Шынайы бақытқа жеткізетін істерде тұрғындары өзара көмектесу мақсатын алға қойған қала қайырымды қала болып табылады, ал



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата23.02.2017
өлшемі1,38 Mb.
#4716
1   2   3   4   5   6   7   8   9
«Жер  бетінде
кездесетін  нəрсенің  барлығыда  элементтер  мен  табиғи  жаратылысқа
тиесілі. Біртуар жаратылыс табиғаттың: тас, өсімдік жəне жануарлар
деп аталатын үш патшалығы бойынша бөлінеді. Тастар өседі, өсімдіктер
өседі əрі өмір сүреді, жануарлар өседі, өмір сүреді жəне бəрін сезінеді».
Бұл насихатқа телінетін сөздер бола қоймас, бірақ тірі нəрсені өлі нəрседен
дамытып,  оның  бойында  өмірлік  күштердің  болуын  зерделейтін
“витализмді” негіздеуге де көп жанаса қоймайды. Жаратылыс сынақшысы
Карл Линней бəрінен бұрын табиғаттағы күллі құбылыстар – «тірілер» де,
«өлілер» де ұдайы даму мен өсу үстінде болады деген түсінікті тірілтіп тұр.
Демек  өсу  деп  жай  ғана  мөлшерді  ұлғайтуды  ұғатын  болсақ,  онда  тірі
денелер  мен  объектілер  ғана  мөлшерін  арттырып  қоймайтынын,  мұны
жансыз объектілердің де жасай алатынын байқаймыз. Тіпті əлгі тастардың
өзі  белгілі  бір  процестердің  нəтижесінде  пайда  болған  жəне  бірден  пайда
бола қалмаған.
Бұл процестер де минералдардың өсуіне ұқсас табиғи жолмен жүріп
отырады.  Линнейдің  ұғымынша,  осындай  өсу  тастарға  да  тиесілі.  Тастар
өсімдіктер  мен  жануарлар  сияқты  өмір  сүріп,  бір  нəрсені  сезіне  алмайды,
бірақ  олардың  өсуі  əбден  мүмкін.  Философия  тұңғиығына  көп  сүңгімей,
104

түйіп айтар болсақ, бəрі де өседі, уақыттың өзі де кеңістікті кеңейте отырып
“өсе береді".
Осы  құбылыс  қалаларға  да  тəн.  Қалалар  кездейсоқ  пайда  бола
қалмайды,  олар  өседі.  Қалалардың  өсу  процесі  жылдармен,  ондаған
жылдармен, ғасырлармен, тіпті мыңдаған жылдармен өлшенеді. Ал кірпіш-
бетоннан түзілген “сұмпайы үйрек балапанының” қазіргі заманғы сəулеттің
сымбатын  сіңіріп,  астаналық  самғауға  түсетін  “ару  аққуға”  айналуы  үшін
жылдар, ондаған жылдар қажет...
Сүйікті  елордамыз,  Қазақстан  Республикасының  астанасы  -  Астана
қаласы  да  көз  алдымызда  өсіп  келеді.  Астана  –  Еуразияның  нағыз
географиялық кіндігінде орналасқан жаңа, тəуелсіз əрі егемен мемлекеттің
бүгінгі  жəне  болашақтағы  саяси,  экономикалық  һəм  мəдени  орталығы
ретінде қанат жайып барады.
Қаланың  көз  алдымызда  өскенінің  айғағындай  таяуда  бастан
кешірген  қысқаша  ғана  тарихымыздың  сəулелі  бір  суретін  айтып  өтейін.
Бұл  мысал  қаланың  астана  ретінде  ресми  тұсауы  кесілген  күн  –  1998
жылғы  10  маусым  жайында.  Осынау  ауқымды  акция  Қазақстанның  кең-
байтақ  жазираларында  тастардың  қалай  өскенін,  сол  тастардан  адамның
еңбегімен, ой-санасымен астана қалай тұрғызылғанын айқын көрсетеді.
Астананы  көшірудің  қажеттілігі  мен  мүмкіндігі  туралы  мəселенің
қойылысын  күні  кеше  ғана  талқылаған  сияқты  едік.  Осы  ойға  алған
істеріміздің қуаты шындыққа айналып, Орталық Қазақстандағы қарапайым
ғана  Целиноград  қаласының  орнынан  мемлекеттің  бас  қаласы  –  Астана
қаласы өсіп шықты.
Қаланың кеңінен қанат жайып, абаттана түскені соншалық, енді осы
шаһарды  Қазақстан  Республикасының  астанасы  мəртебесінде  ұлықтаудың
да кезі келіп қалған еді.
Бұл  бағытта  жүргізілген  жұмыстар  ұшан-теңіз  еді.  Жаңа  астана
жасау  жолындағы  көкейтесті  мəселелер  толғантқан  мазасыз  күндер  мен
ұйқысыз  түндер  əлі  есімде.  Жаңа  астананы  қалыптастыруға  жауапты
барлық  қатысушылар  мен  басшылар  үшін  тəуліктің  күндізгі  сағаттарының
жетіспегені  соншалық,  жұмыс  бабындағы  лездемелер  түн  ішінде,  түнгі
сағат  екінің  шамасында  өткізілетін.  Нақ  осы  уақытта,  бүкіл  еліміз  қалың
ұйқыға батқанда, жаңа астананы “жасаушылар” өткен күннің нəтижелерін
қызу талқылап, келесі күндердің жоспарларын қабылдап жататын.
Бір жолы Владимир Ниді өзіме шақырдым: «Володя, екі айдан кейін
Астананың  тұсаукесерін  өткіземіз.  Мемлекеттердің  басшылары,  елшілер
келеді.  Оларды  қай  жерде  қабылдаймыз?  Конгресс-холл  дайын  бола  ма,
105

болмайма?»-  дедім  оған.  Ол  маған:  «Конгресс-холлды  қайта  жабдықтауға
арналған  тендерді  чехтар  ұтып  алған.  Бірақ,  құрылыс  процесін  созып
барады.  Олар  жасай  алмайды.  Дегенмен  Сізге  уəде  етейін...  егер  Сіз...  чех
тарды  қуып  шығуға...  рұқсат  етсеңіз...  Конгресс-холл  тұсаукесерге  дейін
дайын  болады.  Олар  келісімшарт  бойынша  жұмыс  істеп  жатыр,  біз
келісімшартты  қазір  бұзбасақ,  астананың  тұсаукесері  Конгресс-холлсыз...
көшеде...  өтеді.  Оның  үстіне  алаңдыда  солар  жасауға  тиіс.  Мына
қарқындарымен алаң да дайын болмайтын сияқты», - деді.
Не  істей  аласың,  рұқсат  бердім.  Владимир  Ни  чехтарды  шақырып
алып,  осылай  да  осылай,  сіздер  құрылыс  графигін  бұзып  отырсыздар,
сондықтан  арадағы  келісімшартты  бұзуға  мəжбүр  болып  отырмыз  дейді.
Əрине, бұған чехтар ашуланады, соттасамыз деп дүрлігеді. Соттасыңыздар
дейді  Ни.  Бірақ,  айналып  келгенде,  чехтар  құрылыс  графигін  бұзған  өз
кінəларын түсініп, соттасуға бармады.
Сөйтіп  «Имсталькон»  фирмасымен  жəне  түрік  фирмаларымен  жаңа
шарт  жасасылды,  олар:  «Конгресс-холл  мен  алаң  тұсаукесер  күнге  əзір
болады», - деп уəде берді.
Конгресс-холл  мен  алаңның  құрылысына  екі  мың  адам  жұмылды!
Сонда  да  жетпей  жатты.  Ни  маған  тағы  келді:  “Нұрсұлтан  Əбішұлы
Ұландардың көмегі керек болып тұр». Мен аң-таңмын, ұландарды қайтеді?
Ни қояр емес: «Нақ солай, ұландардың көмегі қажет».
Солай  болды.  Ұландар  алаңды  түгелдей  тазалап,  басқа  да  көп
шаруаның басын қайырып берді. Қайтесіз, əдеттен тыс шешім,  бірақ оңды
шешім  болып  шықты.  «Қарапайым  қозғалыс»  деген  міне,  осы-ақ  шығар!
Тұсаукесерге, сөйтіп, бəрін тап-тұйнақтай əзір еттік, астананың қонақтары
да, тұрғындары да бұған көз жеткізді.
Конгресс-холл  мен  оның  алдындағы  алаң  дайын  дейік.  Ал  енді
астананың  тұсаукесеріне  келетін  атаулы  қонақтар  қайда  тұрады?  Тағы  да
Ни сөйлесін: «Нұрсұлтан Əбішұлы! Қонақ үй жасаймыз!»- дейді ол. Менің
сенгім  келмейді:  “Не  айтып  тұрсың,  Володя  ?  Қайдағы  қонақ  үй,  осынша
қысқа  уақытта  ондай  қонақ  үйді  қалай  əзірлейміз  ?  Ал  енді  бұл  үшін  не
керектігін  айтшы?”-  деймін  оған.  Владимир  Васильевич  тағы  бір  тың
шешім  ұсынып  тұр:  “Нұрсұлтан  Əбішұлы,  шетелдік  жұмыс  күшін  əкелуге
арналған лимит бар. Бір жолы 500-ге жуық адамды əкелуге болады. Мəселе
мынада – осы лимитті уақытша тоқтату керек не айналып өту қажет”. Бұл
сөзімен  менің  мүлде  келіскім  жоқ:  “Тоқтату  керек,  айналып  өту  қажет
дегенің қай сөз, не айтып тұрсың, Володя?" - деймін оған. Ни қояр емес, өз
пікірінде  мығым  тұр:  «Лимиттің  күшін  тоқтата  тұрмасақ,  ештеңені  істеп
106

үлгере  алмаймыз.  Мен  түрік  мердігерлерінен  қонақ  үй  құрылысын  он  бес
күн ішінде аяқтай аласыңдар ма деп сұрап білдім. Олар аяқтай аламыз, тек
лимит тоқтатыла тұрсын дейді».
Сөйтіп  мен  жеңілдім.  Шетелдік  жұмыс  күшін  əкелуге  арналған
лимитті тоқтата тұруға рұқсат бердім.
Түріктер  ұшақпен  үш  мың  жұмысшы  жеткізді,  нəтижесінде
Астананың  қонақтары  үшін  жаңа  “Интерконтиненталь"  қонақ  үйінің
құрылысын  жаңа  астанамыздың  тұсаукесеріне  қарай  аяқтап  үлгердік.
“Интерконтиненталь”  қонақ  үйі  салынып  жатқан  кезде  мен  Нимен  бірге
бірнеше  мəрте  осы  объектіні  барып  көрдім.  Ал  бұл  жолғы  келуім  бақылап
көру  еді.  Лифтілерге  көзім  түсіп,  сонымен  көтерілейік  дедім.  «Нұрсұлтан
Əбішұлы! Бұл жұмыс лифтілері ғой, онымен жүктерді жоғары  көтереді», -
дейді  Владимир  Ни.  Мен:  «Ештеңе  етпейді,  кеттік»,  -  дедім.  Күзет
қызметінің  көзі  алақандай  болып,  бəрі  əбігерленіп  қалды.  Владимир  Ни,
Фарид  Галимов  жəне  басқалар  бір  лифтіге  мінді,  мен  екі  жұмысшымен
бірге басқа лифтіге міндім. Жанрдың заңы солай дегендей, əрине лифтілер
жарты  жолда  тұралады.  Электр  өшіп  қалды.  Оның  үстіне  екінші  лифтідегі
арқан үзіліп кетті. Ақыры, осындай əрі-сəрі күйді кешіп, ең биік қабатқа да
жеттік-ау.
Айналаның бəрін қарап шыққан соң, қонақ үйдің тұсаукесер күніне
толық əзір болуы мүмкін екендігіне көз жеткіздім. Солай болып шықты да.
Кірбіңді  жайлар  да  болмай  қалмады.  Бұл  Президенттің  резиденциясына
байланысты  туды.  Үкімет  ғимаратына  жапсыра  салынатын,  Қазақстан
Республикасы  Президентінің  резиденциясы  болуға  тиіс  құрылыс  қарқыны
туралы  маған  күн  сайын  баяндап-ақ  тұратын.  Бірақ  қанша  сенсең  де,
өзіңнің  бір  тексергеніңнің  артықтығы  бола  ма?  Кезекті  кеңестегі  құрылыс
қарқыны туралы жалынды рапорттан кейін, түнгі сағат 2-3-тің шамасында
күзетімді  ертіп  резиденцияға  лайықтаған  құрылыс  алаңын  аралап  өтуді
ұйғардым.
Алайда...  кеңесте  мəлімделген  нəрселерден  ештеңе  көре  алмадым.  Іргетас
үшін қазылған ешқандай шұңқыр болмай шықты. Шұңқырдың ырымы бар
шығар-ау,  бірақ  менің  көргенім  іргетас  құюға  дайындықтың,  əзірліктің
ешбір нышанын байқатпайтын еді.
Таңертең  құрылысқа  жауапты  адамдарды  шақыртып  алып,  осы
орайдағы  ойларымды  жайып  салдым.  Содан  бастап  құрылыс  процесінде
жəне  жаңа  объектілерді  салуда  ешкім  көзбояушылықпен  соншалықты
“тұрпайы”  түрде  айналысқан  жоқ.  Бірақ  жұмыс  əлі  де  баяу  жүріп  жатқан
сияқты. Маған солай көрінді де тұрды. Осыны өзімнің серіктерім мен əрбір
107

учаске  үшін  жауапты  адамдарға  əлденеше  мəрте  ескерттім.  Оларды
басшылықтың  жылдам  қарқынына,  құрылыстың  екпінін  тексеруге
бейімдеуге тырыстым.
Көптен  күткен  күніміз,  аса  жауапты  əрі  байсалды  ісіміз  -  жаңа
астананың тұсаукесері келіп жетті.
Бұған  біз  əзір  едік.  Мені  Астана  үшін,  сол  арқылы  бүкіл  Қазақстан
үшін  көп  нəрсе  істеген  бір  топ  адамдарға  астананың  тұсаукесеріне  орай
арнайы  шығарылған  “Астана”  ескерткіш  медалін  тапсыру  зор  қанағат
сезіміне бөледі. Əрине, олардың арасында “темірдей тегеурінді” Владимир
Ни,  «өжет  те  қайсар»  Аманжол  Бөлекбаев,  «қажымайтын,  талмайтын»
Əділбек Жақсыбеков жəне басқа да көптеген адамдар бар еді.
“Астана”  медалін  тапсыру  рəсімінің  жаныма  жағатын  жəне  бір
жайттары  бар-ды.  Өйткені  қысылып-қымтырылмай-ақ  айтар  болсам,  бұл
медальдің дүниеге келуіне тікелей өзімнің қатысым болып еді.
Осындай
медаль
туралы
ой
көптен
көкейімде
жүретін.
Қазақстанның  жаңа  астанасының  тұсаукесерін  өткізу  идеясы  туғанда  сол
ойларым қайта өрбіді. Талай мəрте «Астана» медалінің астыңғы-үстіңгі қос
беті  қандай  болуы  керек  деп  ойша  эскиздер  сызғанмын.  Ақырында,  менің
бұл ойларым тиісті нобайға айналып, осы эскиздер медаль əзірлеуге негіз
болды.  Сол  уақытта  көз  алдымнан  сəулет  өнерінің  көріністері  ұдайы
көлбеңдеп өтіп жататынын айта кеткенім жөн шығар. Астанадағы көптеген
ғимараттар  мен  құрылыстардың  алдын  ала  нобайын  мен  сол  кездері
жасадым.
Бұлардың  арасында  Ұлттық  мұражай,  Қабылдау  үйі,  фонтандар,
резиденция  жəне  басқа  да  көптеген  объектілер  мен  сəулеттік  құрылыстар
бар  болатын.  Əрине  кейіннен  бұлар  кəсіби  сəулеттік  жəне  құрылыстық
пысықтаулардан өтті.
Сол  себепті  мемлекет  басшысы  ғимараттар  жобаларының  суретін
майлық-сулық  қағазға  салған  екен,  ертеңіне-ақ  тасқа,  бетонға,  металға
айналып  шыға  келіпті  деп  жүрген  аңыздардың  бəрі  жалған.  Мен  кəсіби
адамдардың бір қарағанда субъективті болып көрінетін, тіпті тартымсыздау
болса  да  өз  көзқарасын  табандылықпен  қорғайтын  пікірлерін  құрметтей
білетін  адаммын.  Шынында  менің  идеяларымның  бір  бөлігі  астана
келбетіне  кіріккені  рас,  бірақ  бұлардың  бəрі  де  сарапшылардың  мұқият
бағалауынан кейін ғана жүзеге асты.
Тұсаукесерге жоспарлы түрде əзірлену үшін арнайы қысқа мерзімді
бағдарлама  дайындалды,  мұны  іске  асыруға  217  қазақстандық  жəне
шетелдік компаниялар қатысты.
108

Бұл акция өкілдер құрамы жағынан да ауқымды болуға тиісті еді. Біз
өте  көп  мемлекеттердің,  халықаралық  үкіметтік  жəне  үкіметтік  емес
ұйымдардың  басшыларына  шақыру  жібердік.  Менің  ерекше  қанағат
ететінім  -  біздің  шақыруымызға  олардың  басым  көпшілігі  өзінің  келу
сапарымен жауап бергені.
Тұсаукесерге келетін қонақтарды Астанада тұңғыш рет бой түзеген,
түріктің
“Окан”
фирмасы
салған
бес
жұлдызды
зəулім
“Интерконтиненталь" қонақ үйі күтіп тұрды.
Тұсаукесер  рəсіміне  ең  бірінші  болып  біздің  еліміздің  үлкен  досы
жəне  ірі  саяси  қайраткер  –  Түрік  Республикасының  президенті  Сүлейман
Демирель  келді.  Айтпақшы,  ол  келген  бойда  өзінің  елдестері  –  түрік
құрылысшылары  салған  “Интерконтиненталь”  қонақ  үйінің  жəне  басқа  да
астаналық біршама объектілердің ашылу салтанатына қатысты.
Тұсаукесерге
бір
күн
қалғанда
Астанаға
Əзірбайжанның,
Қырғызстанның,  Өзбекстанның,  Украинаның  президенттері  келіп  жетті.
Ресейден көптеген ресми адамдар келді. ТМД- дағы көршілерімізден басқа,
алыс шетелдердің көптеген өкілдері мен делегациялары қатысты.
Біздің  қонақжай  халық  екенімізді  жұрттың  бəрі  біледі.  Біз  “жақсы
қонақпен бірге үйіңе құт-береке кіреді” дейміз.
Астананың  орасан  көп  тұрғындары  қосылған  ең  бұқаралық  іс-
шаралардың  бірі  9  маусым  күні  кешкісін  болып  өтті.  Оның  атауы  да
соншалықты  əуезді  еді:  «Бүгіннен  бастап,  ғасырлар  бойы,  ел  жүрегі  -
Астана!»  деп  аталды.  Бұл  театрландырылған  спорттық  іс-шара,  бірінші
кезекте астана тұрғындары мен қонақтарының көңілін аулауды көздеді. Іс-
шараның  белгілі  бір  үгіттік  элементі  де  болмай  қалмады:  спорттық
көрсетілімдер, көңілді де ақ жарқын күлкі негізінен салауатты өмір салтын
айқын айғақтап тұр еді.
Сонымен, ақырында, 10 маусым күні жылдың ең басты іс-шарасы –
жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Жаңа күн астанаға арналған
салтанатты  отырыспен  ашылды.  Көп  адам  сөйледі,  əрбір  сөйлеушінің  сөзі
Қазақстанның  жаңа  туған  жас  астанасына  деген  ыстық  ықыласқа  толы
болғанын  құрметпен  атап  өтуге  тиіспін.  Кім  сөйлесе  де,  өз  сөзінде  жаңа
астанаға  деген  шынайы  тілегін,  кіршіксіз  көңілін  білдірмей  қала  алмады.
Бəрі  де  көп  ұлтты  Қазақстан  халқының  жаңа  астанасына,  оны  салған
құрылысшыларға  ақ  тілегін  арнады.  Халық  айтқандай,  бұл  «жақсы  ісіңе
алыстағы достың сүйінуі».
Толғана тұрып, барлық көп ұлтты Қазақстан халқының атынан жəне
өз атымнан мен мемлекеттерге, ұйымдарға жəне мəртебелі қонақтарға бізге
109

