Ұшындагы бозғыл ойпаңда адам тұрағы барын аңдады. Иен емес, елді мекен



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата19.02.2017
өлшемі0,9 Mb.
#4511
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
қорқытып-үркітпедім.
 
Әбден  шаршаған  едім.  Мына  тірліктен.  Жаңа  тәртіптен.  Бүкіл 
жалганнан. "Барыңдар!.."  –  дедім.  "Тоқта!  –Бұл  –  манағы  мілисаның 
бесатарын баласындай құшақтап, бізбен бірге қырға шыққан Зағира еді. Түрі 
адам  танымастай.  –Мені  қатын  қылғысы  келген  қара  тӛбет  кайсың?  Қазір 
қаныңды ішем!" Винтовканы кезеніп, кәдімгідсй атуға ыңғайланды. (Тетігін 
білсе  тоқтамастай.)  Шошынған  жұрт  тӛңкеріле  ауғанда  Ұлтарақ  жолдас 
деңкиіп,  бір  жақ  шетте  қала  берген.  Аяқ-қолынан  бірдей  айрылғандай 
қимылсыз, бірақ тілсіз емес екен, қалт бұрылды: "Иә, мен! Ал не істейсің?" 

Sauap.org
 
 
63 
 
Заманның түзу кезінің ӛзінде кең далада жүріп талайды зарлатқан қарақшы, 
әлде намысқа тыртысты ма, әлде сор түртті ме, ығар емес. 
"Мырза,  –  деді  кӛзінен  жасы  ыршып  кеткен  Зағира.  –  Не  мына  тӛбетті 
қазір атасың, не мені осыған ертіп жібересің!.." Осы кезде ғана ашуым бұрқ 
етті.  Таң  азаннан  бергі  мазақ  пен  қорлыққа.  Адал  жарымды  былапыт 
сӛздермен  былғағанға.  Ытқып  барып  жағасынан  алғанда,  қ  айратты  неме 
алыса  кеткен,  бірақ  мен  иек  астынан  қышырлана  ұрып,  сылқ  түсірдім, 
кӛтеріп  алып,  арам  ауыздан  тағы  ұрғанда  қос  күрек  тісі  қабатымен 
опырылып, иегінен қара қан ақты. Жалғыз-ақ оқпен бықсык, кеудесіндегі бар 
арамын  ақтарып  салған  жӛн  еді,  бірақ  мен  дәл  осы  жерде  соңымнан  ӛлім 
ермеуін мақұл кӛрдім, ең бастысы – мұндай істің кесірі кӛрші-қолаң, момын 
жұртқа  тиюі  мүмкін.  "Арқалап  ала  кетіңдер  мынау  Ұлтарақ  құлды!  –  дедім 
сұлық  жатқан  басшыларын  нұсқап,  Жалбағай  мен  Жақыбайға.  –  Тезірек 
кӛздеріңді  құртыңдар!  Әйтпесе..."  "Ертең  түсте осы  қыр басында  күтеміз!  – 
деді қуанып кеткен Қорабай. – Соғысуға ойларың болса, дайындалып, әскер 
жиып1  келіңдер.  Кӛрдіңдер  ғой,  біздің  қаруымыздың  кӛп  екенін, 
әйелдерімізге  дейін  мылтық  ататынын!  Пулимот  та  бар  –  "Мақсым!" 
Мырзаның  отауында,  тӛсек  астында  кӛмулі  жатыр.  Келіңдер.  Қорғасын 
бұршақпен  күтіп  аламыз.  Ал  қазір  үлкен  мырза  қарусыз  адамдарды  қыру  – 
шариғатка  қайшы  деп  шешті.  Барыңдар.  Жарақтанып  қайтыңдар.  Адал 
соғысайық!.." 
Мен  Зағираны  құшақтап,  комедияның  артын  күтпей,  бұрылып  жүре 
бердім.  Соңымыздан  қуғыншы  қашан  шығарын  есептеп  келем.  Мыналар 
құдайына тәуба айтып, жаяу-жалпылап шұбырып, келесі ауылга барады. Он 
бес шақырым – үш сағат. Ат мініп, ары шабады. Нұрымбет ауылы. Олардың 
да малын есептеп, мүлкін қаттап жатыр деген. Бесатарлы үш-тӛрт мілисасы 
бар. Бізге қарсы тарп аттануга батылдары бармайды. Ауданға шабады. Отряд 
жинайды.  Шұғыл  кіріскеннің  ӛзінде  ертең  кешке  әрең  бас  құрайды.  Мейлі, 
ертең түсте делік. Қайта айналып, осы дӛңге жеткенше кеш батады. Бұл екі 
ортада, біз, әрине, жаудың жаңа тобы қашан басады деп қарап отырмаймыз. 
Шұғыл  жиналдық.  Үш  қанат  киіз  үй,  жеңіл-желпі  жабдығымен.  Бір 
қабат  қыстық,  жаздык  киім.  Қазан-ошақ,  аяқ-табақ.  Жеңілдеп  тӛрт  түйеге 
арттық. Қосарлай матап, екі құлынды бие, жабағы-тайсыз айғыр үйір жылқы 
алдық.  Бір-бір  әлді  атқа  міндік.  Бүкіл  шаңырағымызбен,  Қорабай  бар  –  бес 
жан, бұлт тарап, ай бата қоңыр түнекке сіңіп жоғалдық. 
Кӛне  кӛш  жолымен  Сарысуды  құлдап,  абалақтап  асықпай,  бірақ  суыт, 
шұғыл жүрдік. Сәскеде түйелердің белін босатып, ат шалдырып аз ғана аял 
жасап, тағы жылжыдық. Күн еңкейе әрең тоқтағамыз. Жүкті түсіріп, кӛлікті 
соныға жіберіп, қазан кӛтердік. Кеш түсе отты ӛшіріп, ашық аспан астында 
әжептәуір  ұйықтадық.  Байдың  қотанында  әупілдеген,  бұрын  да  күйлі, 
ақырғы, талауға түскен екі күн бойы қан-жынға мелдектеп тойған кӛп иттің 
ішінде  жалгыз  кәрі  тӛбет  қана  кӛшімізге  ілесіпті,  иендегі  күзетті  соған 
тапсырған едік. Ай батпай қайтадан жолға шықтық. 

Sauap.org
 
 
64 
 
Ӛкімет  ұлдарына  біздің  қалай  қашканымыз  белгілі.  Жол  сорабы  біреу. 
Арттан қуғыншы шықса жазбай табады. Шықсын. Жете алса. Шығуына сӛз 
жоқ  –  жетуі  күмәнді.  Әйткенмен,  сақтықты  ұмыт-падық.  Түнде  аттан  түсе 
қалып  жер  тыңдап,  күндіз  тӛбешік,  белестерден  карауыл  қарап,  артымызды 
тосып  отырдық.  Үрдіс  аттаныспен  арада  алты  қонып,  Сарысудың  етегіне  – 
сулы,  нулы  алқапқа  жеткен  соң,  жүйелі  жолдан  бұрылып,  Телікӛлге  емес, 
Ащыкӛл,  Ақжайқын  тарабына  ойыстық  та,  қалың  қамыс  арасына  еніп  әрең 
тыныстадық.  Екі  күн  ес  жиып,  кӛліктің  аяғын  суытып,  ендігі  ӛмір  жайын 
ойластыра бастағанбыз. 
Тӛңірегіміз қалың ел. Созылып акқан Сыр-Дария кӛш аяғы жетер жерде 
тұр. Шығысқа қарай жүрсек, Шудың жайылмасына шығамыз. Дүниенің тӛрт 
тарабы да ашық. Бірақ "Қайда барсаң да Қорқыттың кӛрі",– дейді ғой қазақ. 
Бұл аймақты жақсы білетін Қорабай тӛрт-бес күн жол жүріп, таяу тӛңіректі 
тегіс  шалып  келді.  Әрине,  ӛкімет  алмаған  ӛңір  жоқ.  Барлық  жерде  жаңа 
тәртіп  орнап  жатыр.  Шу  бойында  кәмпеске  әлі  басталмапты.  Бірақ  ӛкімет 
адамдарының,  ауыл  белсенділерінің  қаһары  қатты  кӛрінеді.  Әлденеше  рет 
тексеруге  түсіпті,  мал  қарап,  бейсауат  жүрген  адаммын  деп  әрең  құтылса 
керек,  соңғы  жолы,  шылбырдан  алғалы  тұрғанда  тұра  қашқан,  астындағы 
Қозыжирен  мыңнан  шыққан  атақты  жүйріктің  бірі  еді,  қуғынға  шалдырмай 
қара  үзіпті.  Біздің  ел  шетіне  ілінер-ілінбестен-ақ  тергеуге  тартыларымыз, 
қамауға алынарымыз күмәнсіз. Тәңірінің ғана билігі жүретін жалғыз тарап – 
Бетпақ-Дала,  дәл  іргемізде  тұр.  Бірақ  шӛлге  қашуға  асықпадық.  Үмітсіз 
болсақ та, аңыс андағанбыз. 
Кӛп  ұзамай,  тұтасымен  кӛшкен  ауыл  болмаса  да,  жалғыз-жарым,  екеу-
үшеуден  жүрген  қарулы,  қарусыз  қазақ  жігіттерінің  үйге  түсіп,  сусын  ішіп 
кетуі  жиіледі.  Жаңа  тәртіпке  мойын  сұна  алмаған  бұла  азаматтар,  мал-
мүлкінен  айырылған  соң  бұғауға  ілінбей,  аман  құтылған  бай  балалары. 
Әзірге  ауылдарынан  қол  үзе  қоймаған.  Күндіз  аулаққа  кетіп,  түнде,  тым 
кұрыса, аптасына бірер рет үйлеріне соғып, күш алып, амандық біліп жүрген 
жеке  тентектер.  Әзірше  арып-аршымаған,  кеуделері  де  басылмаған.  Ӛлім, 
қаза  кӛрмеген.  Ішінде  ескі  таныстарымыз  да  бар.  "Апыр-ай,  бүкіл  Сары-
Арқаға  кеңес  ӛкіметі  орнағаны  ма!"–  деп  қайран  қалады.  "Алатаудың  арғы 
жағындағы  қырғызда,  Марғұландағы  сарт  пен  Самарқандағы  ӛзбекте  бәрі 
бұрынғыша дейді, бұл – алаш баласына арнайы келген зұлмат болды ғой!" – 
деседі. "Осыншама малды қайда әкетіп жатыр? Іштегі орысқа апарып сойып 
беретін шығар..." деседі. Түйсігі түзу. Бірақ орыстың да соры кайнағалы кӛп 
жыл болғаны, ондағы зауыт ұстаған, кен қазған байлардың бірі шетке қашып, 
бірі  мұз  теңізіне  айдалып,  тұқым-жұрағатымен  құртылғаны  туралы  ақпарға 
сенбейді.  Тегі  орыс  болған  соң,  ағайындарын  ақтап  отыр  деп  ойлайды. 
Күмәндары  қисынды.  "Ойбай-ау,  патшалық  орыстікі  емес  пе,  елді  билеп 
отырған  солар,  ӛздерін  ӛздері  тонап  не  болыпты!"  деседі.  Мен:  "Кәмпеске 
жүргізіп,  жаңа  тәртіп  орнатып  жатқандардың  ішінде  орыс  бар  ма?"  деп 
сұраймын.  Тосылып  қалады.  "Бұлар  –  жандайшаптар,  –  дейді  содан  соң.  –
Айтақталған  ит,  жұмсалған  шабарман.  Жарлық  жоғарыдан  түсіп  отыр  ғой. 

Sauap.org
 
 
65 
 
Орыстан!.."  Қазіргі  патшаның  орыс  емесін  айттым.  Гүржі.  "Мұсылман  ба?" 
"Жоқ,  –  деймін.  –  Христиан".  "Е-е,  кәпір  болды  ғой..."  "Жоқ,–деймін,  жаңа 
ӛкіметтің жақшысына айналған мен бейбақ. – Ата-тегі христиан. Ал ӛзі ешбір 
құдайға  сенбесе  керек.  Мұсылман  да,  христиан  да  емес.  Нағыз  большевик". 
"Онда кәпірден де жаман болды! – дейді қашқын мейманымыз. – Кәпір дінін 
ұстанса  да  құдайга  сенген  пендеде  иман  болады.  Бір  үлкен  ақынымыз 
айтыпты,  арамза  молдадан  пұтқа  табынған  мәжуси  артық  деп.  Ал  мынауың 
нагыз  тозақы!  Екі  дүниені  бірдей  жалмамай  тоқтамайды.  Ақырзаманның 
тажалы!"  Мен  дау  айта  алмадым.  "Сонда қазіргі  патшамыз  орыс  емес  дедің 
бе? – Сӛзге менімен саясат туралы кӛп әңгімелесе қоймайтын әкем араласты. 
–  Апыр-ай,  ежелден  ел  билеген  үлкен  халық,  бӛгде  біреудің  басқаруына 
қалай кӛніп отыр екен!?" Мен жауап таппадым. Уәж кӛп, бірақ қанша айтсам 
да, бұл сауалдың мәнісін түгеспес едім. "Мүмкін, – деді әкей ойланып барып, 
– әлгі ӛкіметті басып алған балшабектер сол тегі бӛлек дию-перінің қолымен 
от кӛсеп отыр ма... Жаманатқа шығарып, бар шаруасын түгендейді, содан соң 
кешегі Мекалай сияқты тақтан құлатып, ӛздерінің біреуін қояды. Тек... әбден 
күшейтіп алып, тізгіндеуге шамалары жетпей жүрмесе..." Бұл сӛзге де жауап 
табылмады. Мен европаша білім алмаған, дипломатиялық мектеп бітірмеген 
аңғал да қарапайым қазақтың ақыл-парасатына тағы да қайран қалдым. 
"Ораза-намаз  –  тоқтықта",–  дейді  қазақ.  Ақыл-парасаттың  да  құдірет-
күші бейбіт заманда, есі түзу ортада танылмақ. Қолында қаруы жоқ, басында 
билігі  жоқ,  қазақтын  адалдығынан,  мәрттігінен,  тіпті,  ақылы  мен  қажыр-
қайратынан  не  пайда.  Ондаған  ғасыр  бойы  ӛз  заңымен  ӛмір  сүріп  келген 
кӛшпенділер  қоғамы  заңсыз  іс,  дүлей  күштің  дүмпуінен  жалғыз-ақ  жазда 
талқан  болды.  Қоғам  ғана  құламаған,  тек  сахара  перзентіне  емес,  жалпы 
адамзатқа  тән  моральдық  қағидалар,  жақсылық  пен  жамандық,  ізгілік  пен 
зұлымдық туралы таным-түсінік, бүкіл тіршілік философиясы ӛзгерген. 
"Ақырзаман!.."  десетін  еді  жұрттың  бәрі  жаңа  туған  ӛзгеше  дәуір 
туралы.  Ол  бір  кез  –  қазақ  айтатын  "сергелдең-сейіл"  болып  шықты. 
Ақырзаманға  қарай  енді  ғана  қадам  басыппыз.  Алдымен,  ереуілдеп  жүрген 
жігіттер  қыспаққа  түсе  бастады.  Байырғы  әскерден,  жергілікті  милициядан 
құралған шағын отрядтар тӛңіректі тінтіп, "бандыға" қарсы күреске кіріскен. 
Жаз  аяғына  таман  сондай  азғана  жасақ  тура  біздің  ауылдың  үстінен  түсті. 
Қарауылда кақас жоқ, біз ошак басынан жарты шақырым жерде қарсыладық. 
Он  екі  кісі  екен.  Біз  жетеуміз  –  алты  винтовка,  бір  маузер.  Мен  келіссӛзге 
барайын,  бейбіт  тарасайық  деп  едім,  Қорабай  мақұлдамады.  Бұл  кәпірлерге 
сенім  жоқ,  сӛзге  келмей  атып  тастайды  деді.  Ал  мен  жылы  орында  жанжал 
шықпауын  ойлағам.  Күш  солар  жақта.  Бүгін  атысып  онын  қайтарармыз, 
ертең жүзі келеді. Бірақ екпініне қарағанда қазір де бітімге кӛнбесі аңдалған. 
Қайтпек  керек...  Мүмкіндік  болса,  жақын  жіберіп,  бәрін  жусату  қажет, 
артына  хабаршы  қалдырмай.  Соған  тоқтадық.  Дӛңес  жарлауыт  етегінде, 
қызыләскерлерді  қарауылға  алып,  күтіп  жатқамыз.  Жігіттердің  бірінің 
жүйкесі  шыдамады.  Оқыстан  мылтық  атылған.  Бейқам  жасақ  опыр-топыр 
болды,  ат  басын  бұрып,  бытырай  шашылды.  Амал  жоқ,  ретсіз  тарсыл 

Sauap.org
 
 
66 
 
басталды  да  кетті.  Келер  сәтте,  оқ  жетпес  шамаға  ұзаған  қызылдар  аттан 
түсіп, азғана кеңес құрған. Айылдарын тартып, қаруларын сайлап, бір кісідей 
ерге  қонды  да,  ауылды  шеңберлей,  сыртқа  шапты.  Біздің  де  кӛлігіміз  әзір, 
алдын орадық. Әрине, жар астында, ойпаңда тұрган үйге бұрын жеттік. Жете 
сала  шеп  құра  жатып,  тойтарысқа  дайындалдық.  Бірақ  қызылдар  тіке 
шабуылға  батпады.  Алыстан  оқ  жаудырып,  аулақтай  бастады.  Ешқандай 
зақым  келмеген.  Біз  де  оқ  үнемдеп  ата  қоймадық.  Тек  Қорабай  ғана  оза 
шауып  барып,  соядарынан  жалғыз  оқпен  сәлемдеме  жолдады.  Аттардың 
бірінің аяғынан тиді. Шоқытып ұзай берген қызылдар топтан бӛлініп, артта 
қалған жалғызға қайта бұрылды, атын тастап, ӛзін мінгестіріп әкетті. Жануар, 
есік пен тӛрдей боз айғыр екен, қазақ ат мінуші еді, азбан мінуші еді, байтал 
мен  бедеуге  аяқ  артатын,  боран  емес,  дауыл  емес,  жаздың  аптабында 
қызылмай  қылып  айғыр  мінгенді  кім  кӛрген,  бір  сорлының  талауға  түскен 
малының  құты  болғаны  кӛрініп  тұр,  қарақшыға  мақтан  керек,  ауыздықтап 
мінген де алған. Сау болса, жалын тарап, жылқыға қосатын жануар, амал не, 
толарсағы  үзіліп  кеткен,  азықтың  тапшылығы  және  бар,  теке  сасыған  қара 
етті болса да сойып алдық. 
Ертеңге  қарамай,  кеш  жамылып,  кӛтеріле  кӛштік.  Тұрағымыз  белгілі, 
күш-қуатымыз аңдалды, күн құрғатпай әскердің жаңа, әрі мол тобы үстімізге 
келері  анық-ты.  Басқа  барар  жер  жоқ  –  Бетпақ-Далаға  қарай  аудық. 
Тағдырлас  жігіттер  Бетпақтың  жайын  жақсы  біледі  –  шӛлде  ара  қонып, 
жусанды,  тақыршақ  ойпаңға  келіп  түстік.  Әлдебір  заманда  қазылған,  ернеуі 
омырылып, түбі түскен, тереңдігі шылбыр бойы ғана құдық бар екен, қолма-
қол  аршып,  екі  мәрте  қотара  тазарттық.  Сәл-пәл  ғана  кермек  дәмі  бар  ақ 
лайсаң су зәмзәм кӛрінген, ӛзіміз де, малымыз да қанып ішіп, қарық болдық 
та  қалдық.  Ертеңіне  жігіттер  риза-хош  айтысып,  кері  қайтты.  Бастары  бос, 
дүниеден  үмітті,  кайткенде  де  елден  ұзамаймыз  дескен.  Тыныштық  болса, 
бірер  айда  ат  ізін  салмақ,  замана  аужайынан  хабар  бермек.  Әкеймен  кешу 
айтысып,  Қорабай  да  аттанып  кетті.  Қоңылтақсып,  қимай  тұрсақ  та 
тоқтатпадық. Ең қиын күндсрде жәрдемі мол болды, ғұмыр бойы бізбен бірге 
жүре  алмайды  ғой.  "Не  қалауың  бар?"  –  деп  еді  әкей.  Баяғы,  кеңес 
мілисасынан  "кәмпескелеген"  екі  винтовканың  бірін  сұрады.  "Бесатар 
әуелден -ақ сенікі",– дедім мен. Тек оқ жағы тапшы. "Тартып аламыз, – деді 
Қорабай.  –  Әзірге  үш  оқ  берсең  жетеді".  Тӛртеу  бердім.  Ӛзімде  қалғаны 
саусақпен  санарлық.  Кӛзге  жас  алмасақ  та,  құшақтасып  айрылыстық. 
"Кӛріскенше күн жақсы",– дестік. Жақсы болмады. Мүлде кӛріспедік. Кейін 
естідім,  Қорабай  ӛзі  қатарлас  біраз  жігітпен  бірге,  Созақ  кӛтерілісі  кезінде 
қазаға ұшырапты. Шәйіт. Иманы жолдас болсын! 
Арада ай ӛтті. Әлемнен тыс хал кештік. Жаудан да, достан да хабар жоқ. 
Бейқам  емеспіз,  бірақ  тыныштыққа  үйрене  бастадық.  Бейбіт  ӛмір,  байсал 
тірліктің  қадір-қасиетін  жаңа  ғана  ұққандаймын.  Осы  мазаң  шақ  мәңгібақи 
жалғаса  берсе,  қуана-қуана  келісер  едім.  Әрине,  қарап  отырғамыз  жоқ.  Бүл 
ӛңірдің ой-қырына жетік. Бетпақты кӛктем мен күзде ғана емес, аптап жазда 
да  талай  кесіп  еткен  жершіл  жігіттер  жӛн  нұсқап  кеткен.  Шӛлге  бойлай 

Sauap.org
 
 
67 
 
кіргенде,  осыдан  бір  қонаға  жерде  мол  су  бар,  Сорбұлақ  аталады,  белгісі 
былай  да  былай  дескен.  Айтуға  оңай,  мен  апта  бойы  ат  сабылтып  таба 
алмадым. Ақыры алпыс бестегі әкейдің ӛзі кеткен. Екі күн жоғалып, зәреміз 
ұшып, әбден жұқарғанда қайтып келді. Тауыпты. Жазы-қысы бірдей отыруға 
жарайтын шағын қоныс. Суы мол болмаса да жеткілікті. 
Бұл  кезде  күз  түсіп,  күн  салқындай  бастаған.  Арттағы  елден  күдер 
үзгеміз. Әлбетте, оңалып кете қойған жоқ, бірақ мүлде хабарсыз жатуды жӛн 
кӛрмедік. Міне, осы кезде, Сыпатай мырзаның бел баласы аталғалы тұңғыш 
рет ӛзімнің қазаққа жаттығымды сезіндім. Ел жақты барлап қайтайын дегем. 
Әкем мақұл кӛрмеді. Күткізген. Ал уақыт ӛтіп барады, тұрған жеріміз жазаң, 
гулсп  қара  суық  ұра  бастады,  не  ары,  не  бері  кӛшу  керек  еді.  Бетпақтың 
түкпіріне  қарай  тура  тартуға  батпай  отырмыз.  "Ойға  түсіп  келейін",–  дедім 
ақыры.  "Мен  барам,  –  деді  әкей.  –  Сен  кӛзге  шалынып  қаласың".  "Неге... 
байқап  жүрем,  ауылдардың  жӛнін  білем  ғой..."  –  дедім  мен.  Кӛкем  әлі 
қуатты, бірақ үлкен кісіні қатерлі жолға салғым келмей тұр. "Ӛзім барам!.." – 
деді жеңіл күрсініп. Жӛндем киініп, белді ат мініп, жүріп кетті. "Мені ешкім 
де танымайды, – деген, үзеңгіге аяқ саларда. – Мыжырайған жаман қара шал 
кімге керек!" Әкей кӛз ұшынан асқанда ғана ұқтым. Менің түсім бӛлек қой! 
Киімім  қазақша,  он  бес  жыл  болды,  арнайы  жаттыққам,  тілімде  мүкіс  жоқ, 
бірақ  ӛң-түсім  бӛтен!  Жол  үстінде  кездескен  бейсауат  адамдардың  ӛзі 
сезікпен карайды, қай ауылға түссем де шешіліп сӛйлеспейді. Ал әкей – жоқ 
қарап жүрген, немесе әлденендей жегжатын іздеген, тамыр-таныстары да мол 
кәдімгі  қазақ  шалы.  Бірақ  баласы  атасына  қарсы  шыққан  әлейім-тәлейімде 
қатер  қайдан  деуге  болмайды.  Бір  заманда  дастарқанға  тартылған  тамағын 
әрең алып ішетін маңғаз әкемді сергелдеңге салып қойғаныма ӛкіндім, аптаға 
жақын жүріп аман келгенше береке таппадым. 
Елдегі  жағдай  бұрынғыдан  да  ауырлапты.  Бар  билік  малшы-жалшыға 
кӛшкен.  Күні  кеше  ғана  ат  сабылтып,  ауыл  кезетін  бозбастар,  тойлы, 
дастарқанды  жерден  тамақ  аңдитын  сұғанақтар,  үйде  жатып  ұлыққа  арыз 
айдайтын  жалақор,  ағайын  арасын  беріктіріп  койып,  екі  ортада  пайда 
табатын  пәлеқорлар  –  батпақта  жатқан,  босағадан  тыс  барлық  атарман  – 
бүгін  күшіне  енген,  ӛкіметтің  оң  кӛзі  –  белсенді.  "Мойынсерік",  "Қосшы", 
"ТОЗ"  деген  тәрізді,  жұртты  аздыратын,  қазаққа  жат,  берекесіз  ұйымдар 
тарап,  бұрын  дүбірлі  ылаңы  ғана  естілген  "колхоз"  дейтін  пәле  орнай 
бастаған.  Ақсақалдың  байыптауынша,  бұл  –  ашық  аспан  астындағы  темір 
бұғаулы  түрме.  Малды,  жанды,  әйел  мен  баланы  түгел  ортаға  салып,  бір 
казаннан ас ішіп, жарлықпен жатып, бұйрықпен тұрып, азаннан іңірге дейін 
тынымсыз  мехнатқа  жегілетін  ӛзгеше  зұлмат.  Социализм  теориясы, 
коммунизм  елесі  туралы  баяғыда,  ес  ала,  ақыл  шала  кезде  кӛкейге 
түйгендерімді,  Кампанелладан  Маркске,  одан  Плеханов  пен  Мартов, 
Ульяновтарға дейінгі аралықтағы ойшылдардан үзіп-жұлып оқығандарымды 
еске  түсіріп,  ақсақалдың  әнгімесінің  түп  негізі  ақиқаттығына  ден  қойдым. 
Әрине,  қазақтар  айтатындай,  "кӛппен  кӛрген  –  ұлы  той"  деп,  тозақтың  қақ 
ортасына түсуге болар еді. Бірақ кӛппен бірге кӛрсетпейді. Қызылдар ӛкімет 

Sauap.org
 
 
68 
 
басына  келгелі  мал  есебінен  гӛрі  жан  есебі  тиянақтырақ  жүргізілетін.  Кім 
бай,  кім  жат,  кім  қандай  пиғылда  –  бәрі  белгілі,  кеше  ғана  кәмпескеден 
қашқан Сыпатай бай да, оның қайдан келгені белгісіз орыс баласы да кӛзге 
қораш,  елеусіз  жандар  емес.  Тергейді,  тексереді,  табан  астында 
атылмағанның  ӛзінде  түбегейлі  тәрбиеге  –  кӛп  ұзамай  зорығып,  немесе 
аштан,  аурудан  ӛлер  казыналық  мекен-жайға  жіберіледі.  Таңдау  қалмаған. 
Бұрынғыдан да ұзап, Бетпақтың тӛріне кӛштік. 
Бұл  да  бір  бақытты  күндер  екен.  Басымыз  түгел.  Тіршіліктен  бӛтен 
уайым  жоқ.  Киіз  үйді  бұлақтың  етегіне,  ойпаңға  тіктік.  Жусан  жұлып 
қалыңдап, үстінен топырақ бастырып, іргені кӛміп тастадық. Ошақ түннің бір 
уағына  дейін  сӛнбейді.  Бірақ  бұл  –  қақаған  аяз,  үйірілген  боранда  да  ұйып 
тұратын  бай  ордасы  емес.  Бір-ақ  қабат  үзік,  жалаң  туырлық  жабылған, 
текемет,  сырмағы  тапшы  үш  қанат  күрке.  Күн  бұдан  әрмен  суынған  шақта, 
қабалап  қар  жауып,  сықырлап  аяз  басқан  кезде  тоңазу  қайда,  қатып  қалмас 
үшін  қам-қарекет  жасадық.  Бұл  жақтағы  ең  мол  дүние  –  итсигекті  шомдап 
байлап, үй сыртынан қабаттай қаладық. Қатері мол болса да,  ел жақ беттен, 
ат  жетер  жерден  сексеуіл  тасып,  есік  алдына  үйдік.  Содан  соң  қазысын 
жаркыратып,  семіз  байтал  сойдық.  Баракатқа  жаңа  жеткендей,  кӛңіл 
жайланған.  Енді  не  керек!  Ас  мол,  қуатты.  Отын-су  жеткілікті.  Желкеден 
тӛніп тұрған қауіп жоқ. Жаз шыққанша канша ғұмыр бар. Шынында да, апта 
бойы тыныш ұйықтап, еркін тыныстадық. 
Бірақ бұлай жата беруге болмайтын еді. Алда қандай заман күтіп тұр. Біз 
отырған бұлақ кӛзден таса дегенмен, ешкім білмес, құпия қоныс емес. Ертең, 
жер аяғы кеңіген шақта, әлемді ескінің қалдығынан тақыр тазартуға кірісксн 
ӛкімет  адамдары  үстімізден  түспесіне  кім  кепіл.  Заман  аумалы,  қарулы 
қашқын  кӛп,  "Қарны  ашқан  қаралы  қосқа  шабады"  дейді,  Адам-Ата  баласы 
кісілік кейіптен  айырыла бастаған, кімге сенесің. Бетпақтың бел ортасынан, 
жан баспаған иеннен қоныс табу кажет деген тоқтамға келдік. Әкей мені жер 
шалуға  жібермеді,  адасып  кетесің  дейді.  Мен  әкейді  жібермедім,  ат  үстінде 
ғұмыр  кешкенімен,  қартаң  кісі,  далада  қала  ма  деп  қорықтым.  Ақыры, 
мұндай жырақта, дәл қазіргі кезде қатер жоғына кӛз жеткен соң, Зағира мен 
үш жасар Жансалқамды,  сары  тӛбетпен  бірге үйде қалдырып  (Зағира соңғы 
кезде  мылтық  ұстап  үйренген,  ӛзіміз  винтовка  алып,  оған  маузерді  бердім) 
атқа қондық. Алғашқыда ертемен кетіп, түс ауа қайттық. Содан соң азаннан 
шығып, іңірде оралып жүрдік. Кӛп ұзамай далада қона бастадық. Әлденеше 
күн  бойы  тӛңіректі  тегіс  шарладық.  Қалқиған  бір  түп  тал,  жылтыраған  бір 
тамшы су болсайшы. Ұшкан құс кӛлеңкесі, жүгірген аң ізі шалынбайды. Қара 
жусан мен итсигек, теріскен мен қоянсүйек қана. Теп-тегіс, тап-тақыр дүние. 
Күндіз кӛкте күн, түнде аспанда ай мен жұлдыз. Оң мен солдың, батыс пен 
шығыстың  айырымы  емескі.  Әлденеше  рет  адасқандай  кӛріндік.  Зәрем 
ұшқан. Әрине, ӛзім үшін емес, жапанда қалған әйелім мен балам үшін. Бірақ 
әкем жаңылмай, түзу бағдар тауып отырған. Мына бір жерден анада ӛткеміз 
дейді. 

Sauap.org
 
 
69 
 
Әнеу  бір  тұста  сондай  белгі  бар.  Үңіліп-ақ  қараймын.  Ешқандай  белгі, 
бедер  жоқ.  Мына  жерде  де.  Ана  жерде  де.  Неше  күннен  бері  жүрген 
әлденеше  жүз  шақырым  аймақта  ешқандай  ӛзгешелік  байқалмайды.  Бірақ 
әкей үшін шӛл дала – сайраған кітап бетіндей. Кӛзі кандай. Дүрбіден тәуір ме 
дедім.  Қияндағыны  шалады.  Бірде  "Киік  келді!  –деді  жадырап.–Тәуба. 
Бетпақта  қыс  жылы  болады  екен!.."  "Қайда  киік?"  –  деймін.  Кӛкжиекті 
нұсқады. Қанша қадалсам да ештеңе кӛрмедім. Арада бірер сағат жүрген соң 
ғана жусанды дӛңесті нұсқаған. "Міне, осы жерде үш киік жайылып жатқан. 
Қос құралай ерткен үлкен ешкі..." Мен сене коймадым. Желе шауып барып, 
әрі-бері қарағам. Ақыры бір жерде шашырай үйілген жас құмалақ жатқанын 
кӛрдім. Әлбетте, мұндай кӛреген байқампаздық әкейдің ӛзгеше қасиеті емес, 
түз тұрғындарына тән әдепкі сыпат. Дегенмен, менің еңсем кӛтеріліп қалды. 
Бетпақтың  шӛлі  түгілі,  Қарақұм  мен  Қызылқұм  асып  кетсек  те,  жалғыздық 
пен жоқшылықтан ӛлмесімізге кӛзім жеткендей еді. 
Іздегеніміз  табылмады.  Бірақ  әкей  үміт  үзбеді.  Ең  соңғы,  біз  қонаға 
жатып, тӛңірегін тегіс тінткен иен түпкірдегі ойпаң боздан қазса су шығады 
дегенді айтты. Ерте кӛктемде барып, анығына кӛз жеткізу қажет. Одан басқа 
да екі-үш жерді белгілепті. Бірақ қонысқа қолайлысы – әуелгі. Әрі жырақ, әрі 
отты. Тек кӛктемді күту керек. 
Кешіне үй ішімізбен, жүз жылғы жорықтан қайтқандай, қуана табыстық. 
Түнгі салқынмен қар ұшқындай бастады. Тары түйіртпек, қасаң қар. Сексеуіл 
шоғы қызыл темірдей толқына құбылған ошақ басында, әрі жылы, әрі мейірлі 
шаңырақ  астында  отырып,  семіз  ет  жедік,  майлы  сорпа  іштік.  Әкей 
Жансалқамға, Жансалкамға ғана емес, Зағира екеумізге, бізге ғана емес, ӛзіне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет