Шымкент қаласы «№26 Жамбыл атындағы мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет1/3
Дата11.12.2022
өлшемі25,75 Kb.
#56420
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
(министрліктің немесе ведомствоның атауы)
Шымкент қаласы
«№ 26 Жамбыл атындағы мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(білім беру ұйымының атауы)


АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ


Аблязова Гульжахан Карыбаевна
(тегі, аты, әкесінің аты)
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (I санатты)
(санатта көрсетілген лауазымы)


Туған күні, айы, жылы: 20 мамыр 1971 жыл
Ұлты: қазақ
Педагогикалық өтілі: 22 жыл
Атқарып отырған лауазымы бойынша еңбек өтілі: 22 жыл
Аталған білім беру ұйымындағы жұмыс өтілі: 22 жыл
Қандай оқу орнын бітірді және қашан, алған мамандығы мен біліктілігі: 1. Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті; 2. Шымкент қаласы, Қазақстан халықтар достығы университеті, қазақ тілі мен әдебиеті.
Біліктілігін арттыру туралы мәлімет: ОҚ облыстық педагог кадрларды қайта даярлау және үздіксіз білім беру институты (31 наурыз 2000 жыл, 14 ақпан 2004 жыл, 19 маусым 2010 жыл); «Интерактивті тақтаны оқу процесінде қолданудың тиімді тәсілдері» курс
(26 маусым 2010 жыл).
Мерзімі, атауы, өту орны: қазақ тілі мен әдебиеті бойынша
Куәліктің № 025631; 0019600; 0019109
Наградалары, атағы, ғылыми атағы мен дәрежесі: қалалық білім бөлімінің Құрмет және Мақтау қағаздары; Қазақстан халықтар достығы университетінің Алғыс хаты.
Жұмысы туралы пікір: Аблязова Гульжахан Карыбаевна өз мамандығының шебері, білікті ұстаз.
22 жыл ұстаздық жолында жас ұрпақтың азаматтық тұлғаларын қалыптастыруда, еліміздің болашағын көтеруде қосқан үлесі орасан үлкен.
«Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – білім процесінің басты сапа ресурсы» тақырыбында өткізілген ғылыми – практикалық конференцияда құнды баяндама жасап, тәжірибесін көпшілікке жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін жүлделі III орынмен марапатталды.
5 – 9 сыныптар аралығында өтетін шешендік өнер, абайтану, сөз өнері курстары бойынша авторлық бағдарламаны өте жоғары деңгейде құрып, облыс көлемінде таратты.
«Оңтүстік Қазақстан» газетінде «Тайталасқа түскен тағдыр» мақаласы (24 мамыр 2012 жыл); «Қазақ тілі мен әдебиеті» республикалық ғылыми – әдістемелік журналында «Үміт үзгім келмейді» хикаят – монологының идеялық – тақырыптық ерекшелігі» мақаласы (№6, 2012 жыл); ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Білім жүйесіндегі инновациялық және ақпараттық технологияның дамуы – мамандар дайындаудың негізгі сапасы» аттыхалықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияның еңбектер жинағына «Қорқыт мұраларының оқытылуы» атты мақаласы (2011 жылы), «Қазақтану» халықаралық ғылыми журналдарында (№1 (22), 2012 жыл) мақалалары жарық көрді.
Мектепте қалалық, облыстық семинарларда өзіндік жаңа технология үрдісінде өткізген «Қазақ шешендік өнеріндегі Жиренше бейнесі», «Жыраулар поэзиясынан өткенді қайталау», «Бұқар жыраудың даналық сөздері» тақырыптарындағы сабақтары жоғары кәсіби шеберлік-пен ерекшеленген.
2013 – 2014 оқу жылында ОҚ облыстық педагог кадрларды қайта даярлау және үздіксіз білім беру институтымен келісім – шартқа отырып, облыс көлемінде өз іс – тәжірибесін таратты.
2013 жылы «Ілияс оқулары» атты қалалық оқуларында оқушылары Қайырбекова Әсем жүлделі II орынды, 2014 жылы «Махамбет оқуларында» Мақұлбек Дәуіржан II орынды иеленді.

26 Жамбыл атындағы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет