Шымкент қаласы Білім басқармасының


IІ. «ҚЫЗДАР ӘЛЕМІ» КЛУБЫНЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ



бет3/7
Дата11.04.2023
өлшемі30,79 Kb.
#81510
1   2   3   4   5   6   7
IІ. «ҚЫЗДАР ӘЛЕМІ» КЛУБЫНЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ

  • Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени, ұлттық құндылықтарын сақтау, тән саулығын, салауатты өмір салтын ұстануға баулу, адамгершілік және рухани дамыту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;

  • қыз баланың қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, өткен тарихымызды білуге, адал достықты түсінуге, өнерге, мәдениетке, отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

  • мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізеттіліктерін қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың болашағы үшін үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын ұғындыру. Әдептілік пен сыпайылық, ибалылық, инабаттылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындату;

  • үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор болатын, білікті, білімді қызды қалыптастыру.


IІІ. «ҚЫЗДАР ӘЛЕМІ» КЛУБЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Негізгі идеясы: Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле.
Әдісі: Сырласу, пікірлесу, талдау, дөңгелек үстел, шебер-сынып, кештер өткізу.
Университеттің тәрбие үдерісіне өзгерістер енгізу студент-жастардың ұлттық келбетін қалыптастыру қажеттілігінен туындап отыр. Еліміздің болашағы қазіргі жастардың қолында екенін білген Елбасымыз өз сөзінде: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде – оларға жастайынан имандылық пен салауатты өмір сүруді саналарына сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деген сөзінен жастардың тәлім-тәрбиесіне бірден-бір жауап беретін әрбір қыз баласы бар ортаға қойылатын талаптың салмақты екендігі аңғарылады.

«Қыздар әлемі» клубының негізгі мақсаты:
қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, жеке өмірде отбасылық міндеттерді алған білімімен ұштастыра білетін ұлтжанды, парасатты, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін шынайы қазақ аруын қалыптастыру және колледж білім алушыларының сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер ала алатын текті қыздар ортасын құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет