«...Жобаланған
мерзімде (1980ж.)қала тұрғындары 350 мың адам болады деп айқындалды.
Қаланың қазіргіжəне жаңа бөлігінің шекарасындағы жаппай тұрғын үй
құрылысының оңтүстік-шығысқа қарай айтарлықтай екпінмен дамуына
байланысты Ащыбұлақ ауданы жалпықалалық орталық болады деп
көзделді. Қалыптасқан орталықтың жаппай құрылыс аймағына қатысты
алғанда шеткері орналасуы еркін аумақтарда Тың өлкесі орталығының
жаңа
əкімшілік-қоғамдық
мекемелерін
салу
үшін
неғұрлым
бай
мүмкіндіктер беруге тиіс еді. Ғылыми жəне жобалау ұйымдарына тұрғын
үйлер құрылысының орталығынан оңтүстікке қарай айтарлықтай аумақ
бөлінді. Қаланың оң жағалаудағы бөлігінде Есілді бойлайтын парк аймағы
функционалдық аймақтардың кезегін тұйықтап тұрды. Жоба бойынша
халқының саны 5 мыңнан 100 мыңға дейін жететін бес қалалық аудан
ұйымдастыру көзделді...».
Бұрын қаланы дамыту жоспарларының негізіне функционалдық
аймақтардың шоғырлану принципі салынып, бұл қаланың (немесе
астананың) əкімшілік орталығы – орталық шеңберді жəне орталықтың
айналасына шоғырланатын əр түрлі функционалдық сипаттары бар
138
шеңберлер тобын қамтитын. Орталық шеңберден кейінгі екінші сақина –
тұрғын үй (адамдар тұратын) аудандарын, ал үшінші сақина өндірістік жəне
өнеркəсіптік кəсіпорындар мен кешендерді қамтитын. Парк аймақтары мен
демалыс аймақтары мұндай құрылымда қаланың барлық функционалдық
шеңберлерінде орналасатын.
Целиноградтың жағдайында дөңгелене тұйықталу принципінен гөрі
функционалдық аймақтардың тік сызықты параллельдік принципі
алынғанын көріп отырмыз.
Аймақтар түзу сызық бойына созылып, бір-бірімен тығыз
байланысқан кең белдеулерді еске салатын жəне аксиальді бағытта іс
жүзінде шексіз дами алатын. Мұндай тұжырымдаманың авторы
Н.Милютиннің ойы бойынша, бір-біріне жалғасып жатқан өнеркəсіптік,
тұрғын үй жəне парк аймақтарын қоса, қаланың барлық функционалдық
аймақтарының өзара іс-əрекетіне осындай тəсілмен барынша қол
жеткізілетін. Бұл ретте Целиноград жағдайында парк аймағы Есіл
жағалауына барып тірелетін.
Егер Астананың алғашқы пайда болған жылдарындағы картасына
көз салсақ, Милютиннің жорамалы бойынша, белдеулік қаланың
тұжырымдамасы шынымен іске асырылғанын айқын көруге болады.
Қаланың өзі созылған пішінде, көзге ап-анық үш белдеулік аймақтан
тұратын əлдебір “сэндвич" сияқты көрінеді. Есіл өзенін жағалай парктік
аймақ созылып жатыр, ал орталық демалыс паркінің өзі өзеннің сол
жағалауында орналасқан. Бұдан кейін қалалық орамдарды құрайтын,
негізінен ірі панельді тұрғын үйлер ғимараттарынан тұратын белдеуі орын
тепкен. Ақырында, осы «тұрғын үй» белдеуінің артында Астананың
индустриялық объектілері мен өнеркəсіптік кəсіпорындары орналасқан
өнеркəсіптік аймақ жалғасқан.
1987 жылы мемлекеттік «Казгипроград» жобалау институты
əзірлеген Целиноградты салудың жаңа Бас жоспары қабылданды. Шын
мəнінде жаңа Бас жоспарда бұрынғы, 1962 жылғы Бас жоспардың негізіне
салынған
тұжырымдама
сақталған
болатын.
Сайып
келгенде,
«Казгипроградтың» бұл жобасы Тың өлкесінің бұрыннан бар жəне
табысты іске асырылып жатқан Бас жоспарының жаңғыртылған нұсқасы
болды.
Жаңа жоспарда қала аумағын одан əрі кеңейтудің стратегиялық
векторы шығыс бағытта деп нақтыланды. Бұдан басқа, Есілдің сол
жағалауындағы кең кеңістікті жеке құрылыстар салуға, бірқатар
сауықтыру, ойын-сауық кешендерін жəне қала тұрғындарының демалыс
139
орны ретінде пайдаланылатын парк аймақтарын салу мақсатында
пайдалану ұсынылды.
Тəуелсіздікке ие болып, ел ордасын Ақмолаға көшіру туралы шешім
қабылданғаннан кейін қаланы дамытудың қолда бар тұжырымдамасы жаңа
өзгерісті қанағаттандыра алмады. Астаналық мəртебе жағдайында
функционалдық аймақтар жүйесіне жаңа да ауқымды бөлік – əкімшілік
аймақты ойластыра отырып, ұтымды кіріктіру қажет болды.
Нақ осы жаңа аймақ қала қалыптастыру функциясын өзіне алып,
республикалық қана емес, халықаралық мəртебені иемденген қаланы
өркендетудің алдағы кездегі бағыттарының жүйелі жəне айқындаушы
факторы болуға тиіс еді. Осының бəрі Астананы дамытудың мүлде жаңа
өзіндік əрі озық Бас жоспары қажет екендігіне көз жеткізді. Оның
тездетілгені тіпті жақсы еді...
Өкінішке қарай, асығыстық бізді тəлкекке салды. 1995 жылғы
қарашада болашақ астананың Бас жоспарының тұжырымдамасын əзірлеуге
конкурс жарияланды. Оның бəріне тура бір ай ғана мерзім берілді. Соған
сəйкес 1995 жылғы 13 желтоқсанда сарапшылар конкурс талаптары мен
бастапқы ойымызға жауап бере алмайтын 17 жобаны амалсыз талқылауға
кірісті.
Қалыптасқан жағдайды жəне мұндай жауапты іс-шараға əдістемелік
тұрғыда барынша сауатты келу қажеттігін ескере отырып, біз жаңа
астананың орталығын дамытудың бас жоспарының эскиз-идеясына ашық
халықаралық конкурс өткізуді ұйғардық.
Жарияланған конкурс жетекші өңірлік жəне əлемдік сəулет-қала
құрылысы орталықтары арасында шын қызығушылық тудырды.
Конкурсқа айтулы сəулет державаларынан жəне бұл тұрғыда əлемге
жайылған атақтары бар: Жапония, АҚШ, Австралия, Италия, Франция,
Германия, Ресей, Финляндия, Корея, Болгария, Пəкстан, Польша, Чехия,
Украина, Өзбекстан, Қырғызстан жəне Латвия сияқты елдерден 50-ден
астам жоба түсті. Барлық жобалар Конгресс-холлға қойылды, сөйтіп
олармен əркімнің танысуына толық мүмкіндік туды.
Ұсыныстар
топтамасының
ішінен
халықаралық
конкурстың
шарттары мен талаптарына жауап бере алатын 27 жобалық əзірлеме беделді
жюридің қарауына іріктелді.
Сөйтіп конкурс қорытындысы бойынша, Қазақстанның жаңа
астанасын салудың бас жоспары ретінде заманымыздың аса көрнекті
сəулетшілерінің бірі – жапон концептуалисі Кисе Курокаваның (шын аты
Нориаки деп біршама басқаша аталады) жобасы қабылданды.
140
1934 жылы дүниеге келген Кисе Курокаваның есімін бүгінде əрбір
сəулетші құрметпен атайды. Ал оның атақ-дəрежесі тіпті зор: ол АҚШ-тағы
Америкалық Сəулетшілер институтының құрметті мүшесі, Ұлыбритания
Корольдік
Өнер
Академиясының
мүшесі,
Жапонияның
Өнер
Академиясының академигі, Жапонияның Ландшафты Ұйымдастыру
жөніндегі қоғамының төрағасы, көптеген кəсіби наградалардың иегері,
халықаралық конкурстардың лауреаты жəне... Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің кеңесшісі болып табылады.
Даңқы жер жарған сəулетшінің шығармашылық тізімі тұтастай
қазіргі заманғы сəулет өнерінің тасқа айналған інжу-маржан үлгілерінен
тұрады, бұлар: Жапонияның Осака қаласындағы Ұлттық экологиялық
мұражай, «Сони» корпорациясының мұнарасы, ГФР астанасындағы
Жапон-герман орталығы, Болгариядағы «Витоша» отелі, Жапонның
«Бунраку» ұлттық қуыршақ театры, Хиросимадағы, Вакаямадағы,
Нагоядағы ғылым, қазіргі заманғы өнер жəне этнография мұражайлары,
сол сияқты басқа да адамзат сəулет өнері жетістіктерінің алтын қорына
кірген көптеген туындылар.
Ұлы сəулетші əрі архитектураның саңлақ шебері Кисе Курокаваны
сəулет саласында Кендзо Танге ұсынған жаңа бағыттың ең жарқын
ұстанушысы, тіпті нағыз соның жолын қуушы деуге болады. Бұл бағыт
«метаболизм» деп аталып, табиғат-ана төңірегіндегі ойларға жетелейді.
1960 жылы Жапонияның Сауда палатасы өткізген дизайн жөніндегі
«метаболизм» терминімен тұжырымдамалық тұрғыдан жария етті.
Осы тұжырымдаманың көптеген элементтері Курокава əзірлеп
ұсынған Астананы дамытудың Бас жоспарының тұжырымдамасына
салынғандықтан, бұған біршама тоқталып өткім келеді.
Сонымен
метоболизм
тұжырымдамасының
негізіне
екі
құрылымның симбиозы: сəулеттік элементтердің кейбір мызғымайтын
конструкциялық іргетасы мен серпінді ансамблі алынған.
«Метаболисшілер» қала сəулетін элементтері əр түрлі жылдамдықта,
əр түрлі қарқынмен дамитын жəне «жоғалатын» бірқалыпты емес өрістеу
ортасы деп қарайды. Егер қала ландшафтының əрбір элементіне
метаболизмнің əр түрлі жылдамдығы (тірі организм процесіне ұқсастыру
осыдан шыққан) тəн екендігі ескерілмесе, онда қала ландшафтының ескіруі
жеделдей түседі, өйткені қозғалмайтын конструкциялар барынша аз «өмір
уақытына» есептелген. Соған орай, Танге мен Курокаваның ойы бойынша,
əрбір сəулеттік нысан, біріншіден, сəн мен үрдіске қарамастан барлық
уақытта өмірге қабілетті, мығым да «ұзақ өмір сүретін» каркастан тұруға
141
тиіс. Екіншіден, уақыт пен сəннің рухына жауап беретін жаңа
тұжырымдаманың шешімдерімен алмастыра отырып жаңартуға болатын,
тез «өлетін» қозғалмалы жəне жылдам ауыстырылатын элементтерден
құралғаны жөн.
Мəселен, 1971 жылы Жапония астанасындағы көп пəтерлі «Нагаки»
тұрғын үйі осы принцип бойынша салынды. Ағашқа ұқсайтын бұл үй
бүкіл коммуникация мен жабдықтау жүйесін жасырып, жауып тұратын
қуатты «іргетас-оқпаннан», сондай-ақ осы оқпанға кіргізіп қойылатын
«капсул-пəтерлерден» тұрды.
Ал жаңа капсулдарды ауыстырып, монтаждау бірнеше сағат қана
уақыт алады. Тірі организм ретінде бұл тұрғын үй конструкциясы бұдан əрі
өсе де алады, ал капсулдар оқпанның өсу шамасына қарай монтаждалып
отырады.
Кисе
Курокаваның
өз
баяндауында,
«метаболизм»
тұжырымдамасының анық та нақты көрінісі бар: «Мен адамның өзіне-өзі
ұқсастығын сақтауға жəне сəулет пен технологиялардың дамуын біртұтас
бақылау арқылы сəулеттің өзіне адамдық кейіп берсем деп үміттендім...
Бұл реттегі сөз жаппай тұрғын үй өндірісі туралы ғана емес,
сонымен бірге өзгерістер мен өсуге қабілетті сəулетті қалыптастыру
туралы да болып отыр. Тұрғындарының өзі жобалау ісіне шынымен
қатыса алатын мұндай сəулетті «өзін-өзі ұйымдастыру» жүйесі ретінде
суреттеп жазуға болар еді».
Сөйтіп осы Жапонияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі
агенттігінің өкілі, қазіргі заманғы озық ойлы заңғар сəулетшілердің бірі
жарияланған халықаралық конкурста бірінші орынды жеңіп алып,
Қазақстанның жаңа астанасын дамытудың Бас жоспарының авторы
атанды.
Енді
Астананың
қала
құрылысының
тұжырымдамасын
түпнұсқада, автордың өз аузынан естіген лазым: «Жиырмасыншы ғасыр
механикалық принцип үстемдік еткен дəуір болды, жиырма бірінші ғасыр
Өмір Принципіне ауысқан дəуір болады. Өмірлік принциптің үстемдік ету
тұжырымдамасы: метаболизм, жаңару, симбиоз, экология жəне
жаһандық қоршаған орта сияқты тиекті сөздерден білінеді. Осы аталған
тұжырымдаманы
бойына
сіңірген
Астана
21-ғасырдың
қаласы,
симбиоздық қала болуға бейім.
Жаңа елорда ескі Ақмола мен жаңадан бой көтерген Астана
тарихының үйлесімді ұштасуының негізінде пайда болады. Қала
құрылысының құрылымы «шығыс-батыс» темір жол білігімен жəне
оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай ағып жатқан Есіл өзені
142
арнасымен қалыптастырылған...
Жаңа Астана қаласы Сена, Темза немесе Мəскеу өзені сияқты
қаланы қақ жарып ағып жатқан өзен жағасында бой көтереді.
Қала
орталығы
композициясының
эстетикалық
құндылығы
көркемдік сапасына жəне «адам көзінің ракурсымен» түйсіну жағынан
қарағандағы сəулеттік нысандардың орналасу тəсілдеріне байланысты
болады.
Мұндай түйсінудің тірекші элементтері ретінде төрт байтақ-
кеңістікті композиция: Президент резиденциясы, Əкімшіліктің ғимараты
мен Парламенттің ғимараты (шығыс жағынан орталықтың «қақпасын»
нақты көрсетеді), Монумент орнатылған Тəуелсіздік алаңы жəне мəдени
ойын-сауық алаңы цирк ғимаратымен қоса қызмет етеді. Осы
объектілермен бірлікте ғимараттар биіктігінің кезектесіп тұру ырғағы
реттеледі, бұл бой көтерген байтақ-кеңістік композициясына серпінді
мəнер
беретін
болады.
Қаланың
орталығы
екпінін,
музыкалық
вариациясын өзгерте отырып «концерттік» орындаудың өзіндік ырғақты
композициясы принципі бойынша жобаланған, бұл қала ортасының
айрықша атмосферасын жасайды. Аспан көкжиегінің айналасы деп
аталатын көк күмбезінің биіктігі, қаланың қызулы сергектігі, байтақ сəулет
доминанттары бар парктің тыныштығы мен сырбаздығы - бұл парктің
батыс бөлігіндегі аудан, парктегі Мемлекеттік тəуелсіздік монументі,
Президент Əкімшілігі мен Парламенттің (көше жақ қақпалардың көз
арбайтын əсері) ғимараттары жəне Президент Резиденциясы. Үкіметтік
орталықтың шығыс-батыс бөлігін жағалай орналасқан Орталық қалалық
паркте əр түрлі су қондырғылары (фонтандар, каскадтар салу) жобаланған,
бұлар айналаның сəулетін құлпыртып, микроклиматты жақсартады,
парктер мен баулар ішін жандандырады».
Мен келтірген дəйексөз ұзақтау болып шықты, бірақ мұның ақтап
алар дəлелі бар: өйткені Курокаваның қала салу жөніндегі теориясы мен
тəжірибесін жетік білмейтін оқырманға бұл ойларды Курокаваның өзінен,
яғни автордан артық ешкім де тəптіштеп, нақты сипаттап бере алмайды.
Дегенмен осы ұзақ сөзге қарамастан, əлде де қалалық сəулет пен
астаналық инфрақұрылымның барлық астарын егжей-тегжейлі баяндар
мүмкіндік жетерлік. Қалай болғанда да, бəлкім, біз ортақ іске нұқсан
келтірмей, Астанамыздың одан əрі үйлесімді де оңтайлы дамуы үшін
Курокаваның жобасына неғұрлым шығармашылықпен келген шығармыз.
2001 жылғы 15 маусымда Үкіметтің «Астана қаласының Бас
жоспары
туралы»
қаулысы
қабылданды.
Онда:
«Қазақстан
143
Республикасының бас қаласын кешенді дамытуды қамтамасыз ету
мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1.
Қосымшаға сəйкес Астана қаласының мəслихаты ұсынып отырған
Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жапон агенттігінің зерттеу тобы
əзірлеген Астана қаласы Бас жоспарының жобасы негізгі техникалық-
экономикалық көрсеткіштерімен бірге бекітілсін...», - деп жазылды.
Өз атымнан қосар болсам, қаланың тарамдалған-сақиналы
композициясы мен оның өрісті нысанын ұсынатын Курокаваның Бас
жоспары біздің көшпелі ата-бабамыздан жеткен ұлттық серпінді сезімді
ескеретіндіктен жəне қаланың орталық бөлігінің ландшафт ерекшелігі
номадтардың ежелгі көшпелі тұрақтарының пішінін еске салатындықтан,
көп жағдайда жаныма жақын сезіледі.
Сонымен
бірге
қаланың
жаңа
орталығының
функционалдық
аймақтарының мінсіз шоғырлануы қазіргі заманғы əлемдік астаналардың
қатаң ландшафтын ойға əкеледі, ал бұл біздің қаламызды сəулет өнерінің
талаптары тұрғысынан қарағанда, тұжырымдамалық жағынан алға
ұмтылған əрі озық шаһарға айналдырады. Курокаваның бізді толық
қанағаттандырған
жоспарының
стратегиялық
ұстанымына
таласпастан, оған былайша айтқанда, бірқатар тактикалық элементтер
енгіздік, мұның өзі астаналық ландшафттың ұлттық колоритін күшейтіп,
айшықтай түсті.
Бірінші кезекте, бұл жаңа астананың тұрғын үй жəне əкімшілік
ғимараттарының күмбез тектес болуын тəжірибеде іске асыруға қатысты
болды. Шынында Астананың көптеген сəулет құрылыстары мен
кешендерін безендіріп тұрған күмбездердің көп екенін аңғару қиын емес.
Мысал
ретінде
Президент
Резиденциясын,
Президенттік
мəдени
орталықты, Есіл жағасындағы биік үйлерді, сол жағалаудағы тұрғын үй
кешендерін айтсақ та жеткілікті.
Күмбез - сəулет өнеріндегі біздің ұлттық ерекшелікті белгіміздің
көрінісі болып табылады. Біз арканың неғұрлым ұзақ ғұмырлы жəне берік
нысанын есептеу, сынау жолдарымен айқындаған əл-Фарабидің тұңғыш
сəулетші екенін қалай мақтан етпейміз? Ұлы əл- Фараби жебе тұрпатты
қысқартылған арканың жер сілкінісіне барынша төзімді пішіндерін
есептеудің формуласына қол жеткізген. Əдетте аркалардың барлық
түрлеріне созылу күші əсер етіп тұрады, ал əл-Фарабидің аркасына
сығымдаудан ғана күш түсетін болған. Сəулетшілердің таңдаулы
жаратындысы ретінде бой көтерген Орталық Азиядағы, Иран мен
Пəкстандағы сарайлар мен мешіттер нақ сол əл-Фараби аркасы түрінде
144
орындалған.
Астананың қазіргі күмбездерінің мəдениеттің дəстүрлілігі мен
сабақтастығы рухында орындалған ұқсастықтарына қатысты айтар болсақ,
күмбездердің ұлттық дəстүрге орай бірден-бір көзге түсетін үйлесімі
қазақтың киіз үйіне ұқсайтындығынан көрінеді.
Шығыстанушы С. Руденконың пікірі бойынша, киіз үйден
«конструкциясы жағынан бірде бір көшпелі халық асып түскен жоқ жəне
ол көшпелі баспаналар ішіндегі ең бір: жетілдірілген түр болып табылады».
Бұл сөздерде сəулеттік дəстүрмен қатар, символдық сабақтастық та
айтылып тұрғанын байқаймыз. Киіз үй, оның құрылымының өзі, қаңқалы
болып түзілуі структурализм үлгісін – көшпелі өмір аңыздарында ежелден
кең жайылған Əлемдік Өмір Ағашын кейіптейді.
Құрылыстың күмбез үлгісіндегі нысаны шығыстың əдемілігі мен
айбындылығы
жағынан
таңғалдыратын
барлық
сарайлары
мен
мазарларында, діни ғимараттарында іс жүзінде көрініс тапқан. Сайрам,
Тараз, Меркі, Отырар, Айша бибі, Түркістан күмбезді ескерткіштері жəне
басқалар осыған айғақ.
Егер біз Ұлы Даланың жаңа астанасының сəулеттік салтанатында
тап осы күмбезді-əшекейлі стильді ұстанбасақ, бұл адам түсінбестік іс болар
еді.
Сонымен Үкімет Астананы салудың жаңа Бас жоспарын бекітті.
Астана қаласын əлеуметтік-экономикалық жағынан дамытудың 2005
жылға дейінгі кезеңге арналған «Астананың гүлденуі – Қазақстанның
гүлденуі» Мемлекеттік бағдарламасы мұны шығармашылықпен дамытатын
қосымша ретінде қабылданды.
Сөзімді қорыта келе, əлемдік сəулет-жобалау ақыл-ойының барлық
таңдаулы жетістіктері астананы салудың Бас жоспарында өз көрінісін
тапқанын еске сала кеткім келеді. Əлемдік астаналар стандартына рухы да,
мүддесі де сай келетін Астананы көркейту жоспары идеялық, ресурстық
жəне инвестициялық қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілген.
Ең бастысы, астананың болашағы мен кемелденетініне деген
сенімсіздіктен арылу. Халқымыз «Көз қорқақ, қол батыр» деп тегін
айтпаған.
Қазақстанның
жаңа
астанасының
шынайы
келбетін
қалыптастырып жатқанда бізде мұндай жүрексіну атымен жоқ. Егер бүгінгі
астаналық ділімізді ескере келіп, жоғарыдағы мақалды басқаша айтар
болсақ, «Көз де батыр, қол да батыр»...
Əрине, сəулеттік процесс бір орнында тұрмайды. Бүгінде ақыл-ойды
билеп, үстемдік ала бастаған басқа авангардтық идеялар жобалау ісінде
145
жетекші күшке ие. Бір сөзбен айтқанда, сəнге айналып барады. Қазір Рэм
Калхаас, Максимилиано Фуксас, Эрик Ван Эгераат, Заха Хадид, Пъер де
Мерон, Норманн Фостер, Жан Нувель, Ричард Мейер сияқты жаңа əрі
сəнге айналған атақты сəулетшілерді атауға болады.
Симбиоздық табиғат пен мекендеу орны бірлігінің идеясы деп қазір
саналмайды, бүгінде «Ні-Тесһ архитектура» деп аталатын техника мен өнер
синтезінің идеясы сəнге айналып келеді.
Индустриалдық прогрестің бүгінгі деңгейі қазіргі заманғы
суретшілер қиялында жүрген ең қиын деген сəулеттік нысандарды
ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы сəулет өнерінің негізгі өзегі, шамамен айтқанда,
мынадай: егер өнер сөйлей бастаса, сəулетке де тіл бітіп, сайрап сала береді.
Мұндай «сөйлемпаз» сəулеттің жемістері күннен-күнге артып келеді.
Мысалы, сəулетші Ренцо Пианоның Жапониядағы Кансай əуежайындағы
терминалы, уругвайлық Рафаэль Виньолидің Токиодағы мəдени кешені.
Бір сөзбен айтқанда, қазіргі заманғы сəулет - компьютерлік графика мен
адамның озық қиялына негізделген жоғары технологиялы сəулет.
Алайда мен Кисе Курокаваның есімі ескірді деп айтпас едім. Бəлкім,
оған деген əсемпаздық ықылас азайған шығар, бірақ ешбір ескірген жоқ.
Оның идеялары қазақстандықтардың ғана емес, жалпы адамзаттың да ой-
пікірімен толық үндеседі. Өйткені жаңа жиырма бірінші ғасыр табиғаттың
қалаға қайта оралған ғасыры болады деп тегін айтылып жүрген жоқ. Ал
бұл үрдістерге Кисе Курокаваның мектебінен басқа кім сəйкес келеді?
Басқа идеяларға қарағанда, нақ осы Курокаваның сəулетшілік идеялары
адам қалалық ортаны барынша қолайлы өмір сүре алатындай етумен қатар,
сəулетті өзінің жеке-дара қабілетіне бейімдей де алатындай жолмен құруға
ұмтылып отыр.
Оның үстіне, Курокаваның сəулет өнері іс жүзінде каллиграфия
өнерімен туыстас. Тіпті Кисе Курокаваның шығармашылығының өзін
сəулетшілік каллиграфия деп айтуға болады.
Сондықтан бізді өз заманының сəнге енбеген сəулетшісін таңдады
деп санау дұрыс емес. Біз сəн қуалаудан бұрын, ұлттық-мəдени
ерекшелігімізді табиғатпен, қоршаған ортамен бірігіп, тұтастыққа
ұмтылысымыз барынша айқын көрінетін ерекшелігімізді неғұрлым толық
сезіне алатын сəулетші табуға тырыстық.
Мұндай сəулетші өзінің сəулетшілік метаболизм идеясы бар
жапондық Кисе Курокава болып шықты.
Сонымен бірге біз Курокаваның бас жоспарына көзсіз еріп
146
кеткеніміз жоқ. Ара-арасында бұған қажетті түзетулер енгізіп отырғанымыз
өз-өзінен түсінікті.
Мəселен, Курокава Сол жағалаудағы əкімшілік ғимараттарды əр
түрлі биіктікте салуды ұсынды. Сырттай қарағанда, бұл өзінше ғимараттар
симфониясы сияқты көрінетін. Үкімет ғимараты 27 қабат, басқа əкімшілік
ғимарат 28 қабат болуға тиіс еді. Бірде сол жағалауды аралап жүрген
кезімде мен ғимараттар биіктігін азайтуды, тиісінше 21 жəне 22 қабат
қылып салуды ұсындым. Қазақстанда жер жетпей жатқан жоқ қой? Айтты
– істелді. Ал қазір нақ осы «жерге жақындаңқыраған» ғимараттар
əлдеқайда түзу, əдемі, қолайлы, сəулетшінің бастапқы ойынан гөрі
орнықтылау шыққандай көрінеді.
АЙРЫҚША НАЗАР АЙМАҒЫНДА...
Мықты шаруамыздың бəрін кейде біз ерікті-еріксіз түрде белгілі бір
шеңберге салып, шекарамен шектеп қоятынымыз бар.
Достарыңызбен бөлісу: |