«Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ
|
17/2-09-2022
|
|
Пәннің оқу бағдарламасы (силлабус)
|
1 басылымы
|
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(СИЛЛАБУС)
|
Атмосфералық ауаны қорғау процестері мен құрылғылары
6В07222 - Мұнай-газ ісі. Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану
Факультет Технологиялық
Кафедра Химия, химиялық технология және экология
Курс 4
Кредит саны 5
Барлық сағат саны 150
Дәріс 15
Семинар (практикалық) сабақтар 30
Зертханалық сабақ 0
БӨЖ 90
Курстық жұмыс (жоба)___семестр
Емтихан 7 семестр
Астана, 2023
АЛҒЫ СӨЗ
ӘЗІРЛЕГЕН
Құрастырушы: х.ғ.к., қауымд.профессор Жумабекова А.К.
МАЗМҰНЫ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
КУРС САЯСАТЫ
БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
Оқытушының аты-жөні, тегі Жумабекова Арай Керимакыновна.
Ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы: х.ғ.к., қауымд. профессор
Технологиялық факультет, «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасы:
Білім алушылармен кері байланыс алу үшін байланыс ақпараты - тел.: 87773708530,
e-mail – zhumabekova_ak@mail.ru, КазУТБ-ның оқу корпусы, кабинет 3-410.
Білім алушыларға кеңес берудің мерзімі мен уақыты сейсенбі, 10:00 (online режимінде, Zoom, WhatsApp және т.б платформалары арқылы).
1.2 Пәннің қысқаша анықтамасы
«Атмосфералық ауаны қорғау процестері мен құрылғылары» пәнінің маңызы, өнеркәсіптер мен урбандалған территориялардың энергияны көп тұтынуының нәтижесінде ауаның ластану мәселелері және онымен байланысты халық денсаулығына әсер ететін кері зардаптар артуда. Ғылыми мәліметтермен айқындалғандай, атмосферада үлкен қашықтыққа таралатын ауаны ластағыштар қышқыл жаңбырдың пайда болуына, метал коррозиясы, флора мен фаунаның жойылуына, адамдардың ауруға шалдығуына, топырақтың тұздануына, су нысандарының эвтрофикациясы, экожүйелердің тозуымен, сәйкесінше өнімділігінің және тіршілік ету сапасының төмендеуімен себептелетін бірқатар маңызды экологиялық нәтижелерді тудырады.
1.3 Пәнді оқыту мақсаты
Ауа бассейнін ластайтын зиянды заттарды жою жолдарын, әдістемелерін және құралдарын білу.
1.4 Пәнді оқытудың міндеттері
зиянды заттардың классификациясы білу;
әуе бассейнін ластайтын негізгі көздерінің тізіммен танысу;
ластанудан тазартатын аппараттардың конструкциясын білу;
тазарту әдістемелерін білу;
1.5 Оқытудың күтілетін нәтижелері және қалыптасатын құзыреттіліктер (етістіктерді қолданып сипаттаңыз):
Білім алушы оқу және арнайы әдебиеттерімен өзіндік жұмыс жасаудың, желдету есептерін қою және шешудің, желдетуді бақылау жіне басқарудың қазіргі аспаптарымен практикалық жұмыс істеудің, апаттарды жою жоспарын құрастырудың практикалық дағдыларын иеленуі керек.
Құзыреттілігі
Білу керек:
- әуе бассейнін ластайтын негізгі көздерін, атмосфераны тазартатын негізгі аппараттардың констукциясын білуі;
- өнеркәсіптік бақылау бойынша есептерді істей алуы;
- зиянды заттардың тізімі, тазарту әдістемелері бойынша дағдысы болуы;
- атмосераға бақылау жүргізетін бағдарламалар бойынша құзыреті болуы тиіс.
Істей алуы керек:
қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды және ол бойынша есеп беру ;
ауаны тазартудың аппараттарды салыстыру
Достарыңызбен бөлісу: |