көрсеткен  шын  қадірлі  сезімдері  үшін,  бізге  деген  құрметтері,
ынтымақтастығы, достығы үшін риясыз көңілімді білдірдім.
Бұдан кейін тағы да бірқатар іс-шаралар өткізілді. Оның ең бастысы
- қазақстандық мəдениет жəне өнер қайраткерлерінің астаналық Конгресс-
холлдың орасан кең залындағы концерті еді.
Сонымен, ақырында, бүкіл бағдарламаның мық шегесі - Астананың
басты алаңындағы гала-концерт басталды.
Өкінішке  қарай  ауа  райы  қолайлы  бола  қоймады.  Бірақ  бұл  күні
ешкім  де  табиғаттың  тосын  құбылысына  айрықша  көңіл  аудара  қоймаған
шығар, өйткені жан-жүрегі əн салып тұрған адам күннің қай райын елейтін
еді?!
Осы кешке жиналған халықты кенет күшті динамик арқылы тікелей
ғарыштан  естілген  адам  даусы  терең  тебіреніске  бөледі.  Бұл  -  осы  кезде
«Мир»  орбиталық  станциясында  жұмыс  істеп  жатқан  қазақстандық
ғарышкер  Талғат  Мұсабаевтың  даусы  еді.  Ол  ғарыш  төрінен  төл  астанасы
мен өз халқына табыс пен бақыт тіледі.
Ұшуды басқару орталығына рақмет, осы Орталық телекөпір арқылы
маған  қазақстандық  ғарышкер,  Ресейдің  орбиталық  кешені  экипажының
командирімен  жəне  оның  ресейлік  əріптесі  бортинженер  Николай
Бударинмен  сұхбаттасуға  мүмкіндік  берді.  Мен  оларға:  “Жерге  аман-сау
оралыңдар! Жер-ана өздеріңді күтеді!” - деп кіршіксіз тілегімді жолдадым.
Міне,  осындай  өмірге  құштар  асқақ  үнмен  жаңа  елордамыз  Астананың
тұңғыш тұсаукесері аяқталды...
Тегінде бұл жай ғана астананың тұсаукесері емес еді.
Бұл  планетаның  саяси  картасында  жаңа,  тəуелсіз,  егемен
мемлекеттің  дүниеге  келгенін  бүкіл  əлемге  жариялап,  паш  етудің  біртуар
мүмкіндігі  болатын.  Мыңдаған,  он  мыңдаған  қазақстандықтардың
қажырлы  ұмтылысы  арқасында  біз  мұны  жасай  алдық.  Жəне  ойдағыдай
жасадық.
10  маусым  сол  күннен  бастап  Астана  күні  ретінде  үздіксіз  аталып
өтіп  келеді.  Бұл  дата  ешқашан  өзгермейді  (кейде  кейбір  қалалардың  күнін
өткізу  датасы  өзгеріп  жатады  ғой).  Біздің  ресми  мерекелеріміздің
күнтізбесінде “10 маусым” жоқ болса да, іс жүзінде бұл күн - нағыз ұлттық
мереке. Нақ сол 1998 жылғы 10 маусымда тəуелсіз Қазақстан бүкіл əлемге
өзінің жаңа, жас, жасампаз елордасы - Астанасын көрсетті.
Мереке  қарсаңында  Астана  өз  қонақтарын  ылғи  да  ап-ашық  ауа  райымен
қарсы  ала  бермейді.  Мұнда  мистикалық  бірдеңе  де  бар  сияқты  –  дəл  осы
күні  қалада  əрқашан  жап-жайлы  ауа  райы  орнай  қалады!  Дегенмен,  көп
110

нəрсе өзімізге де байланысты-ау...
Əлі  есімде,  кезекті  Астана  Күні  қарсаңында  -  9  маусымда  салынып
жатқан  құрылыстарды  аралауға  шықтық.  Ызғырық  желден  ықтаған
қасымдағы  адамдар  пальтосы  мен  плащын  қымтанып  алған.  Күн  салқын,
бұлыңғыр. Ауа райы маған ілесіп жүрген адамдардың да жүздері мен көңіл
күйлеріне  көшкен  тəрізді.  Біз  саябаққа  келіп,  кең-байтақ  еліміздің  барлық
даңқты  орындары  кішірейтіліп  жасалған  атақты  “Қазақстан  картасын”
аралап көріп жүргенде, мен қасымдағы адамдардың бəрін көзіммен шолып,
жымия  қарадым  да,  Ə.Жақсыбековке:  «Көңілдерің  бұзылмай-ақ  қойсын,
ертең, мейрам күні жып-жылы, күншуақ болады», - дедім. Əрине, көпшілігі
еріксіз  күлген  болды,  ешқайсысы  сенбеді...  Ал  келесі  10  маусымның  таңы
шынында астананың барлық тұрғындары мен қонақтарын ашық та жарқын
шырайымен  қарсы  алды.  Аспанда  кешегі  қорғасын  бұлттардан  мысқалдай
да  түйіршік  қалмапты.  Жұрттың  бəрінің  көңіл  күйі  көтеріңкі  болатыны
түсінікті, əрине...
Сол  мереке  Есіл  өзені  үстіндегі  сан  алуан  бояумен  құбылған  лазер-
шоу, ойын-сауық, соңы ғаламат от-шашумен аяқталды.
Астана  Қазақстан  жерінде  жаңа  идеяларды  енгізудің  полигоны
болғаны, бола беретіні сөзсіз. Қоршаған əлемге деген жаңа технологиялық
көзқарастың  алдында  жүретін  жаңа  астананың  озық  рөлін  мен  осылай
көремін.  Əрине,  бұл  аясы  тар  мақсат  емес,  бірақ  əлемдік  қоғамдастыққа
лайықты  кіруге  ұмтылатын  болсақ,  бүгінде  əлемдік  қоғамдастықты
байытып  отырған  барлық  жетістіктерге  бағдар  ұстанбағанымыз  дұрыс
болмас еді.
Қала
құрылысының
жəне
жалпы
құрылыстың
жаңа
технологияларын енгізу саласынан Қазақстандағы құрылыс индустриясын
дамыту  үшін  ғана  емес,  сонымен  бірге  ұлттық  қала  құрылысы
индустриясының  жай-күйіне  тікелей  немесе  жанама  байланысты  болатын
халық  шаруашылығының  басқа  да  салаларын  өрістететін  қуатты  базаны
көремін.  Сол  себепті,  сəулет  жəне  құрылыс  ұйымдары  қазіргі  заманғы  ең
озық технологияларды пайдалана отырып, ғимараттарды жобалағанда жəне
салғанда,  бұл  өзінен-өзі  астананың  инфрақұрылымын  ғана  емес,  сонымен
бірге  бүкіл  Қазақстанның  өнеркəсіптік  жəне  өндірістік  мəдениетін
дамытуға қосылған маңызды үлес болып табылады деп санаймын.
Құрылыс  экономиканың  саласы  ретінде,  барлық  уақытта  жəне
барлық  елдерде  мемлекеттің  экономикалық  дамуына  серпін  беріп  келді.
Астана  құрылысының  мемлекеттің  астанасы  ретінде  қаулап  өсуі  көз
алдымызда Қазақстанның құрылыспен төтелей немесе өзгеше байланысты
111

жəне  жалпы  алғанда  қалалық  инфрақұрылымның  жұмыс  істеп  тұруымен
сабақтас бүкіл экономикасын күрт көтергенін батыл айта аламын.
Астана  құрылысына  бүгінде  үш  жүзге  таяу  құрылыс-монтаж
басқармалары қатысуда, оларда жиырма екі мыңға жуық адам  еңбек етеді.
Қалалық  инфрақұрылымды  дамытуға  бұған  қоса  240  шағын  бизнес
кəсіпорындары  атсалысады.  Астананың  сəулеттік  келбетін  жасауға  30-ға
тарта жобалау жəне сəулет ұйымдары қатысты жəне қатысуда.
112

Бұл  фирмалардың  барлығы  тізбекті  реакцияның  əсерін  тудырады,
астананың  ғана  емес,  сонымен  бірге  республиканың  басқа  қалаларының
қалалық  инфрақұрылым  мен  өнеркəсіпті  құрумен  айналысатын  өзге  де
жүздеген,  мыңдаған  фирмалардың  іскерлік  белсенділігінің  пайда  болуына
бастайды.
Нақ  осы  құрылыста  көптеген  өлшемдерді  есепке  алу  жəне  əр  түрлі
идеялар  мен  саймандарды  пайдалану  еңбектің  мүлде  жаңа  мəдениетінің
пайда  болуына  жағдай  тудырады,  біз  мұны  еңбекке  деген  өркениетті
қатынас деп атаймыз.
Осының  бəрі  əр  түрлі  нұсқаларында  жəне  тіпті  ұсақ-түйектерде  де
көрініс беріп отыр.
Əлгі  бір  фильмде  айтылатындай,  “əр  кірпіш  кəдеге  жарағысы
келеді".  Шын  мəнінде,  құрылысшының  ескі  досы  –  осы  кірпіш,  ол  ескі
конструкциядағы  барлық  ғимараттар  мен  құрылыстардың  негізі  болып
табылады.  Бірақ  астананы  жалғыз  кірпішпен  ғана  сала  алмайсың.  Бір
құрылысшының  айтқанындай,  егер  біз  “қоңды”  кірпішті,  соған  сəйкес
ескірген  технологияларды  ғана  пайдаланатын  болсақ,  тұрғын  үй
құрылысын  толық  əрі  қарқынды  түрде  шешу  мəселесін  ешқашан  жүзеге
асыра алмаймыз.
Мəселен,  біз  құрылыс  процесінде  Астана  Еуразияның  өзіне  тəн
күрт-өзгергіш
белдеуіндегі
барынша
қатал
климаттық
жағдайда
тұрғызылып жатқанын ескеруіміз қажет. Сол себепті көптеген жағдайларда
жаңа əкімшілік жəне тұрғын үй ғимараттарын салған кезде ойықты блоктар
деп аталатындарды пайдалануға негізделген жаңа технологиялар барынша
кеңінен  пайдаланылады.  Жəне  Астананың  батпақты  жерде  бой  көтеріп
жатқанын  да  ескерген  жөн.  Осы  жағдаят  іргетастар  тұрғызу  кезінде
бұрғылау-көтеру тіреулерін жаппай пайдалануға себепші болды.
Астананың жаңа объектілерін салу мерзімінің барынша қысқа екенін
де
ескеру
керек
еді.
Астананың
жағдайында
біз
уақыттан
жоғалтқанымызды  кеңістіктен  ұтуға  ұмтылдық.  Жаңа  астананың  біршама
жайсыздығы,  сəулетшілік  қызмет  пен  қиял  үшін  өрістің  кеңдігі,  астананы
тездетіп салуға қажетті преференциялардың барынша болуы, міне осының
бəрі  қарым-қатынастың  жаңа  кеңістігі  жағдайында  уақыт  жағынан
барынша үнем жасауға мүмкіндік берді.
Жаңа астанада құрылыс объектілерін жылдамдатып салу мақсатында
əрі  құрылыс  сапасын  нашарлатпас  үшін  металл  мен  темірбетоннан
жасалған қаңқалы құрылыс технологиясы қолданылды.
Мəселен,  астананың  символы  -  “Бəйтерек’’  кешені  ең  қысқа
113

мерзімде  бой  көтергені  есімде.  Жалпы  біздің  жəне  шетелдің  құрылыс
компаниялары  өзім  Астананың  құрылыс  алаңдарында  атауын  тұңғыш  рет
естіген,  “мембраналық-гидрофикациялық  жүйе’’,  “селективті  жылытқышы
бар  мембраналық  жапқы”,  “жоғары  қысымдағы  полиэтилен  трубалар”,
“алю-кобонд”  жəне  т.б.  сияқты,  біздің  ойымызша,  “экзотикалық”  құрылыс
технологияларын кеңінен пайдаланды.
Əрине,  жетілген  технологиялар  ғимараттарға  ғана  емес,  сонымен
бірге  астана  инфрақұрылымының  басқа  да  объектілеріне  қатысты
қолданылды.  Мысалы,  Сол  жағалауға  баратын  жолды  алайық.  Немесе
Астананың  оң  жағалауындағы  сонау  Целиноград  аталған  кезінен  бері
ешқашан  жоспарланбай  келген  жауын-шашын  суағарларын  айтайық.
Соның  салдарынан  Астананың  көшелері  жаңбырдан  кейін  саз-балшыққа
бөгіп,  ағын  суға  толып  қалатын.  Бүгінде  Астананың  Сол  жағалауындағы
жолдар  топырақ  сулары  мен  жауын-шашын  ағыстары  əсер  етпейтін
арнаулы қорғанышы бар бетонды негіздермен жабдықталған көп қатпарлы
конструкциядан түзілген.
Мұның  бəрі  ешбір  жаңалығы  жоқ  бос  сөз  болып  көрінуі  де  ғажап
емес.  Кеңестік  уақытта,  өндіріс  мəдениеті  оншалықты  дамымаған  кезде,
осы  технологиялардың  бəрі  Орталық  Қазақстан  жағдайының  өзінде  мүлде
қолданылмаған еді.
Мен  Астананың  барлық  құрылысшыларына,  барлық  тұрғындарына
осы  салтанаттарға  əзірлену  кезіндегі  баға  жеткісіз  үлестері  мен  еңбектері
үшін,  жаңа  астанамызды  салу  арқылы  отандастарымыз  бен  болашақ
ұрпаққа осындай таңғажайып сыйлық жасағаны үшін шексіз ризамын.
Астана  қаласы  көз  алдымызда  көркейіп,  күн  сайын  өзгеріп  барады.
Ол  жыл  өткен  сайын  түбегейлі  жаңара  береді,  қалаға  бұдан  екі-үш  жыл
бұрын  келіп  кеткен  адамдар  сəті  түсіп  қайта  оралғанда  астананы  мүлде
танымай қалатыны өтірік емес.
Қаланың бұрынғы əкімі, қазір Президенттің Іс басқарушысы болып
істейтін Темірхан Досмұхамбетовтің былай дегені бар еді: «Бір жолы ұшақ
үстінде Германияның бір азаматын кездестіріп қалдым. Ол маған: «Баяғыда
Ақмолада  болып  едім,  бірақ  қазір  мүлде  басқа  қалаға  тап  болып  тұрмын.
Мына қаланы əрең таныдым!» - деді.
Расында  бұл  мадақтау  орайындағы  жалаң  пікір  болмаса  керек.
Барынша  күшті  əрі  жарқын  құбылыс  –  Астананың  қаулап  өсіп  бара
жатқанына риясыз таңғалған адамның сөзі екенінде дау жоқ.
ҚАЛАУЫН ТАПСА ҚАР ЖАНАР...
114

Жалпы  қаланың  эстетикасын  не  жəне  кім  қалыптастырады?  Ал  бір
елдің  астанасының  ше?  Бұл  орайдағы  жауап  қарапайым  болуы  керек  деп
ойлаймын:  қаланың  эстетикасына  əрқашан  оның  даралығы  тұрғысынан
қарау  керек.  Сəулеттік  даралығы  ғана  емес,  сонымен  бірге  əлеуметтік,
қоғамдық жəне саяси даралығы да үстем тұруы шарт.
Меніңше,
қаланың
нақ
осы
даралығын
қалыптастыру

муниципалдық  биліктен  гөрі,  ең  алдымен,  орталық  биліктің  құзырындағы
іс.
Осы  ретте  мысалды  алыстан  іздеудің  қажеті  жоқ.  Айталық,
Францияда  сəулет  өнерінің  сүлу  жауһарына  айналған  Париждің  көптеген
объектілері, бірінші кезекте, президенттік жобалар болып табылады.
Əрине,  шаһардың  лайықты  келбетін  қалыптастырудағы  қалалық
биліктің  рөлі  мен  маңызын  төмендеткім  келмейді.  Алайда  мемлекеттің
елордасы  ретінде  қарағанда,  Астананың  эстетикалық  нысаны  мен  түрін
алдымен  биліктің  орталық  органдары  айқындауға  тиіс  екендігіне  ешбір
шүбəм жоқ.
Қала  архитектурасының  өзіндік  ерекшелігі  белгілі  бір  стильдер  мен
тұжырымдамаларды пайдаланып, қайталап отыруды жоққа шығармайды.
Бұл  орайда  сəулет  -  жан-тəніңмен  түйсінуден  өзге  ештеңе  де  емес  деген
айқындама барынша əділетті.
Сəулетшілердің  бүгінгі  ұмтылысы  өткенді  жоққа  шығару  емес,
мəдени жады мен қазіргі заманды үйлесімді ұштастырып, қабыстыра түзуге
бағытталған.
Нақ  осы  -  үйреншікті  бейнелер  мен  архетиптердің  қазіргі  заманғы
əсіре  модерндік  стильмен  жарыса  əрі  ұштаса  отырып  даму  принципі
Қазақстанның  жаңа  елордасы  Астана  қаласының  эстетикалық  сəулеті  мен
бірегей ерекшелігінің негізін құрайды.
Тұсаукесер қарсаңында көптеген ғимараттар ретке келтіріліп, қайта
салынып,  қосымша  құрылыстар  бой  түзеді.  Құрылыс-монтаж  бен  жөндеу
жұмыстарына  білікті  қызметшілер  мен  жұмысшылардың  тұтастай  бір
армиясы – 13,8 мыңға жуық адам қатысты. Ғимараттар ғана емес, сол кезде
мөлшері  248  шаршы  километр  аумақты  алып  жатқан  Астана  қаласының
сыртқы  бейнесі  де  тұсаукесерге  орай  түбегейлі  өзгерді.  Біз  қаланы
көгалдандыру  жөніндегі  техникалық  жұмыстардан  бастап  тұрғындардың
санасы  мен  салтына  қала  мəдениетінің  элементтерін,  елордалық  ділді
енгізуге дейінгі астананың тыныс-тіршілігіндегі барлық иірімдерді ескеруге
тырыстық деген үміттемін. Мысалы, тұсаукесер қарсаңындағы күндері 100
000-ға  жуық  ағаштар  мен  бұта-шіліктер  отырғызылды,  бұлар  астана
115

келбетін біршама жұмсарта түскендей болды.
Ойға  алған  жұмыстарды  істей  алдық.  Бəрін  болмаса  да,  елордаға
келген  қонақтарға  да,  өз  адамдарымызға  да  көрсетуге  жететін  жарамды
нəрселерді жасаған сияқтымыз.
Қаланың инфрақұрылымы – жаңа астананың көшелері, даңғылдары,
алаңдары мен гүл бақтары ретке келтірілді, бұл жұмыс сонау 1994 жылдан
басталған  болатын.  Астананың  ең  басты  көшесі  –  Республика  даңғылы
(бұрынғы  Тыңгерлер  даңғылы)  сол  кезден  бастап  қазіргі  заманғы  түрін
алып,  негізгі  көлік  тасқынын  көтере  алатындай  дəрежеде  толықтай  қайта
жасалды.
Республика  даңғылы  –  астана  инфрақұрылымы  ішіндегі  басты,
маңызды, тіпті стратегиялық объектілердің бірі.
Осы  учаске  үшін  ең  алғашқы  күннен  бастап  жауапты  болған
Аманжол  Бөлекбаевтың  күн  сайын  таңертең  Жастар  сарайынан  шығып
көпірге  дейінгі  аралықта  бүкіл  даңғылды  жаяу  аралап,  қаланың  ең  басты
күре  тамырын  абаттандыру  жөніндегі  құрылыс  жұмыстарының  əрбір
учаскесін мұқият қадағалап жүргені тегін емес.
Іс  жүзінде  Республика  даңғылын  Аманжол  Бөлекбаевтың  төл
перзенті десек жарасады. Даңғылды үнемді, ұтымды жəне тиімді етіп қайта
жасап,  қазіргі  заманғы  түріне  кіргізу  үшін  осы  азамат  барлық  күш-жігерін
жұмсады.
Оның  бұл  мəселедегі  принципті  көзқарасы  есімде  қалыпты.  1994
жылы  Республика  даңғылын  жəне  əуежайға  баратын  жаңа  жолды
асфальттау  туралы  мəселе  қозғалғанда,  Үкімет  аса  қымбат  тұратын
жапонның  жол-құрылыс  жəне  асфальт  төсегіш  техникасын  іске  қосу
туралы  шешім  қабылдайды.  Бірақ  Аманжол  Бөлекбаев  Үкіметтің  бұл
шешімін орындаудан бас тартады. Егер қарапайым асфальт төсеудің бағасы
шынымен  асыра  қойылмаса,  дəл  осы  техника  үшін  төрт  миллион  доллар
төлеу тым ұшқарылық деп өз уəжін айтады. Бұдан басқа, техника жапондікі
болса  да,  Польшада  жасалыпты,  мұның  өзі  оның  “жапондық”  сапасына
кепілдік бере алмайды, дəл осындай техниканы бұдан əлдеқайда аз бағаға,
сондай  жұмыс  сапасымен,  мəселен,  Германиядан  сатып  алуға  болар  еді
дейді ол.
Сөйтіп Үкіметтің "тоқпағынан" кейін Бөлекбаевтың қайтадан маған
жүгінуіне  тура  келді.  Ол  “асфальт”  мəселесіндегі  өз  позициясын  жəне
Үкіметтің  бұл  орайдағы  позициясымен  принципті  түрде  келіспеушілігін
түсіндіргеннен кейін, мен оған: “Егер сен бұған келіспесең жəне осы үшін
жауапкершілікті толық өз мойныңа алатын болсаң, онда Германияға бар” -
116

дедім.
Бөлекбаев көп кідірместен, қаңтар айында асфальт төсейтін техника
сатып  алу  үшін  Германияға  жүріп  кетті.  Керекті  техниканы  «үкіметтік»
төрт миллион долларға емес, «мемлекеттік» бар болғаны 800 000 долларға
сатып алды.
Бұл  техника  сəуір  айында  келіп  жетті,  нақ  соның  көмегімен
Республика  даңғылына  жəне  əуежайға  баратын  жолға  сапалық  жаңа
асфальт төселді.
Республика  даңғылын  жаңбыр  жауғаннан  кейін  лай-батпақ  басып
кететін, ал ол лай-батпақ кепкеннен соң шаң болып көтерілетін. Мұның əр
түрлі  себебі  айтылып  жүрді.  Кейбір  “ақылмандар”  тіпті  бұл  дала  төсіндегі
қалалардың  табиғи  ерекшелігі  деп  те  сайрады.  Бірақ  даңғылға  жарыса
салынған көптеген көшелер соқпақ жол күйінде еді, осы көшелермен жүріп
өткен  автомобильдер  даңғыл  төсіне  шыққанда,  дөңгелектеріне  жабысқан
лай-батпақты  шашып  кетіп  жататын.  Осыны  дəлелдеу  үшін  Астананың
құрылысы  мен  дамуы  жөніндегі  кеңестен  кейін,  жауын-шашынды,  лай-
батпақты  күндердің  бірінде  аяқ  астынан  қаланың  басшылығын  автобусқа
отырғыздым  да,  орталыққа  жақындау  орналасқан  ең  лас  жерлерге  алып
бардым.  Бұл  жерлерді  етіксіз  аралап  шықтық,  мұны  көрген  басқалар  енді
«Қай  жерді  жинаймыз,  қалай  жинаймыз,  қанша  жинаймыз»  деген
тақырыпта  талқылау  басталады  деп  ойлады.  Бірақ  мен  бұл  ниетті  қолдай
қойғаным  жоқ.  Өйткені  осы  проблемаға  барынша  кешенді  түрде  қарағым
келді. Міне, осындай ойлардан бастап тозығы жеткен ескі үйлерді бұзудың,
қажетті
инфрақұрылымдар
салудың
жəне
де
қала
аумақтарын
көгалдандырудың  жүйелі  бағдарламасының  негізі  қалана  берді.  Қаланың
барлық көшелерін жаңартудың нақты шаруасы, іргелі бағдарламасы осылай
басталды.
Астана  өзгере  берді.  Ол  бейне  бір  «Қазақстан  астанасы  деген
орнымды алуға əзірмін!» дегендей жаңа түрге еніп келе жатты...
Осынау  орасан  зор  жобаның  барлық  қатысушыларының:  тұсаукесерді
ұйымдастырушылардың,  құрылыс  қызметтері  мен  компанияларының,
муниципалды  органдардың  жəне  жүздеген  басқа  адамдардың  жаңа
астананы астана ретінде “жарыққа шығару" əзірлігін қамтамасыз еткен күн
сайынғы қажырлы жұмысы жемісін берді.
Сонымен  тұсаукесерге  əзірлік  кезіндегі  ең  басты  нəрсе  -  құрылыс
салу мен жаңа объектілерді іске қосу шешімін тапты.
Біздің  бастапқы  ойымыз  бойынша,  жаңа  астананың  ресми
тұсаукесеріне  дейін  аз  болса  да,  көп  болса  да,  57  объектіні  іске  қосуды
117

жоспарлап  едік.  Бұл  үшін  құрылысшылардың  мақтануына  əбден  болады,
осынау  орасан  зор  жоспар  ойдағыдай  орындалды:  барлық  объектілер
уақытында пайдалануға берілді!
Бүкіл өзен жағалауы жинақы, салиқалы түрге енді. Оның түйетайлы
жағалары  əшекейлі  плиткалармен  көмкерілді,  жағалауды  бойлай  төбесі
күмбезделген  бағаналы  беседкалар  салынды,  жағалау  су  айдынынан
өрнекті  темір  қоршаумен  бөлініп,  өзенді  қуалай  асфальт  соқпақтар
тартылды.
Есіл айдынының қақ төрінен гүлдің алып қауашағына ұқсас фонтан “өсіп”
шықты.  Күн  сəулесімен  шағылысып,  айналасын  шағын  кемпірқосақтарға
толтырып,  су  астынан  тым  биікке  атыла  шапшыған  фонтанның  сиқырын
қарап  тұрудың  өзі  ғажап.  Есілге  тым  таяу  жерден  «Қиял  əлемі»  деп
аталатын  “Айя”  мəдени  ойын-сауық  орталығы  бой  көтерді,  онда
кемпірқосақтың  сан  алуан  түсімен  құбылған  қазіргі  заманғы  əсем
аттракциондар  бар.  Кенесары  көшесінің  бойында  тұрған,  халқымыздың
даңқты  палуаны  Қажымұқан  Мұңайтпасов  атындағы  Орталық  стадион
толығымен  қайта  жасалып,  жаңғыртылды,  сөйтіп  бұл  бұқаралық  іс-
шаралар  мен  салтанатты  мерекелерді  өткізуге  əрқашан  əзір  тұрған  нағыз
астаналық  стадионға  айналды.  Қазақтың  кемеңгер  абыздары  Төле  бидің,
Қазыбек бидің жəне Əйтеке бидің ескерткіштерін ашу рəсімі болып өтті.
Бүкіл  астаналық  инфрақұрылымды  қайта  жасау  қарқын  ала  түсті:
мөлтек  аудандар  мен  көшелер  абаттандырылып,  көркейтілді,  жолдар
жөнделіп, қайта жасалды.
Тұсаукесер  астана  келбетін  ұдайы  жəне  айнымас  қалыппен
жетілдіре түсудің бір үзігі ғана сияқты еді.
Астананың тұсаукесері өткізілген күннен бері бар болғаны жеті жыл
өтті.
Алайда  осы  мерзім  ішінде  қаншама  істер  атқарылды  десеңізші!  Темір  жол
вокзалы толығымен қайта жасалып, қазіргі заманғы көркіне енді, Астанаға
келіп-кетушілер  үшін  қолайлы  жағдай  жасайтын  сыртқы  жəне  ішкі  жаңа
кешендер пайда болды.
Сөйтіп,  ақырында,  Астана  нағыз  астаналық  вокзалға  ие  болды!
Күрделі  қайта  жасау  жұмыстары  жүргізілгеннен  кейін  вокзал  сыртқы
сұлбасы  бұзылмай-ақ,  адам  танымастай  өзгеріп  кетті.  Іші  де,  сырты  да
өзгерді.
Біріншіден,  инженерлік  қоммуникациясы  толығымен  жаңартылды,
жаңа  терминалдық  жабдықтар  пайда  болды,  күту  залдары  кеңейтіліп,
жаңғыртылды.
118

Енді вокзалдың тəулік сайынғы өткізгіштік қабілеті 5800 жолаушыға
дейін
артты.
Вокзалдың
ішкі
холы
ақпараттық
табломен,
бейнеқадағалаумен  жарақтандырылды.  Жолаушыларға  қолайлы  болуы
үшін  ғимараттың  ішінде  бар  мен  кафе,  бейнезал,  демалыс  бөлмесі
орналасқан, тіпті шағын маркет те бар.
Екіншіден,  перронның  тап  үстінде  жолаушыларды  желден,
жаңбырдан,  қардан  қорғайтын  арнайы  қалқа  орнатылған.  Астананың
тұрғындары  мен  қонақтарына  қолайлы  жағдай  жасау  мақсатында  вокзал
əйнек  витраждардан  əзірленген  конкорсты  өткелмен,  мүгедектерге
арналған арнаулы лифтімен жəне эскалаторлармен толықтырылған.
Астананың  темір  жол  қақпасы  енді  жаңа  астананың  көз  тартарлық
ғимараттары ішінен өзінің берік орнын алатыны сөзсіз...
Астананың  жаңа  мəдени,  ойын-сауық  объектілері  ашылды,
бұлардың  ішінен  Күлəш  Байсейітова  атындағы  Опера  жəне  балет
театрының  классикалық  пішінін,  модерн  стилінде  орындалған  “Синема-
Сити”  кинотеатрын,  мұражай-көрме  залы,  кітапхана,  мəжіліс-залы
орналасқан  Президенттік  мəдениет  орталығының  зəулім  күмбезін  атап
өткен жөн.
2004  жылдың  қаңтар  айында  біз  Ресей  Президенті  Владимир
Путинмен  бірге  оның  ресми  сапары  кезінде  Президенттік  мəдениет
орталығына бардық. Сонда Путиннің қазақтың киіз үйінің жасаулары мен
оның көшпелі тұрмысының бұйымдарын аса қызығушылықпен қарағанын
байқадым.  Мəртебелі  мейманымыз  сəуле  шаша  жарқыраған  əйгілі  "Алтын
адамның" түр-тұлғасына қадала қарап, таң-тамаша қалды.
Қазақстан  Қаржы  министрлігінің  ғимараты  да  өзінің  желбіреген
жалаудай  ерекше  пішінімен  көз  тартады.  Ғимарат  кейде  тербелген
толқынды  елестетеді.  Десек  те,  Астананың  көзі  өткір  кейбір  тұрғындары
бұл  ғимараттың  пішінінен  американдық  доллардың  сұлбасын  көре
қалыпты. Сөйтіп бұл ғимаратымыз «Доллар» атанып кетті.
Астанадағы  осы  көз  тартарлық  ғимараттың  бас  сəулетшісі,  сəулет  жəне
қала
құрылысы
департаментінің
директоры
Владимир
Лаптевтің
түсіндіруінше,  бұл  ең  басында  Қазақстан  Республикасы  туының  тасқа
айналған  бейнесі  ретінде  ойластырылған  екен.  Сəулетшілердің  пікірінше,
көгілдір  қасбетке  шағылысқан  күн  сəулесі  ғимаратты  жайылған  матаның
суретіне  айналдырады,  ал  көк  жұзінде  көшкен  қазбауыр  бұлттардың
жөңкілген көлеңкесі осы алып матаны желдей желбіретіп тұрғандай əсерге
бөлеуге  тиіс.  Бəлкім,  ғимараттың  қасбеті  барынша  көгілдір  болмай,  содан
да  ғимарат-тудың  əсері  жұртқа  жетіңкіремей  қалған  шығар.  Соған
119

қарамастан,
ғимарат
пішінінен
астаналықтардың
бірінші
кезекте
«долларды»  тап  басуын  өз  басым  бөтен  көрмеймін.  «Доллар»  болса,
«доллар» болсын... Ең бастысы сұлу да сүйкімді ғимарат пайда болды.
Бұрын  Қаржы  министрлігінің  қазіргі  ғимаратының  орнында
“обкомдікі”  деп  аталатын  үйлер  тұратын-ды.  Бұлар  бір  кезде  заманына
барынша  лайық  болған,  ал  бүгінгі  күн  үшін  тым  ескіріп  кеткен  үйлер  еді.
Осы  аумақты  аралап  жүргенде  мен  астананың  қақ  ортасында  ауласында
клозеті бар осындай дербес үйлердің тұрғанына реніш білдірдім.
Дұрысы  бұл  үйлерді  бұзып  тастап,  орнына  қала  мен  республиканың
қажеттілігіне  жауап  бере  алатын,  мейлінше  жаңа  заманға  тəн  құрылыстар
салған  жөн  болатын  еді.  Бұл  үйлерді  бұзуға  қаланың  байырғы  тұрғыны,
əкім  Ə.  Жақсыбеков  əзер  келісті.  Өйткені  ол  бала  кезінен-ақ  бұл  үйлерге
ерекше  бір  ізетпен  қарауды  үйренген.  Былайша  айтқанда,  осы  жер  ескі
Ақмоладағы  “дворяндар  ұясы”  сияқты  еді.  Сөйтіп  нақ  осы  аумақта  іс
жүзінде  жаңа  аудан  –  Қаржы  министрлігі,  фонтандары  бар  саябақ  жəне
басқа қазіргі заманғы құрылыстар пайда болды.
Бүгінгі  “Алатау”  спорт  сарайы  бұрынғы  КСРО  Ауыр  арнаулы
құрылыс  министрлігінің  аяқталмай  қалған  корпусы  екенін  көп  адам
ұмытып  та  қалған  шығар.  Оның  айналасында  бір-біріне  жабыса  салынып,
бетон  панельдердің  сынығынан  жасалған  жабайы  гараждар  тұратын.
Мұндай  гараждар  əр  жерде  бар-ды.  Қала  келбетін  бұзып  тұрған  осындай
гараждарды  аяусыз  қиратқан  кезде  Ə.Жақсыбековтің  қандай  қарсылыққа
төтеп бергені маған жақсы мəлім.
Сөз  ретінде  Қаржы  министрлігін,  басқа  да  көптеген  көз  тартар
ғимараттарды
Астана
мен
Қазақстанның
аса
ірі
құрылыс
компанияларының бірі “Базис-А” корпорациясының салғанын айтып өткім
келеді.  Бұл  –  құрылыс  нарығында  өзін  орнықты  əрі  сенімді  түрде
көрсеткен,
ауқымды
жобалардан
сескенбейтін,
орындау
сапасы
тұрғысынан,  өз  қызметкерлері  мен  қызметшілерінің  кəсіби  шеберлігі
жағынан əлемдік стандарттарға сай компания. Энергетика министрлігінің,
«ҚазМұнайГаздың» Есілдің сол жағалауында пайдалануға беріліп үлгерген
аспанмен таласқан «Транспорт-Тауэр» зəулім ғимаратын тұрғызу абыройы
осы компанияға тиесілі.
«Транспорт-Тауэр»  зəулім  ғимаратын  жобалау  мен  салуға  арналған
тапсырысты  алу  үшін  бірнеше  шетелдік  жəне  отандық  компаниялар
күресті.
Бірақ  осынау  даңқы  зор  конкурста  “Базис-А”  компаниясының
талантты  сəулетшілері  мен  дизайнерлерінің  жобасымен  ешкім  бəсекелесе
120

алмады. Орындалу шеберлігінен басқа, бұл жоба ең бір үнемді жоба болып
шықты.  Ғимарат  құрылысын  салу  кезінде  10  миллионға  жуық  доллар
қаражат үнемдеуге мүмкіндік туды...
Қаладағы спорттың жайы да ұмыт қалған жоқ. Қысқа мерзім ішінде
айнадай  жарқыраған  “Алатау”  спорт  сарайы,  сыртқы  пішіні  өзінің  өткір
қырларымен кеңістікті жарып келе жатқан алып мұхит кемесін елестететін
«Қазақстан» спорт сарайы пайдалануға берілді.
Жаңа  ипподром,  есу  каналы,  сегіз  ашық  корттан  тұратын  теннис
орталығы,  бизнес  орталығының  биік  ғимараты  жəне  басқа  да  көптеген
құрылыстар салынды.
“Қазақстан"  спорт  сарайының  түгелімен  меценаттар  қаражатына
салынғанын жəне осынау бірегей құрылысқа 11 миллионнан астам доллар
жұмсалғанын  еске  сала  өтейін.  Бұл  қаражаттар  Шеврон,  Эксон-Мобил,
Испат-Қармет,  «Қазақстан  алюминий»,  Аксесс  Ин-дастриз,  Филипп
Морис, Эке, Паркер дрилиг сияқты белгілі фирмалардан, Дөң мен Соколов-
Сарыбай
кен-байыту
комбинаттарынан,
Қазхромнан
жəне
Ақсу
ферроқорытпа  зауытынан  түсті.  Менің  өтінішіме  дер  кезінде  көңіл
бөлгендері  үшін  бұлардың  баршасына  ризашылығымды  білдіремін.  Осы
спорт  кешенінің  тұтастай  отандық  материалдардан  салынғанын  да  есте
ұстаған  жөн.  Мұның  ең  үлкен  мұзды  залы  бес  мыңға  дейінгі  көрерменді
сыйғыза алады. Олимпиадалық стандарттағы 1200 орындық көрермен залы
бар жүзу бассейні де осында. Басқа да көптеген дүниелері бар.
Бір сөзбен айтқанда, жаңа астананың спорт кешендері де талапқа сай
деңгейге көтерілді. Бүгінде жаңа спорттық құрылыстар астана тұрғындары
мен қонақтарының ең көп баратын сүйікті орындарына айналды.
Əрине  жаңа  астананың  бірегей  объектісі  «Думан»  ойын-сауық
кешені болып табылады.
Астананың  тұрғындары  мен  қонақтары  əлемдік  мұхиттардан
бірнеше  мыңдаған  шақырым  қашықта  тұрса  да,  теңіз  суларымен
толтырылған 13 орасан аквариумға орналасқан, теңіз бен мұхит тұңғиығын
мекендеушілердің  құпия  өмірінің  қойнауына  шынымен  бойлай  алады.
Сөйтіп  кең  дала  төсінде  бой  көтерген  астананың  тіршілігін  айтарлықтай
жадыратып,  жандандыруды  мақсат  тұтқан  бұл  өзі  кереметтей  қызық  əрі
ғаламат күрделі жобаның əсемдігі мен маңыздылығын сезіне түседі.
Əйнекті  коридорды  бойлай  жүріп,  жан-жағыңды  көзбен  шолып,
құдды бір капитан Немо құсап, басыңды көтеріп қарасаң, тура көз алдыңда
мұхит пен теңіз тұңғиығының бейтаныс мекендеушілерін көресің, бұлар да
бүгін Қазақстан астанасына тұрақтапты. Мен ихтиолог емеспін, сол себепті
121

«Думан»  океанариумында  көрген  теңіз  жəндіктерінің  бəрінің  атын  атап,
түсін  түстеу  оңайға  түспейді.  Бірақ  мəселе  сонда  ғана  ма?  Ең  бастысы,
бұдан  былай  астана  тұрғындары  мен  қонақтарының  осынау  бірегей,
ғажайып  кешенге  барғанда,  өздерін  толық  құқылы  теңіз  жағалауындағы
қалалар
тұрғындары
сияқты
сезінетіндігінде
ғой.
Айтпақшы,
океанариумның  ішкі  мжағында  қазіргі  заманғы  кинозал  мен  тіпті  теңіз
суын өндіретін зауытқа дейін бар.
Өзіміз  бір  мəрте  айтып  өткендей,  астананың  ажарын  аша  түсетін
этнопарк  жасалды.  Ол  Қазақстанның  картасын  қайталай  отырып,
республиканың  қалалары  бойынша  Қазақстанның  бүкіл  сəулет  өнеріндегі
інжу-маржан:  Оңтүстік  астанадағы  асқақтаған  əсем  жаңа  мешіт  пен  алтын
күмбезі  жарқыраған  Воскресенск  соборынан  бастап,  Жетісудың  жоғалған
алқасындай  болған  Отырардың  тас  мұнарасы,  жұмбақ  сырлы  кəрі  Алтай
тауы  бөктерінің  қарағайлы  қара  орманы  сияқты  бабаларымыздан  қалған
мұраларға дейін жинақталған.
Астана,  əлбетте,  əлеуметтік-сауықтыру  объектілерін  де  ұмыт
қалдырған  жоқ.  Бұлар  болмаса,  қала  мен  астананың  толық  мəніндегі
инфрақұрылымының өмір сүруі əсте мүмкін емес.
Жаңа  медициналық  мекемелер  салып,  оларды  қазіргі  заманғы
техникамен  толықтыру  арқылы  денсаулық  сақтау  жүйесін  жақсарту  жаңа
астана тұрғындары үшін жақсы сыйлық болды ғой деп ойлаймын.
Балаларға  жəне  олардың  дені  сау  болуына  қамқорлық  жасау  жай  ғана
міндет  емес,  бұл  біздің  парызымыз.  Ұдайы  қамқорлық  жасай  отырып,
өскелең  ұрпақтың  бақыты  мен  болашақ  денсаулығы  үшін  жаныңның  бір
бөлшегін бергеннен артық не бар?
Мысал  үшін,  Астананың  Сол  жағалауында  2003  жылы  ашылған,
ашылу  рəсіміне  менің  қатысуыма  тура  келген  Кардиохирургиялық
орталықты алайық. Бұл объект - Сауд Арабиясындағы ханзада Сұлтанның
жеке сыйлығы. 30 орынға есептелген жəне жүректің ишемиялық ауруымен,
жүректің  кейін  пайда  болған  жəне  туа  біткен  ақауымен  ауыратын
адамдарға  арнайы  хирургиялық  көмек  көрсету  мақсатын  көздейтін  бұл
орталық  –  тұтастай  Орталық  Азиядағы  осындай  тұрпатты  бірегей  жəне
жалғыз  медициналық  мекеме  болып  табылады.  Орталықта  қазіргі  заманға
қажетті
барлық
аппараттар:
«Филипс»
(Голландия)
фирмасының
ангиографиялық  қондырғысы,  немістің  «Дрегер»  фирмасы  шығарған
қазіргі  заманғы  наркоз  жəне  қадағалау  аппаратымен,  «Сток»  (АҚШ)
фирмасы  шығарған  жасанды  қан  айналысы  аппаратымен,  8  төсектік
реанимациялық  блокпен,  немістің  «Би  Браун»  фирмасы  шығарған  екі  қан
122

ыдырату аппаратымен жарақтандырылған қос операция бөлмесі бар.
Қаладағы №2 балалар ауруханасының келбетінің күрт өзгергені мені
ерекше  қуантады.  Сонау  1999  жылы  Токиода  болғанымда  Жапон
үкіметімен  медициналық  қызмет  көрсетуді  жақсарту  жөніндегі  жобаны
Қазақстанда  іске  асыру  туралы  келісімге  қол  қойып  едім.  Осы  келісімнің
қағаз  жүзінде  ғана  қалмағаны  қандай  сүйінішті  десеңізші,  2001  жылы
Астананың  үш  балалар  ауруханасы  жалпы  сомасы  10  миллион  доллар
тұратын  тамаша  медициналық  жабдықтарға  ие  болды!  №  2  ауруханада
томограф,
əр
түрлі
диагностикалық
жəне
зертханалық
техника,
операциялық бөлмелердің жабдықтары орнатылды.
Осынау  өз  балаларымызға  қарай  бір  қадам  аттаудың  арқасында
қаншама сəбилердің өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік туды жəне
дəл солай бола бермек.
Енді қарасаңыз, деңгейі қазіргі заманғыдан да асып түсетін осы ауруханада
жыл сайын жаңа астананың 7-8 мың бүлдіршіні емделіп жүр!
Астананың  балаларын  айтпағанда,  мұнда  бүкіл  Қазақстанның  балалары
емделуде.  Бұл  сыйлықтың  жалғыз  Астана  үшін  емес,  тұтастай  Қазақстан
үшін толымды тарту бол- ғаны күмəнсіз...
Өте  жаңа,  мейлінше  бірегей  техникамен  жарақтанғандардың  бірі  -
Республикалық  клиникалық  аурухана  болып  отыр.  2001  жылғы
қыркүйекте  оның  ашылу  рəсіміне  қатыстым.  Маған  айтуынша,  бұл
медициналық  кешенге  ТМД  елдерінде  теңдес  келетін  ештеңе  жоқ,  ол  он
жыл  мерзімге  88  миллион  доллар  мөлшерінде  жеңілдікті  кредит  бөлген
Ұлыбритания  үкіметінің  қаражатына  салынды.  Кешен  бір  мезгілде  240
ересек  пациенттерді  қабылдай  алады,  клиниканың  жергілікті  жəне
республикалық  бюджеттерден  қаржыландырылуына  байланысты  олар
тегін емделеді.
Əрине,  біздің  балаларымыздың  психологиялық  денсаулығына  да
назар  аудармауға  болмайтын  еді.  Бізде  шаңырағы  шайқалған  отбасылар,
түрлі  себептердің  салдарынан  ата-анасынан  ерте  айырылып,  ананың  аялы
алақанын, əкенің үлгісін көрмей-білмей өсіп келе жатқан балалардың бары
жасырын  емес.  Əсіресе  осыларға  қиын.  Жүйкенің  жарақаты  дене
жарақатынан  гөрі  ауыр  болады.  Дене  жарақатының  емін  табуға  болар-ау,
алайда  айналасынан  əрдайым  мейірім  мен  жылылықты  күтетін  баланың
жан жарасын қалай емдерсің?
Сондықтан 2001 жылғы маусымда халықаралық “СОС Киндердорф-
Астана"  балалар  ауылының  ашылу  салтанатына  –  шын  мəніндегі  балалар
мерекесіне қатысу мені ерекше қанағат сезіміне бөледі.
123

