Тарихтың өзі алдында
бас иетін ұлылар біздің ішімізде
соншалықты көп емес,
62
бірақ əр адам оны сəл де болса өзгерте
алатындай еңбектенуге қабілетті...
Адамзат тарихы ерлік пен сенімнің
қисапсыз үлгілері негізінде жасалады.
Роберт Кеннеди
ЕЖЕЛГІ ҚОНЫС, ЕСКІ ЖҰРТ...
Талай адам тылсым құбылысқа сенуге біршама бейім жəне
санамыздың əлдебір түкпірінен “кереметке іңкəрлік" деп атауға болатын
бір сезім жиі қылаң береді. Көне кезең туралы хабардарлығымыз біздің
бүгінгіні білуімізбен салыстырғанда болмашы ғана. Сондықтан да бағзы
заман біздің ұғымымызда көбінесе ертедегідей ғажайып немесе жұүмбақ
кейіпте елестейді. Табиғат тылсымына терең бойлай бермеген ата-
бабаларымыз да өздерін толғантқан мəселелер мен арман-мұңдарын көктегі
құдірет иелеріне немесе киелі күштерге сеніп тапсырған. Сөйтіп бүгінгі
күні ақиқатқа айналып отырған қиял іспетті сенім мен таным бізге сонау
ерте заманғы бабаларымыздың өсиеті арқылы тарихи мұра ретінде жетті.
Тіпті көне дəуірдің өзінде-ақ əлдебір жердің немесе өңірдің ала бөтен
ерекшелігі, əлдеқандай қасиеті болатындығы айрықша аталып келген.
Римдіктер бұл ұғымды «genius loci» деп атаған, аударма мағынасы «киелі
жер» дегенді білдіреді.
Сол жердің немесе сол аумақтың қасиетіне орай оның желеп-жебеп
тұрар иесі бар деген наным болған. Міне, «киелі жеріміз» осы.
Алайда кез келген жердің тек өзіне ғана тəн киесі бола бермейтінін
нық сеніммен айта алар едім. Тіршілігіне айрықша мəн-мағына беретін
өзіндік орта мен адам əрдайым бірден сезіне қоймайтын ерекше қасиет əр
аумақтан табыла бермейді.
Аумақтың киелілігі əу бастағы жаратылысынан деп кесіп айтуға
болмайды, ол ғасырлар, тіпті мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Осы
жерде жүздеген жылдар бойы болған оқиғаның бəрі текке кетпейді. Соның
бəрі, сөйтіп, оның айрықша қасиеті түзілуіне табиғи түрде септігін тигізеді.
Көне дəуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихын зерделеген
сайын біздің бүкіл Ұлы Даламыздың өзіндік айрықша құдірет-болмысы бар
екеніне көз жеткізе түсемін. Ал оның орталық аудандарының, соның ішінде
осы күнгі Ақмола облысы аумағының бірегей қасиеті - оның өзіне ғана тəн
киелі келбеті бар.
Археологтар Есіл бойын адамдар ашель-мустьер заманында-ақ
қоныстанғанын дəлелдеп отыр. Есілдің жоғарғы жағынан табылған
63
қызықты олжа - тас қарулар нақ осы кезеңге жатады. Егер осынау
жəдігерлерге
қарап
бағаласақ,
Есіл
бойының
бағзы
замандағы
мекендеушілері аңшылықпен, балық аулаумен жəне тағамдық өсімдіктер
жинаумен шұғылданғаны аңғарылады. Ал жаңа тас дəуірінде (неолит) осы
күнгі Ақмола облысының аумағында малшылық пен егіншілік өркендей
бастаған. Кейінгі кезең - қола дəуірінде біздің заманымызға дейінгі II
мыңжылдықтың ортасынан бастап б. з. д. I мыңжылдықтың басы кезеңінде
Орталық Қазақстанда “Андронов" мəдениеті өркендеді. Табылған айғақтар
Ақмола даласын жайлаған тайпалардың шаруашылық жүргізудегі негізінен
көшпелі тəсілі осы уақытта біздің заманымызға дейінгі II мыңжылдықтың
аяғынан I мыңжылдықтың бас кезінде түпкілікті орныққанын айқын
көрсетіп берді.
Қалай болғанда да, үй жануарларының сүйектері, жүн өңдеуге
арналған еңбек құралдары, сүйектен жасалған түрлі бұйымдар сияқты
археологиялық олжалар “Андронов" мəдениетінің нақ осы кезеңіне
жатады.
Бұдан басқа, ерте темір дəуірінде, біздің заманымызға дейінгі VIII - V
ғасырларда Орталық Қазақстанды мекендеген сақ тайпалары да
егіншілікпен белсенді шұғылданған. Қазба жұмыстары кезінде бұған
көптеген айғақтар: қола кетпендер, орақтар, пышақтар жəне басқа да ауыл
шаруашылығы өндірісінің құралдары табылды. Олар бір жақтан əкелінген
емес, осы жерде жасалған жəне пайдаланылған құралдар.
Алайда біздің заманымызға дейінгі II мыңжылдықтан бастап Ұлы
Дала аумағындағы ауа райында барған сайын құрғақшылық белең ала
бастады. Мұндай жағдайда егіншілікпен шұғылдану қиын ғана емес, тіпті
мүмкін болмауға айналды. Нəтижесінде ежелгі Орталық Қазақстан
аумағында сақ тайпаларының шаруашылық жүргізудегі негізгі тəсілі
ретінде жайылымдық мал шаруашылығы қауырт өркендеп, кең тарады.
VI - VII ғасырларда қазіргі Ақмола облысының аумағында бірінің орнын
бірі баса негізінен қарлұқ, қыпшақ, қимақ сияқты түркі тайпаларынан
құралған Түрік жəне Батыс Түрік қағанаттары құрылды. Аттарына салт
мініп, садақпен, қайқы қылышпен жəне қат- қабат терімен қапталған ағаш
қалқанмен қаруланған олар даланың дүлей құйыны іспетті Ұлы Даланы
жəне отырықшы көршілерді жайпап өтті.
XI ғасырға қарай Еділден Ертіске дейін созылған Қазақстанның кең-
байтақ аумағында қыпшақ, қаңлы, қимақ жəне басқа да көптеген тайпаны
біріктіріп, топтасқан əрі бұрынғыдан əлдеқайда қуатты ұйымдасқан
бірлестік пайда болды.
64
Мемлекеттіктің барлық белгісі, соның ішінде астаналары жəне
бұрыннан отырықшы қоныстар - қалалары мен қорғандары бар орасан зор
əрі қуатты Қыпшақ хандығы құрылды.
Археологтардың көне қалалар жұртынан тапқан жəдігерлері нақ осы
кезеңге жатады. Бұл олжалар Қыпшақ хандығының тұсында дала өңірінде
қалалар мен тұрақты қоныстар болғандығын дəлелдейді.
1820
жылы
Ресейдің
императорлық
“Сибирский
вестник”
журналында орыс кен инженері Иван Шангиннің күнделігі жарияланды.
Осы күнделік беттерінде Шангин Бас штабтың тапсырмасы бойынша 1816
жылы Есіл мен Нұра арнасын зерттей жүріп, Бозоқ көлінің жағасында көне
қаланың орнын тапқанын баяндаған.
Осы деректерге сүйене отырып, мен Астана төңірегінің толық
археологиялық картасын жасауға бастама көтердім. Тарихқа көз жеткізіп,
Есіл жағалауында əлдебір қалалар болды ма дегенді анықтау қажет еді.
Дегенмен, жорамал мен болжам бір басқа, Вольфганг Гете айтқандай:
«Өкінішке қарай практикасыз теория мəжсіз, сөйтіп өмір ағашы мəңгі
көкпеңбек болып тұра береді».
Сонымен, 180 жылдан кейін, 1999 жылы осы жұмысты атқаруды зор
құлшыныспен қолға алған академик Кемел Ақышевтің басшылығымен
жұмыс істеген археологиялық экспедиция қазіргі Астанадан он бес
шақырым жерде жатқан, жұмыстық атауына “Ақ жол" деп ат берілген əлгі
қаланы қазуға кірісті. Кейін анықталғанындай, қаланың нағыз атауы Бозоқ
екен. Ғалымдар Бозоқ қаласының гүлдену дəуірі біздің заманымыздың Х-
ХІІ ғасырына келетінін айғақтады.
Бұл олжаның ең құндылығы сол - осыған дейін Орталық
Қазақстанда ежелгі қалалар жұрты табылмаған.
Бұл алғашқы өнеге еді. Ол орта жəне одан ерте көне ғасырларда
Дала өлкесі өз қалалары мен қоныстары болған көшпелі халық
мəдениетінің нағыз қайнары жəне ошағы екендігін анық дəлелдеп отыр.
Көптеген тарихи шежіре нақ Орталық Қазақстан даласы арқылы бір кездері
біздің заманымыздың алғашқы мың жылдығының орта шамасында
Еуразияның Батысы мен Шығысын жалғастырған Ұлы жол өткенін
айғақтайды.
Еуропа мен Азия мемлекеттері арасындағы сауда қатынастары
дамыған жəне нығайған сайын адамзат тарихындағы ең бір заманауи
құбылыстардың бірі - Ұлы Жібек жолы бірте-бірте қалыптасты. Тура осы
Ұлы Жібек жолының тарам-тарам тармақтары мен салалары бойында өзіне
көшпелі жəне отырықшы мəдениеттер белгілерін тамаша сіңірген бірегей
65
əрі өзгеше Дала өркениеті қалыптасты.
Олжайхан (тəураттағы Нұқтың түп тұлғасы) жəне Оғызхан туралы
халық аңыздары нақ Орталық Қазақстанмен байланысты баяндалуы бекер
емес. Ортау, Ұлытау, Кішітау, Ордатау жəне Əскер-құдық сияқты жерлер
түрлі кезеңде даланың даңқты да ұлы баһадүрлері: Жошы, Бату, Орда Ежен,
Тайбұғы, Көшім, Орыс жəне Əбілқайыр Шайбанилермен байланысты
аталады. Екі құрлықтың түйісінде көсіліп жатқан бұл кеңістік соғыс жəне
басқыншылық шайқастар алаңы ғана болған жоқ. Сонымен бірге ол
діндердің, мəдениеттердің, ұлттардың жəне ұлыстардың басын қосқан
орталық еді. Əлемге əйгілі Ұлы Жібек жолына дейін осы даламен Көне
Эллада мен Қиыр Шығыс халықтары мен елдерін жалғастырған құба жол
өткен-ді.
Арабтар Қазақстан даласын Дешті Қыпшақ деп атады, ерте орта
ғасырда Дешті Қыпшақ аумағында қуатты Қыпшақ хандығы болғаны
тарихтан белгілі.
Археологтардың пайымдауынша, жақында табылған Бозоқ қаласы
қыпшақ хандарының əскери ордасы немесе тіпті резиденциясы болған
тəрізді.
Ұшақтан түсірілген сурет Бозоқ үш бөліктен - орталық жəне шет
жағындағы екі бөліктен тұратынын, олардың əрқайсысы орлармен,
бөгеттермен қоршалғанын көрсетті.
Орталық бөлік қырда орналасқан, онда ислам мəдениетінің бірқатар
рəсімдік құрылыстары: мұнара мен кесене салынған.
Археологиялық қазбалар нəтижелеріне қарап, бұл құрылыстар
кəдуілгі орталық азиялық сəулет өнерінің үлгілері екендігін пайымдаймыз.
Дəстүр бойынша мұнараның қашап салынған үш белдеу əшекей суреттері
болған. Бұл үш белдеу: аспанның, жердің жəне жер астының нышанын
білдіреді.
Қаланың қалған екі бөлігінде тұрғын үйлер, кəсіпшілік ғимараттары
жəне басқа да құрылыстар бар. Қаладағы барлық ғимарат сол кезде
Орталық Азияда кең тараған құрылыс материалы қыш кірпіштен салынған.
Көне қала қазіргі Астана қаласынан 15 шақырым жерде Бозоқты көлінің
жағасында орналасқан.
Ғалымдар Бозоқ бір кезде Шығыс Еуразияның ірі діни-мəдени
орталығы жəне Ұлы Жібек жолының далалық бөлігінде онымен өткен
керуендер үшін аралық нысана болған деп есептейді. Бірақ ең бастысы -
қаланың осы жерде орнауы. Көне далада қыпшақтар тек мал бағумен ғана
емес, егіншілікпен де айналысқанын дəлелдейді, Бозоқ қаласының
66
маңындағы көне суару құрылыстары соның айғағы.
Бұл туралы жəне ғылыми ізденістің басқа да көптеген нəтижесі
туралы үлкен археолог, тарих ғылымдарының докторы, Лев Гумилев
атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Кемел Ақышев
екеуміздің 2003 жылғы 28 ақпандағы кездесуімізде маған əңгімелеп берді.
Ақышев экспедициясының төрт жылға созылған дала жұмыстары бекер
кетпеді, мен оның университет жанынан тұрақты жұмыс істейтін
археологиялық экспедиция құру туралы ұсынысын ықыластана құптадым.
Ізденістерді бұдан былай да жалғастыра беру керек: мемлекет астанасының
тарихи негіздерін зерделеу тек өткен тарих үшін ғана емес, келешек үшін де
қажет.
Сөйтіп ортағасырлық Бозоқ қаласын Ақмоланың тікелей атасы, ал
оның соңғы ұрпағы қазіргі Қазақстанның елордасы Астана деп есептеуге
болады.
Есілдің Қараөткел деп аталып кеткен осы бөлігінің сол жағалауында
айырбас сауданың транзиттік орталығына айналған керуен сарайы болған
деген де қосымша деректер бар. Тарихшылар мен археологтардың
зерттеулеріне қарағанда одан бұрынырақ бұл елді мекен атақты Батағай
патшалығының атын иемденген екен.
Осының бəрі маған қазіргі Ақмола облысының аумағы көшпелі
жəне отырықшы тұрмыстың бай тарихына ие, мұнда түрлі кезеңде
тайпалық бірлестіктер мен тұтас мемлекеттер пайда болып, өздерінен кейін
көне қоныстар, рəсімдік құрылыстар, таңбалы зираттар жəне бір кезде
гүлденген қаланың жұртын қалдырып кеткен деп ашық та нақты тұжырым
жасауыма мүмкіндік береді...
ТАРИХТАН ТАНАБЫНДА ТАҢБА ҚАЛҒАН...
Тарихи
талай
оқиға
жылнамашылар
мен
əңгімешілердің
баяндауында көбінесе романтикалық реңкте сипатталатынын байқау қиын
емес. Тарихшылар əлдебір оқиғаны зерттей талдағанда мұндайға жиі
кезігеді. Осындайда бір кезде Исаак Ньютон өз теориясымен сəйкес
келмейтін фактіні “Шындыққа қиянат!”деп пайымдағаны ойға келеді.
Бірақ біз қалайық-қаламайық, шындық жүзі өткір жəне ...
сонысымен ақиқаттан алшақтатпайды. Уақыт туманы тұмшалаған ескі
заман
тарихшылдығының
романтикалық
сарынымен
сипатталған
жекелеген адамдардың сүйсінуге лайық ерлік істері терең үңіліп қараған
кезде, оның астарында мемлекеттердің мүддесі жəне тұтас халықтардың
қасіреті жатқанын көрсетеді...
67
XVI ғасырда қазіргі Ақмола облысының солтүстік бөлігі ірі Сібір
хандығының құрамына кірді. Сібір ханы Көшім 1598 жылы Ермактың
казак отрядтарынан жеңіліс тапқаннан кейін, байтақ даланы, соның ішінде
Есіл даласын да, Ресейдің еш кедергісіз отарлау процесі басталды.
Тарихшылар бұл жөнінде: “20-жылдары (XVIII ғ.) казак əскерлері қазіргі
Көкшетау уезінің шұрайлы (таулы) бөлігін басып алды, сөйтіп қазіргі
Ақмоланың, Баянауылдың, Көкшетаудың жəне Қарқаралының орнында
бекіністер пайда болды", - деп жазыпты.
Қазақстанның солтүстік аумағы Ресей империясының ұлан-байтақ
Азия құрлығына ішкерілей енуі жолындағы алғы шеп ретінде қалыптаса
бастады. Ресейге қаратылған дала өңірін уыста ұстауға қызмет ететін
сансыз əскери бекіністер қысқа мерзім ішінде көптеп тұрғызылды.
Оңтүстікке қарай жылжыған сайын əскери бекіністер мен қамалдар қазақ
жерінің ішіне қарай барынша сұғына бой көтере бастады...
Жасыл шалғынды Қараөткел аузында орналасқан қоныс 1832 жылы
Ақмола бекінісі болып қайта құрылды.
1863 жылы Санкт-Петербургте шыққан Ресей империясының
географиялық-статистикалық сөздігінде Орталық Қазақстандағы жаңа қала
туралы былай деп жазылған: “Ақмола - Сібір қырғыздары облысы Ақмола
округінің Есіл өзені бойындағы бас қалашығы. Өзінің орналасқан нүктесіне
сəйкес бүкіл облыстың орталығына айналған мекен бекеттер мен шептік
желілерді бойлап, шығысында - Қарғалы қаласымен, оңтүстігінде - Ақтау
бекінісімен, батысында - Атбасар станицасымен жəне сол арқылы
Көкшетаумен байланысқан".
Егер “Қазақстан" ұлттық энциклопедиясының тиісті томына
жүгінсек, онда оның бетінен мына жолдарды оқуға болады: 'Ақмола -
аққайрақ тастан əдемілеп жасалған белгілер. Оның қабырғасы төрт
бұрышты текше түрінде қаланып, үстіне жартышарға ұқсаған не киіз үйдің
төбесі тəрізді күмбез орнатқан. Күмбез жолаушының көзіне алыстан
жарқырап көрініп, Есіл өзенінің жағасын 5-6 ғасыр бойы сұлулыққа бөлеп
тұрған. Есіл бойына дуан орталығы (1832) салынғаннан кейін Ақмола сол
дуанның, одан соң Ақмола қаласының, оның уезінің жəне облысының
ресми атына айналды”.
Атаудың шығу түбірі дəл осылай ма, жоқ па айту қиын. Өйткені бұл
қаланың аты жайлы əңгімелердің басқа да түрлі нұсқалары бар. Олардың
қайсысы дұрыс-бұрыстығын кесіп айта қою оңай мəселе емес.
XIX ғасырға қарай Ақмола əскери бекінісі Дала өлкесінің ең ірі сауда-
өнеркəсіп орталығына айналды жəне XIX ғасырда даланың ірі сауда
68
өнеркəсіп орталығы болды.
Болашақ Астананың кеңестік кезеңінің тарихы жақсы мəлім, алайда
ол тарихтың кейбір жайттарын басқа тарауларда сөз етпекпіз...
ТАБИҒАТ ҚҰДІРЕТІ...
Туған жерден сұлу не бар? Оның үстіне, ол шынында да көркем
болса!
Алатау мен Тянь-Шаньның асқаралы сілемдері жəне биікте жатқан
көкорай шалғындары, Шарын шатқалының қайран қалдырар арналары мен
құлама сарқырамалары, сонадайдан көз тартар Үстірттің тылсым кеңістігі,
інжу-маржан Балқаштың көгілдір айдыны, жасыл желек жазира, самал
желмен жайқалған ақ селеулі даласы, кербез сұлу Бурабайдың бишідей
бұралған ақ қайыңдары мен шыршалы ормандары, өркеш-өркеш таулары
мен айна көлдері, толқындары тулаған қарт Каспийдің шетсіз-шексіз
шалқар айдыны тамсантпай қояр ма!
Республиканың баға жетпес байлығы, əрине, іс жүзінде Еуразия
алып құрлығының қақ ортасын алып жатқан ұлан-байтақ Сарыарқа
кеңістігі болды жəне болып қала беретіні сөзсіз.
Біз əлдебір қаланы егер оның орналасқан жерінің төңірегін қиялмен
шолып шықпасақ, толық сипаттап бере алмаймыз. Кез келген қаланың нəр
мен əр алар қайнары - нақ осы қоршаған табиғаты. Қала мен оның
төңірегінің сұлулығы қаланың толыққанды табиғи келбетін жəне
инфрақұрылымын жасайды...
Орталық Қазақстанның солтүстік бөлігінде жатқан қазіргі Ақмола
облысының аумағы 96,8 мың шаршы шақырымды құрайды. Осы орасан
көлемді аймақта жазық дала ландшафтының сан түрі кездеседі. Облыстың
оңтүстігін Сарыарқаның ұсақ шоқылары, орталық бөлігін жазық дала мен
өзендер алқабы, Көкшетау қыратының сілемдері алып жатыр. Ақмола
облысының аса ірі өзендері деп Есіл мен Нұраны бөліп айтуға болады.
Орталық Азияның əрі кербез, əрі əдемі құсы - қызыл қоқиқаз мекендейтін
облыстағы шалқар айдынды Теңіз көлінің аты баршаға белгілі. Одан басқа
Қарасор, Қорғалжын, Балықтыкөл жəне Қыпшақ көлдері де біршама ірі
көлдердің қатарына жатады.
Облыс жері пайдалы қазбаларға да бай. Оның қойнауынан алтын,
уран, боксит, сурьма, мыс, қоңыр көмір, коалин сазы, кварц құмдары жəне
басқа да кендер шығады. Ақмола мен оған іргелес Қазақстанның солтүстік
облыстарының аумағындағы қауырт даму үстіндегі кен өнеркəсібінің
негізін осылар құрайды. Еліміздегі техникалық алмастың бүкіл қоры,
69
қалайының үштен екісі, цирконийдің 30 пайыздан астамы, уранның 25
пайызы, алтынның 15 пайызы осында шоғырланған.
Ақмола облысының климаты бүкіл Орталық Қазақстанға тəн күрт
континентальді əрі құрғақ. Ауаның температурасы жыл мезгіліне қарай
шұғыл ауысып отырады. Қыста Цельсий бойынша 30 градусқа дейін
суытса, жазда 35 градусқа дейін қызады. Қыстыгүні қарлы борандар
ұйтқиды, ауаның температурасы əсіресе ақпанда күрт төмендейді. Жазда
шаң борайды, аңызақ жел тұрады, күн əсіресе тамызда қатты ысиды.
Бірақ бұл жерде бір нəрсені айтып кетпесе болмайды. Қазір климат
жылдан-жылға өзгеріп бара жатқаны баршамызға мəлім. Көне көздердің
айтуынша, бұрын Ақмола жəне Орталық Қазақстанның басқа да қалалары
қар астында қалады екен, қардың қалыңдығы кейде жер үйлерді көміп
тастаса керек. Бірақ біз кейінгі жылдары қыста қар аз жауып, күн жылы
болатынын көріп жүрміз. Жылдан-жылға күн жылып, қыс кеш түсе
бастады.
Ауа райының осындай құбылысты өзгерісін елорданы Алматыдан
Астанаға көшірген кезден бастан кешудеміз. Осы орайда астаналықтардың
алматылықтар жылуды өздерімен бірге ала келді дейтін қалжыңын да естіп
жатамыз.
Дегенмен бəрібір жылы оңтүстіктен көшіп келген алматылықтардың
көпшілігі үшін Астананың ауа райы тосын. Əйтсе де, оңтүстіктен
келгендердің Ақмола облысының қысы мен жазына үйренетіндей уақыты
болды.
Бұрынғы алматылық шенеуніктің Астананың қытымыр аязымен қалай “тіл
табыса алмағанын” Əділбек Жақсыбековтің айтып бергені есімде.
Ақпанның аязды күндерінің бірінде əлдебір шенеунікті (атын айтып
жатпай-ақ қояйық, себебі белгілі ғой) Астана емханаларының біріне
жеткізіпті. Əжептəуір жоғары қызмет істейтін алпамса денелі кісі есінен
танып қалса керек. Сөйтсе, пысынап, жүрегі қысылғаннан екен. Жылы
киімдерді бірінің үстіне бірін қабаттап киіп алған оны дəрігерлер
қырыққабат аршығандай шешіндіріпті. Ал шенеуніктің кабинетіндегі
температураның жылылығы 30 градусқа жетеқабыл екен. Осы жоғары
температура оның бойын қыздырып, онсыз да көтеріңкі қан қысымын одан
сайын жоғарылатып жіберген. Ол қаланы жылумен жəне жарықпен
қамтамасыз етуді жолға қоюға қатты көңіл бөлініп жатқан кез еді. Сірə,
жылу тым артық беріліп кетсе керек...
Екінші жағынан, Астанаға көшіп келген талай адамның қан қысымы
орныққаны, науқасынан айыққаны жайлы да жиі естідік. Биік таулы
70
өңірден жазық далаға келу бойды сергіткені айдан анық. Бұл өлкеге алғаш
рет тап болғандар шексіз зеңгір аспанға, даланың ұшы-қиырсыздығына
жəне таза ауасына тамсанатын.
Осы ретте айта кетейін, мен 19 жыл осы өлкеде тұрдым, оқыдым,
еңбек еттім. Қызық сəйкестік, осында келгенде 19 жаста едім...
Жазғы дала, шөбі алуан шалғын жер жəне айнала мүлгіген
тыныштық. Ал қысқы борандар ол кезде қиындықтарға қаймықпай қарсы
тұру романтикасындай көрінетін. Əдетте, боран кезінде күн жылы болады,
сондайда желге қарсы жүру тіпті еліктіретін. Астананы көшіру туралы
шешім қабылдағанда, сірə, менің бұл өңірді өз басым жақсы білетінімнің де
əсері аз болмауы ықтимал.
Қазақстан - біздің Отанымыз. Оның əр пұшпағы табиғатымен, ауа
райымен қоса Алланың берген сыйы. Отанның жаман əлде жақсы жері
болмайды. Отанды бар болмысымен, ата-бабаларымыз бізге қалдырып
кеткен бағзы қалпымен сүйеміз...
Бүгінгі күні астаналықтар мен елорда қонақтарын Астананың жаңа
сəулет келбетінің сəн-салтанаты жəне даланың табиғат байлығы қатты
қайран қалдырады.
Расында да, Ақмола облысының өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
алуан əрі ала- құла. Облыс аумағында жазық жерлерде, тауларда, суларда
сүтқоректінің 55 түрі, құстың 80 түрі жəне балықтың 30 түрі мекендейді.
"Қызыл кітапқа” кірген сирек кездесетін жануарлардың да түрлері өте көп.
Арқарлар, ителгілер, бүркіттер, дуадақтар, ақ бас тырналар, дала
қырандары, бұйра бірқазандар, безгелдектер жəне алдында айтып кеткен
қоқиқаздар - бүкіл осы жан-жануар Орталық Қазақстан өңірін мекендейді.
Сирек кездесетін жəне жойылып бара жатқан жануар түрлерін қорғау үшін
Қорғалжын мемлекеттік қорығы жəне басқа да мамандандырылған арнайы
қорықтар құрылған.
Бұдан басқа, облыста өсімдіктер дүниесінің 66 түрі өседі, оның
жасыл екпелік алқабы 4 391,6 гектарды алып жатыр.
Аумағына Қазақстан Республикасының жаңа елордасы орналасқан
Ақмола облысының табиғи əлеуеті - Астананың барлық уақытта қолайлы
экологиялық ортада болатындығының кепілі. Мұндай ортаның өзін-өзі
қалпына келтіріп отыру қарым-қабілеті орасан зор. Астана мен оның
төңірегі Ақмола облысының құрамдас бөлігі ретінде табиғаттың
биологиялық тегеурінді күшінің қуатты тартылыс өрісінде жатыр. Ол өріс
экологиялық тазалықты қалпына келтіруге ықпалды астанаға іргелес
аймақтарға шоғырланған. Əңгіме іс жүзінде Астананы барлық жағынан
Достарыңызбен бөлісу: |