Шымкент қаласы Білім басқармасының


«Қыздар әлемі» клубының негізгі міндеттері



бет4/7
Дата11.04.2023
өлшемі30,79 Kb.
#81510
1   2   3   4   5   6   7
«Қыздар әлемі» клубының негізгі міндеттері:

  • тарихи дара тұлға – арулардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ қызының жиынтық бейнесін қалыптастыру;

  • ұрпаққа ұлттық тәрбиені сіңіруші ретінде даярлау;

  • кез келген ортада тіл мәдениеті мен шебер сөйлеуді дамыту;

  • сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, салауатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстануды үйрету;

  • қоғамдағы білім беру және тәрбие мәселелерін ұлттық құндылықтармен сабақтастыру;

- болашақ ұлт анасы ретінде қыздарды отбасы өміріне даярлау;
- ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді дәріптеп, жүзеге асыруға баулу;
- отбасы тұрмысына, үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттілік дағдысын қалыптастыру.


ІV. «ҚЫЗДАР ӘЛЕМІ» КЛУБЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ


  1. Тарихи тұлғалардан өнеге

«Қыз» - ардақты ана, аяулы жар, ұрпақ жалғастырушы, яғни «қыз» деген ұғымға толассыз теңеулер көп екені айдан анық. Қыз бала – болашақ ана, инабатты келін, ана-әже. Осы арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. Мұхаммед пайғамбардың қыз баланы қатты қастерлеген мынадай хадисі бар: «Қандай отбасында болмасын, қыз бала дүниеге келсе, сол күннен бастап, сол отбасының тілеуін періштелер үздіксіз тілеп отырады». Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді – тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін баласына, немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, жалғастырушы, дамытушы – әйел-ана.
Сонымен бірге тарихымызда өткен аяулы аруларымыздың бейнесі де үлгі тұтарлық, өнеге аларлық болып табылады. Томирис – Тұран патшасы Афрасиябтың қызы, патшайым болып ел басқарған батыр қыз. Бөрте ханым – Шыңғыс ханның әйелі. Гауһар – Қабанбай батырдың жары. Домалақ ана (Нұрила) – Бәйдібек бидің әйелі. Қыз Жібек – мәңгілік махаббат символы, Қалампыр ана – Балуан Шолақтың анасы. Қарашаш – Жиренше шешеннің жары. Ұлы Отан соғысында ерлік жасаған қазақтың ер жүрек қыздары – Мәншүк пен Әлия, Желтоқсан оқиғасының батыл қыздары – Ләззат Асанова мен Сәбира Мұқаметжанова.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет