Шымкент қаласы Білім басқармасының


«Қыздар әлемі» клубының мүшелерінің бейнесін қалыптастыру



бет5/7
Дата11.04.2023
өлшемі30,79 Kb.
#81510
1   2   3   4   5   6   7
«Қыздар әлемі» клубының мүшелерінің бейнесін қалыптастыру


Қазақтың ежелгі салт-дәстүрлеріне жүгінсек, қазақ қыздары ешқашан ер-азаматпен бедел таластыруға ұмтылмағаны белгілі. Әріден келе жатқан әдепті берік ұстанған халық қызын ешкімге қорлатқан емес. Қазақ қашанда қызын әлпештеп өсіріп, оң жақта отырған қызға аңдап қарап, оның «ақылына көркі сай» болуын қадағалаған. Халықтың ұғымында «қыз бала елдің көркі, халықтың гүлі, өмір-тіршілігі» делінеді. Қазақ халқында қызға берілген анықтама, оларға қойылған талап-тілектер қызды аялаудың, оны тәрбиелеудің үлкен жолға қойылғанын көрсетеді.
Ата-бабамыз қашанда қыз балаға ерекше қараған. «Өмірдің ащы-тұщысын көріп ысыла берсін, тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер» деген оймен ұлын жел өтінде ұстаса, қызын «аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғаның қиығы» деп, бөркінің төбесіне үкі қадап үлпілдетіп өсірген. Оны аялап, мәпелеген. Өйткені, «жұмақ – ананың табанының астында», «ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп, қыз бала тәрбиесіне ертеден-ақ мән берген.
«Қыздар әлемі» клубының мүшелері қоғамда өшпес із қалдыратындай үлкен ерекшелікпен қалыптасуы тиіс:
- Жан жақты білімді;
- Сыр-сымбатын сақтай білетін, өзін сұлу ұстауға үйренген;
- Ұлттық өнерді дәріптейтін;
- Шебер сөйлеп , салт дәстүрді сақтай білетін;
- Жаңашылдыққа жақын;
- Іскерлік қарым-қатынас әдебін игерген;
- Қазіргі сәндік киім үлгілерін талғаммен үйлестіре білетін;
- Сан өнерді тал бойына тоғыстыра білген бойжеткен.


  1. Қыздарды тектілікке тәрбиелеу

Ақын Абай: «Жаман тәрбие – болашақтағы қайғыңыз» деген. Қыздың абыройы мен ары – бүкіл елдің абыройы мен ары. Қыз – әдемілік пен іңкәрлік символы. Жібектей мінезімен уыздай тәтті қылығымен, іскерлігімен, ұқыптылығымен, ізеттілігімен, иманды, инабаттылығымен сыйлы. «Қызға қырық үйден тыю, қала берді қара күңнен тыю» деген аталы сөз желкілдеп өскен қыр қызғалдағына көрсетілген қысым емес, қайта пәк күйінде құлпырып өссін, жаман аттан аулақ болсын деген ниеттен туған.
Қазақ қыздарынан қаншама ақылгөй даналар, мейірімді аналар, отбасының құты мен берекесі бола білген тұлғалар шықты. Азуы алты қарыс Шыңғыс ханның жары Бөртенің текті анадан туған төрт ұлы дүниенің төрт бұрышын биледі. Кешегі «Жетімдеріміз, жетім болып жүріп-ақ жетілгенбіз» деген ақиық ақын Мұқағалиды, «Маңғыстаудың әулиесі» атанып жүрген Әбіш ағамызды тәрбиелеп өсірген аналарымыздың өмір жолы кейінгіге өнеге. Тәрбие көрген қазақ қыздары ерлерін пір тұтып, оның ата-анасы мен бауырларын құрметтеп, үлкеннің алдын кесіп өтпей сыйлап, қадірлеген. Бұндай әйелдерді ер азаматтар да қатты құрмет тұтқан. Бір дуан елді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған атақты аға сұлтан Құнанбай да анасы Зеренің алдын кесіп өтпеген.

Ұрпақ тәрбиесіне халықтық педагогика мен ұлттық психология көмектеседі. Ата-бабамыздың салт-дәстүрін қыз бала тәрбиесіне пайдалана білуге тиіспіз.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет