“Еру” деп стандартты жағдайларда белгілі уақыт аралығында қатты дозаланған дәрілік түрден ерітіндіге өтетін әсер етуші заттың мөлшерін айтады. Еру жылдамдығын анықтау үшін 545 АК-7 “айналмалы кәрзеңке” приборы немесе “Эрвека” фирмасының приборы қолданылады.
Сонымен тақырыпты қорытындылай келгенде, таблеткалар бұл ұнтақтарды немесе ұнтақтардың қосымша заттармен қоспасын технологиялық өңдеу және престеу арқылы алынатын қатты дозаланған дәрілік түр.
Мемлекеттік Фармакопеяның Х – басылымына таблеткалардың 1 жалпы және 163 жеке мақалалары кірген.
Фармацевтік өндірісте шығарылатын таблеткалар сапасына МФ ХІ басылымы бойынша бірқатар талаптар қойылады. Бұл талаптар: таблеткалардың сыртқы түрі; орташа салмағы және таблеткаладың салмағындағы ауытқулар; дәрілік заттың дәл дозалануы; дозалаудың біркелкілігі; таблеткалар бетінің біркелкілігі;таблеткалардың беріктігі; таблеткалардың талқандалуға беріктігі; таблетканың ыдырағыштығы; еру немесе таблеткалардағы дәрілік заттардың биологиялық тиімділгін анықтау болып табылады.
Л.А.Ивановой «Технология лекарственных форм» том 2. М., Медицина – 1991г. 202-214стр.
И.А. Муравьев «Технология лекарственных форм» том 1. М., Медицина-1980г. 370-379стр.
А.И.Тенцовой “Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм”. М.,“Медицина”-1986г. 15-19стр.
Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық–Шымкент, 2008. 254-262 б.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.