораза ұстауға кү-
шім жетеді десеңіз, ауызыңызды
ашпағаныңыз дұрыс.
- Оразада етеккірі тоқтаған
әйел не істейді?
- Оразаның күндізінде (сәре-
сінің уақыты өтіп кеткен соң)
етеккірі тоқтаған әйел сол күні
ауыз бекітпейді. Ауыз бекітетін
болса, ораза тұтқан болып
есептелмейді. Рамазаннан кейін
сол күнді де алдыңғы тұтпаған
күндерімен қосып қазасын өтей-
ді. Сәресіге дейін хайызы тоқ-
таса, оразаға ниет етіп ауызын
бекітеді.
- Құсса ораза бұзыла ма?
- Ораза кезінде аузы берік кісі
еріксіз құсса ораза бұзылмайды.
Ал ауызды толтыра әдейі құсу
бұзады. Ондай жағдайда Рамазан
айынан кейін сол күнді қайта тұту
керек. Кәфарат қазасы керек емес.
Ауыз толы болмаса бұзылмайды.
Бұл жайында имам Тирмизиден
жеткен хадисте Пайғамбарымыз
(с.ғ.у.): “еріксіз құсық келген кі-
сі (оразасын) қазасын өтемейді.
Ал әдейі құсқан болса (сол күнгі
оразаның) қазасын өтесін”, -
дейді.
- Тарауих намазын тек ораза
ұстағандар ғана оқиды ма?
- Тарауих намазы ораза ай-
ында оқылатын құлшылық түрі.
Пайғамбарымыз (с.а.у) оразада
бұл намазды үнемі оқығандықтан
үкімі - бекітілген сүннет. Атал-
мыш намазды оразаны тұтқан
да, тұтпаған да оқыса сауапқа
кенеледі. Тарауих намазын оқу-
дың сауабы жайында Алланың
елшісі: “Кімде-кім, Рамазанда
сауабын үміт ете отырып, Алла
разылығы үшін тарауих нама-
зын оқыса, оның өткен күнәлары
кешіріледі”, - деген.
Дайындаған
Ораз ҚАЛМАҒАМБЕТОВ,
Мәскелеу ауылы