Мұның  жайын  естімегендер  үшін  айта  кетейін.  Мемлекеттік  емес
«СОС  Киндердорф  Халықаралық  қоры»  қайырымдылық  ұйымы  бұдан
жарты  ғасырға  таяу  уақыт  бұрын  соғыстан  кейінгі  Австрияда  құрылған.
Мұны құрған Герман Гмайер кейін оның бірінші президенті болды.
Бұл ұйым өзіне аса ізгілікті міндетті, яғни нəсілі мен дініне қарамастан, ата-
анасын  жоғалтқан  барлық  балаларды  тұрақты  үймен  қамтамасыз  етуді
қолға  алды.  Осы  үйде  балалар  ересек  өмірге  лайықты  енуге,  қоғамның
толыққанды мүшесі болуға дайындалады.
Қазақстан «Баланың құқығы туралы» Конвенцияға қол қойды жəне
2000  жылғы  желтоқсанда  біз  «Отбасы  үлгісіндегі  балалар  ауылы  жəне
жасөспірімдер үйлері туралы» Заң қабылдадық. Бұдан бұрын, 1994 жылғы
тамыз  айында  менің  зайыбым  Сара  Назарбаева  «СОС  -  Қазақстанның
балалар ауылдары» қорын құрған болатын. Қазір мұндай балалар ауылдары
Алматы  мен  Астанада  жұмыс  істеп  тұр.  Осындай  балалар  ауылының  бірі
Теміртау қаласында салынуда.
Дəл осы қордың құрылуы 2000 жылғы балалар ауылдары туралы заң
қабылдануының тұңғыш хабаршысы болды.
Астанадағы  балалар  ауылы  жай  ғана  тұрғын  үйлер  емес.  Бұл
тұтастай  балалар  қалашығы,  мұнда  ауылдың  жас  тұрғындары  үшін  толық
жабдықталған, қолайлы жағдай жасайтын қажетті инфрақұрылымның бəрі
бар.  Жылы  ұядай  үй-жайлар,  балабақша,  медициналық  пункт,  қонақ
қабылдайтын  үй,  спорт  алаңдары,  қызметтік  құрылыстар  -  Қазақстан
астанасындағы тұтас бір балалар қаласы, міне, осындай!
Бұл  мөлтек  қалада  108  бүлдіршін  тұрады,  олардың  əрбірі  өзінше
дара, шетінен талантты жəне Қазақстан Республикасының азаматы ретінде
үлкен өмірге араласып кетулеріне толық мүмкіндіктері бар.
Əрине, астананың ажарына ажар қосқан, жаңа корпустарымен қала
ландшафтына  тамаша  кірігіп  кеткен  Лев  Г  умилев  атындағы  Еуразия
университетін айтпай тұра алмаймыз.
Бұл
күндері
шетелдік
мəртебелі
қонақтарды
Еуразия
университетінің  қабырғасында  қабылдап  жүргенде,  өз  басым  осынау  оқу
ордасының  үйлесімді  де  əдемі  сəулетіне  əрдайым  таңдана  қараймын.
Мұндай  таңданыстарын  осында  келген  меймандарымыз  да  жасыра
алмайды.
«Астананың
мəдени
капиталы»
деген
ұғым
Еуразия
университетіне  көз  түскен  сəттен-ақ  адам  санасында  нақты  бейнеге
айналады деп ойлаймын.
2001  жылғы  қаңтарда  мен  Астана  қаласында  қазақ-түрік  лицейінің
айшықты  əрі  қазіргі  заманға  сай  етіп  салынған  ғимаратының  ашылуында
124

болдым.  Негізі  1994  жылы  қаланған  осы  лицейде  бүгінде  білікті  де
тəжірибелі  оқытушылар  өз  шəкірттеріне  Еуразияның  төрт  тілінде  –  қазақ,
түрік, орыс жəне ағылшын тілдерінде дəріс беруде. Оқу сапасының жоғары
екендігі  соншалық,  лицейді  бітірген  түлектердің  98  пайызға  жуығы  өз
білімдерін қазақстандық жəне шетелдік жоғары оқу орындарында табыспен
жалғастырып жатыр.
Əлбетте  мұндай  бірлескен  білім  беру  ордаларының  болуының
Қазақстан  мен  Түркия  арасындағы,  Қазақстан  мен  Ресей  арасындағы,
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы – халықтар достығының символы
ретінде  терең  саяси  мəн-мағынасы  бар.  Бір  сөзбен  айтқанда,  бұл  –
Қазақстан мен бүкіл əлемдік қоғамдастық арасындағы достық.
1998  жылы  Қазақстан  мен  Ресей  арасында  білім  беру  саласындағы
ынтымақтастық  туралы  шартқа  қол  қойылып,  оған  Қазақстан-Ресей
университетін құру туралы бір тармақ енгізілген-ді. Шарттың осы тармағы
2003  жылы  іске  асты.  2003  жылғы  10  маусымда  мен  жаңа  астананың  Сол
жағалауында
Қазақстан-Ресей
университетінің
жаңа
корпусының
ашылуына  қатыстым.  Жаңа  университеттің  қосымша  құрылтайшылары
мен  əріптестерінің  арасында  Ресейдегі  жəне  ТМД-дағы  аса  ірі  білім  беру
мекемесі  -  Мəскеудің  Қазіргі  заманғы  Гуманитарлық  Университеті  бар
екенін айтып өткен жөн.
Менің өкімім бойынша, 1994 жылы құрылған Қазақ мемлекеттік заң
академиясының  жаңа  ғимараты  құрылыс  материалдарының  соңғы
үлгілерін қолдана отырып, жинақы сəулеттік стильде орындалды.
Қазіргі  заманғы  сауатты  басқарушыларды  көптеп  тілеп  отырған
қалаға,  қаулап  өсіп  келе  жатқан  Астанамызға  нақ  осы  заң  академиясы
ауадай  қажет  деп  білем.  Өйткені  бүгінде  Жоғарғы  Сот,  Бас  Прокуратура,
министрліктер  мен  ведомстволардың  бəрі  де  осы  жаңа  астанада
орналасқан.  2001  жылғы  маусымда  осы  жоғары  оқу  орны  студенттерінің
алдында  сөз  сөйлегенде,  мен  жаһандық  əлем  жүйесіне  қосылу  сияқты
басты  міндетті  біз  қалай  шешуіміз  керектігі  жөнінде  өз  ойларыммен
бөлістім. Жəне бұл міндеттердің бəрі көп жағдайда нақ осы білім жолымен,
бірінші  кезекте  заңгерлік  білім  арқылы  шешілетінін  жастардың  есіне
салдым.  Қазақстан  азаматтары  үшін  соншалықты  өмірлік  маңызы  бар  осы
міндеттерді
ойдағыдай
орындайтын
болашақ
заңгерлер
мен
құқықтанушылар емес пе!
Инновациялық  бағдарламалар  орталығы  да  мені  өзгеше  жақсы
əсерге  бөлейді.  Мұнда  республиканың  Білім  жəне  ғылым  министрлігі
жанындағы  білім  беруші  төрт  ұйымы  бар.  Олар:  Республикалық  «Дарын»
125

орталығы, халықаралық «Білім» орталығы, Ыбырай Алтынсарин атындағы
Қазақ  білім  академиясы  жəне  Білім  беру  мен  тестілеу  мемлекеттік
стандарттарының ұлттық орталығы.
«Дарын»  орталығының  компьютерлерінде  сирек  ұшырасатын
деректер  базасы  -  біздің  еліміздің  барлық  дарынды  балаларының  деректер
банкі  бар  екенін  білгенде,  қатты  таңдандым.  Бұл  дегеніңіз,  Қазақстанның
жоғары оқу орындары мен мектептеріндегі алты мыңнан астам студенттер
мен оқушылар ғой. Еліміздегі жас таланттар мен дарынды балалардың саны
бұдан əлдеқайда көп болуы керек деп ойлайтын жəне осы деректер базасын
жасаушылардың  мұны  ұдайы  жетілдіріп  отыруға,  толықтырып  отыруға
ынтасы да, қабілеттері де жетеді деген үміттемін.
Ал  халықаралық  «Білім»  орталығының  ауқымды  ақпараттық
компьютерлік желі құру жоспарын алыңыз.
Орталықтың  түпкі  ойы  бойынша,  бұл  желі  біздің  кең-байтақ
Отанымыздың  барлық  қалалық  жəне  ауылдық  мектептерін  қамтуға  тиіс.
Болашақ оқушылар нақ осы желіден барлық қажетті ақпаратты электронды
кітаптардағы білім қазынасын таба алады.
Енді  Ұлттық  академиялық  кітапхананың  əсем  де  айбынды
ғимаратына  келейік.  Мұны  кезекті  Астана  күніне  орай,  2004  жылғы  10
маусымда  Юрий  Лужков  екеуміз  ашып  едік.  Айтпақшы,  Лужков  жаңа
кітапханаға  шын  мəнінде  «астаналық»  сыйлық  жасады,  орыс  əдебиеті
классиктерінің тура үш мың томдық шығармаларын сыйға тартты.
Əрине,  білім  беру  мекемелері  жүйесін  құру  қажет.  Сонымен  бірге
студенттердің өмірі мен тұрмысы үшін қолайлы жағдайлар жасайтын тиісті
инфрақұрылымды  да  жасау  керек.  Бұл  орайда  неғұрлым  көрнекті  мысал  -
Студенттер  үйі  бола  алады,  ол  500  студентке  арналған  Лев  Гумилев
атындағы  Еуразия  Ұлттық  университеті  жанындағы  тоғыз  қабатты
жатақхана.  Студенттерге  арналған  пəтер  үлгісіндегі  осы  əдемі  де  жинақы
бөлмелерді  аралап  көру  ерекше  қуанышқа  кенелткендей.  Бөлмелердің
бəріне телефон орнатылған. Ғимараттың өз ішінде керекті нəрсенің бəрі бар
–  кітапхана,  оқу  залы,  асхана,  буфет,  кір  жуатын  бөлме,  би  залы,  тіпті
алыстан келген ата-аналарға арналған қонақ үй, барлығы да осында.
Біз  студент  болып  жүргенде  мұндай  нəрсе  өңіміз  түгіл,  түсімізге
кірмеуші еді. Тіпті студент осындай жағдайда тұруы мүмкін-ау дегенді көз
алдымызға елестете де алмайтынбыз. Шамасы, біздің тəрбиеміз басқашалау
болды білем...
Дегенмен  Астанадағы  білім  жайын  айрықша  айтқым  келеді.
Мəселенің төтенше маңыздылығы оны əңгіме арқауы етуге сұранып-ақ тұр.
126

Еліміз  үшін  зияткерлік  ресурстарды  даярлау  мəселесі  –  Астана  мен
Қазақстанды  бұдан  əрі  дамыту  жолындағы  ең  маңызды  мəселе,  ол  біздің
бүкіл білім беру жүйесінің «тиянақты императиві» болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет