Россияның терең түпкірінен әлденендсй құдіретті толқын кӛтеріліп, немесе
әуелгі дүмпумен шарадан асқан, бір жағы Қытай, бір жағы Батыс Европаға
лықсыған жүздегсн мың, бәлкім, бірнеше миллион қарулы әскер, ақылы түзу,
отаншыл азамат қайтадан күш жиса, есі кірген, жер бетіне тӛнген қатерді
толық пайымдаган, кешегі іргелі жұртқа жаны ашыған христиан әлемі оларға
кӛмек беріп, қуат қосса зорлықшыл большевиктер ӛкіметі құлап қалуы ғажап
емес қой,— қисынсыз қиял, орындалмас арман, бірақ соңғы он жыл бойы тек
ақылға сыйымсыз істер ғана жүзеге асты, дүние кері тӛңкерілмесіне кім
кепіл,— білгім кеп, естігім кеп, әрине, бәрі сол қалпында екеніне, яғни,
бұрынғыдан әрмен бүліне түскеніне біржола кӛз жеткізуге аңсарым ауып,
ішім қайнап, не үйде, не түзде байыз таппадым.
Әкемнің, әйелімнің айтқанына болмай, атқа міндім. Сорбұлаққа барып
қана қайтам дегем. Амалсыз босатты. Әрине, қарулымын. Қару болғанда,
шошайған бесатар емес, ыңғайлы маузер, шидем ішінен байлап алдым,
кӛлденең кӛзге байқалмайды. Кешкі салқында шығып кеттім де, қалыпты
жүріспен екі қонып, ертемен иек артпаға жеттім. Белестен сығалап байқасам,
қараң-құраң ештеңе кӛрінбейді. Шынында да, елсіз иенде, біз сияқты
қашқан-пысқан сорлылар болмаса, кім жүрмек. Батыл аяңдап, бұлақ басына
келдім. Жакындай бергенде-ақ ӛзгеріс барын аңдағам. Алдымен, ауыр
кӛтерілген ақбас күшігенге кӛзім түсті. Содан соң әр жерден еріне далпылдап
қарақұстар ұша бастады. Келер мезетте мұрныма қолқа қапқан күлімсі, сасық
иіс келді. Астымдағы кӛкбесті оқыранып, алға емес, қырын, желтен
тӛбешікке қарай жүрген. Тӛбешік басынан бар сурет айкын кӛрінді. Шӛлден,
жұттан ӛлген мал емес, әрине. Адам. Бесеу, алтау... Оншақты. Мүмкін одан
да кӛп. Сыңайына қарағанда санын нақтылау қиын, бүтін біреуі жоқ. Борша-
борша, быт-шыт. Оқ тесіп, қылыш шапқаннан қалғанын құзғындар
мүшелеген. Неткен сұмдық...
Домалай жығылып, ішек-қарнымды ақтара қүстым. Ӛкпе-бауырым қоса
түсе ме деп едім. Содан сон жүрегімді тоқтатып, қайтадан үзеңгіге аяқ
салдым. Адам тозаққа да үйренеді дейді ғой. Мал ғана үйренбесе керек.
Кӛкбестіні еркіне қоймай, ылдиға түсіп, бұлақтың етегінен басына дейін
түгел карап шықтым. Ӛліктер екі қабақта да жатыр. Ырсиған қабырға,
бӛлінген омыртқа, сыдырылған жілік, жалаңаш жамбас... Іріген, шашылган,
Sauap.org
77
кӛгеріп сасыған жеке мүшелер — каңқаның тұтасы кӛрінбейді. Кенет мен
пышырап жатса да, шұбатылып, сіңіріне ілініп жатса да, барлық мүшесі
табылатын соншама сүйек ішінде бір де бір бас жоғын аңдадым. Бассыз кісі
болмайды. Бірақ бассыз ӛлік болуы мүмкін, кесіп, қоржынға салып, немесе
канжығаға байлап әкетсе. Жоқ, әкетпепті. Барлық басты бұлақ кӛзіне — тұма
қайнарға әкеп үйіпті. Астыңғылары суға батқан, кӛгеріп, ісініп кетіпті,
үстіңгілері шашы жидіп, құйқасы сыдырылып, құрттап, шіріп жатыр. Біреу,
екеу... Әлде жеті, әлде тоғыз бас. Мүмкін, он, он екі... Мен ат үстінде тұрып,
тағы лоқсыдым, Ішімде ештеңе жоқ, мұзды қуыс — құса алмадым, бірақ қос
қабырғам қысып, ӛкпем суырылып, жаңағыдан әрмен киналғам. Ат жалын
құшқан қалпы тебіне шауып, ӛрге шықтым. Сол кезде ғана есіме түскен.
Мұнда келгендегі басты шаруам. Жарқабақ астына, киізге орап, кішкене
қазан, қара шәңке, аз-маз ыдыс-аяқ кӛмгеміз. Жігіттермен бұрынгы келісім
бойынша, жаңа заман қалай қүбылады, ӛзімізге де керек болар деп. Біз
жатқан иенде қуыс кесеге дейін қат, жарым-жартылай болса да ала кетпск
едім. Атты қырга каңтарып, амалсыз қайтадан ойға түстім. Жан-жағыма
қарамауға тырысқам. Қарамасаң да кӛресің, Кӛрмесең де бүкіл қолқа -
жүрегіңмен, ӛкпе-баурыңмен зұлымдықтың қоқыс лебін сезінесің. Қойма
оңай табылды. Бір жеңілдігі, бір ауырлыгы болған. Ауыры — бар мүкәмал
шашылып жатыр, яғни, мына кӛмусіз қалған, құзғын талаған жігіттердің бәрі
болмаса да кейбірі ӛткен жылы бізбен дәмдес, тағдырлас күн кешкен жандар.
Жеңілі — егер қар сӛгіле кӛшіп кетпесек, аз-маз аялдасақ, біздің де,— ақбас
шалымыз бар, бүлдіршін сәбиіміз бар,— осы мүскіндермен бірге жайрап
жатарымыз анық-ты...
Шӛңке тӛменіректе тӛңкеріліп қалыпты, ыдыс-аяқтар да сол маңайда.
Сірә, жігіттерді от жағып, тамақ камданған тыныс үстінде тұтқиылдан басқан
сияқты. Керез асын ішіп те үлгермеген. Мен аллау әкбарымды айтып,
шӛңкені де, қалған ыдысты да жинап алдым. Қоржынды ағытып, екі жағына
теңдей бӛліп салдым. Түбінде азғана суы бар қу торсыкты ердің алғы қ асына
байладым. Мұхамед пайғамбарға, Қызыр-Ілияс әулиеге сыйынып атыма
міндім. Осыншама пәруайсыз бо-лармын ба, әкем айтып еді, бұлақ басьша
жетіп, мол суды ӛз кӛзіңмен кӛргенше, жарым торсықты қайтар жолға сақта
деп, күн соншама ыстық болды ма, алда ешқандай бӛгесін жоғына имандай
сендім бе, әлде айдалада адамның тәбеті артады, аштан шыққандай,
артығырақ жеп, кенеусіз шӛлдедім бе, басқаны былай қойғаңда, мана,
ертемен тазалығым ұстап, қол шайып, бет жуғанымды қайтесіз — не керек,
ақсақалдың ақылын ұмытыппын. Мен ӛлмеспін, торсық бүрышында бірер
аяқ су анық бар, ертен кешке, жоқ, арғы таңға дейін, онсыз да шӛлдеп келе
жатқан мына жануар қалай шыдайды. Әлде, тұмаға үйілген, жидіп, шіріп,
құрттары сабаудай болып, ырсиып жатқан құбыжық, бірақ ӛлі бастарды
қамшының ұшымен тӛменге домалатып тастап, бұлақтын кӛзінің тазаруын
күтсем бе екен. Әринс, түбіндегі құм, топырагын да аршу керек. Құрал жоқ,
қолмен. Ағын су, кешке дейін жаңарады. Тіпті, таяу маңда тыныстап, түн
Sauap.org
78
ортасына дейін күтем. Ең дүрысы осы. Бірақ жүрегім дауаламай, бойым
тітіркеніп түр.
Осы кезде Кӛкбесті оқыранды. Жалт карасам, түстік жактан, бірср
шакырымдай жерде топ атты келеді. Шашырамай, бытырамай жүрген
сыңайына қарағанда, кызыләскерлер. Қазір баягы салқам заман ӛткен, тойлау
мен қыдырма жоқ, мұндай алыс ӛңірді келімді-кетімді бекетке айналдырған
біздің жігіттер болуы да. Кӛкем болса, үстіндегі киімін ғана емес, мұрнының
бітісі, кӛзінің түсіне дейін ажыратар еді, мен жыға тани алмай, тағы аз
тұрдым. Біздің жігіттер, яғни, танымасақ та осы ӛңірдегі бейбіт қазақтар
болса, тілдеспей кету ӛкінішті, аналар, яғни қазақ деңіз, орыс деңіз,
қызыләскер мен белсенді болса, қапыда қалу обал. Сырғып жүре бердім.
Бұған дейін кӛрді, кӛрмеді — бой тасаламадым.
Ойдағы ең жақын су кӛзі жүз, жүз жиырма шақырым. Кім де болса,
Сорбұлаққа талығып жетеді. Ал менің атым тың, қайткенде де қарамды
шалдырмаймын, тек оқ тұтар межеден аулақтау керек. Желе жортып жазаң
белеске шығып, артына бұрылғанда, манағы аттылардың жамырай шапқанын
кӛрдім. Созыла жӛнелдім, Аттылардың негізгі тобы бұлақ басына аялдамады,
оза ұмтылған. Ӛншең шобыр мінгендей, жүрістері ӛнімсіз. Сонда да іркілер
емес. Тарсылдата мылтық атысып (ок-дәрісі мол, иттсрдің), бытырай
далақтап келеді. Әрине, кім екені белгілі болды. Қазақ, біреу-екеу емес, топ
қазақ айдалада ӛз жайымсн кетіп бара жатқан адамға, кӛп емес, жалгыз кісіге
мүндай беталды дұшпандық танытпайды. Қара үзіп кете беруге болатын еді.
Бірақ мені ойын қыскан. Мүмкін, қан тілеген шығармын. Арттағы
шаңырагымды ойлағам жоқ. Шынында да, жиырма шақты адам жапырлай
атып жатқан жүз оқтың біреуі қаңғып келіп ӛзіме, иә атыма тиюі мүмкін ғой.
Бірақ мен соншалық сенімді едім. Кейін, бұдан бес есе артық сенім бар кездің
ӛзінде мұндай күмәнді іске шатылмауға үйрендім. Ал бұл жолы ӛзімді тежей
алмағам. Оншама қара үзбей, тіпті, күлік басын тартып, қуғыншыларды
жақындата түстім. Бірақ бұл кезде қызыләскерлердің кӛбінің аты әбден
барлыққан еді. Алдымен жекелеп, содан соң екеу-үшеулеп қала бастады.
Тагы бірер шақырым созғыласқан соң қалжаураған аттар тӛбеден ұрғандай
тегіс тоқтаган. Соңымда жалгыз-ақ кісі калды. Мен тізгінімді қымтадым.
Арамыз бес жүз қадамга дейін қыскарган. Қуғыншым жетеріне күмәнданбаса
керск, сірә, менің шошайган мылтығым жоғын кӛріп келедІ, діңкелетіп алмақ
болып еміне түсті, Мен ептеп іркіле бердім. Тӛрт жүз қадам. Үш жүз... Содан
соң қайтадан ұзарттым. Бұл кезде қалған тобыр кӛз ұшында бұлдырай
бастаган. Бұдан ары бӛгелуге болмайтын еді. Осы кезде тарс етіп мылтық
атылды. Ӛзі де не ата білмес, не шаба білмес бозӛкпе болса керек.
Маңайлаған қайда. Бірақ мен шабысымды кілт тежедім де, аттың жалын
күштым. Содан соң, шылбырды қолдан босатпаган қалпы, аунап ат баурына
түстім. Қуғыншымның тұншыға шыққан айқайы естілді. Әбден шӛлдеген,
шаршаған, тіршіліктен күдер үзген адамның су кӛрген сәттегі қуанышты
айқайы. Мылтығын кӛкке кӛтеріп, шатырлатып атып келеді. (Менің қымбат
оқтарымды бос ысырап етіп жатыр, иттің баласы!) Астындағы омырауы
Sauap.org
79
даладай жирен қасқа айғырдын екі ӛкпесін қысқан тепкіден ентіге дем алған
ауыр күрсінісі жетті құлаққа. Енді болмаса, дәл қасыма келіп, тұмсығын
тірей тоқтар еді. Мен жылқыны аядым. Дәл құлағының түбінен тарс атылған
оқтан шошынар дедім. Не кӛрмеген мал. Шошымайды екен. Қуғыншым да
шошынып үлгерген жоқ. Таңырқауға ғана шамасы келді-ау деймін. Мен
асықпай орнымнан тұрдым да, тізгінін бос жіберіп, ұзын винтовкасын қос
қолдай кӛтеріп: "Врешь, киргиз! Не уйдешь, гад! Смертъ буржуям!"* деп,
есінен адасқан адамдай, құдайдың қу даласында қарлыға айқайлап, далбаң-
далбаң шауып келе жатқан қызыләскерді тура шеміршегінің астынан тартып
жібердім. Сала құлаш винтовка ытқып ұшып кетті, кызыләскер кӛзі алайып,
маған сүзіле қарады да, ер-тоқымымен қоса аударылып оңқасынан жығылды,
аяғы үзеңгіде қалыпты, жирен қасқа айғыр шошына шұрқырап, кӛкке
шапшыды да, ӛлікті тӛрт аяқтай, үсті-үстіне теуіп, сүйрете-мүйрете, ай
далаға дүркірете қашты. Мен атыма міне бере қайрылдым да, сұйық боз
сораң арасынан жаңа ұшып түскен бесатарды тауып алдым. Қоңыр болат
оқпаны майыспаған, қызғылтым сырлы дүмі сынбаған, оқ-дәрі исінен май исі
басым жап-жаңа винтовка. Кӛкбестіге ырғып мініп, жирен қасқа айғырдың
соңынан қудым. Ӛзі де қалжырап келе жатқан жануар, мүлде болдырды ма,
әлде сыбағасын алып бітті, осы да жарар деп ойлады ма, бой салып кашпады.
Қатарласа келіп шұбатылған тізгіннсн ұстағанда осқыра дірілдегенмен,
туламай, тартына созбай, тек тұрған. Бӛгелместен, бауырға түсксн орыс ер-
тоқымының айылын киып жібердім. Айгырды жстслегсн калпы әудем жерге
алып шығып, жалынан, тұмсығынан сипап, мойнынан құшақтап әрең
тыныштандырдым. Кӛз шалымда қара кӛрінбейді, асығар ештеңе жоқ.
Кӛкбесті екеуін қалмақша айкастыра каңтарып, жансыз мүрдеге айналған
кызыләскерге келдім. Ат тепкілеп, дүңгіршегін жарып жіберген екен, жер
сызған, тұяқ кескен бет-ауыздан ештеңе жоқ, кеудесіне дейін мый-батпақ
қара ала қан — бірақ сары түкті қолы, боп-боз саусақтарына қарағанда, азиат
емес, европалық және ажал қуып жер түбінен келген жас жігіт екені аңдалды.
Мен қолым былғанады деп жеркенбей,— не кӛрмеген қол,— әскери
гимнастерканың қалтасын ақтардым. Қызыләскер билсті. Дұрыс. Агафонов
Павел Иванович. Жұмыскер текті. 1910 жылы Питерде туған. Жасы толмаған
себепті Ұлы Революцияны терезеден ғана кӛрген, қатынаса алмаған.
Ӛткеннің орнын толтырып. Жабайы Киргиз даласында Жаңа Тәртіп орнату
үшін Түркістан ӛлкесіне сұранған. Қазір патша Петрді де, әулие Петрді де
талақ етіп, Ұлы Кӛсемнің атын иелену құрметіне жеткен қанды қалада кәрі
шешесі қалған. Міне, мүгедек, ауру... Бейнеттен арылмаған қарапайым орыс
әйелі. Шын сорлы екен. Осындай, жарты әлемді жалмаған ӛрт шықпаса,
шалың тірі, балаң қасыңда отырар еді. Ӛз қанын да, ӛзгенің қанын да
ішпейтін еді. Барыңнан тегіс айырылдың. Аштан ӛлесің бе, қайыр сұрайсың
ба — жолың ашық. Ал мен қарық болып қалдым. Қанға тойған арық
қызыләскердің ӛне бойы толған қазына — иығына ашамайлап асқан қос
оқшантай толы оқ. Аттанысқа жеткілікті етіп алған екен, жаңа шығынға
кеткені он шақты ғана, қалғаны жүздің анық үстінде. Біразының сыртына қан
Sauap.org
80
қатып үлгеріпті. Сол калпында мойныма астым. Содан соң бейбақтың етігіне
кӛзім түскен. Жирен айгыр соншама тепкілегенде ұлтаны сӛгілмеген, берік,
жап-жаңа былғары етік. Ӛлшемі кішірек. Бірақ бұл далада бәрі қат. Әкейдің
аяғына сыймаса, Зағираға шак келсді. Бұтынан табаныммен басып тұрып,
шуаш сасыған сары шұлғауын шұбалтып, екі етікті де сыпырып алдым.
Ендігі қалғаны — ертоқым. Атты әскер ертоқымы. Бітісі сұрықсыз, мініске
жайсыз. Бірақ тұтасымен былғары. Тым құрса ұлтанға жарар. Мана
қарбаласта ойланбай кескен айылды қайта жалғап, шылбырмен үстінен
тартып, жирен айғырдың арқасына бекіттім. Тағы да мол олжа —
қанжығасында салақтаған құтысы бар екен. Түбіндегі суы ортадан астам. Іше
жаздап барып бӛгелдім. Жоқ. Жеркенгеннен емес. Қан тӛгуден,
құрбандығының ӛлі денесін тыр-жалаңаш тонаудан осыншама ләззат алған
адам неден тайынсын. Кейінге сақтадым. Тыр-жалаңаш демекші, сонша
былганбаса, үстіндегі киімін де сыпырар едім. Бірақ, оқа емес. Ӛкініштісі —
белінде жабайы киргиздарды иықтан шатқа дейін айырып шабатын ӛткір
қылышы болса керек еді, бір жерде үзіліп түсіп қалған сияқты.
Құныққаным, рақаттанғаным сондай ат үстіне қонған соң ғана арт жаққа
бүрылыппын. Кӛз үшында емескі екі кара кӛрінеді. Революциялық санасы
тӛмен сорлылар. Әуелде кежегесі кейін тартса да, үсті-үстіне атылған
мылтық даусынан соң менің ӛлгеніме нық сенген, бірақ жолдастарын жалғыз
жіберуді намыс санаған тағы екі ӛлексе. Келе жатыр ілініп-салынып.
Бүларды да жер каптырып кетсе сауап болар еді. Бірақ бұл кезде менің
ақылым кірген. Асықпай, саспай аяңдап жүре бердім. Жетем десе қусын.
Қорғасын бұршақпен тӛбесін тесіп берейін. Бірақ апан далада жүрген
шекпен, тымақты жалғыз қазақтың тегін адам емесін аңдаған болар.
Қумайды. Қуса да жетпесін біледі. Ал арғы қалың топ... Ӛткен жолы бұлақ
кӛзін кесілген бастармен бекітіп, улап кетпесе, кӛп бӛгелмей, соңымнан қуар
еді. Жендетте ақыл болмайды деген осы...
Әйткенмен, тәубамды ұмытпадым. Үлкен қауіп босаңсып қалған жирен
айғырда. Бірақ аяғы жеңілейген соң жетекке еріп келеді. Тек аузы кӛбіктеніп
кеткен. Әбден аңқаған. Кӛкбесті де шӛлге ұшпағанмен, онша ширақ емес.
Тәуба, су бар менде. Қызыләскердің құтысында қалған жарты тостаған.
Торсық түбінде қалған бір аяқ. Ӛзім қаталап ӛлсем де, қос жануарыма берем.
Молырағын жирен қасқа айғырға. Не кӛрмеді дейсің жануар. Қаннан
табиғатында қара кӛңіл адамның ӛзі шайлығады. Жаны таза жануар соншама
зорлық, қысас пен қазаны кӛре тұра ештеңе сезбейді деп ойлау — біздің
топастығымыз-дан. Бәрін сезеді, бәрін біледі, тек айтуға тіл, наразылыққа
шама жоқ. Бірақ каныпезерді жалпасынан түсірген, еркін мылжалауға
мүмкіндік берген маған мейлінше риза болуға тиіс...
Сүт пісірімдей уақыт ӛткенде арттағы екі қарасын мүлде ӛшті. Бірақ мен
тоқтамадым. Ілбіген қалпымда алға жылжи бергем. Бие сауым, ет асым
уақыттан соң ғана аз-маз аял жасап, аттарымның аяғын суыттым. Әрине, осы
арада әжептәуір тыныстап алуға болар еді. Батыр қызыләскерлер банды
қумақ қайда, жандарымен қайғы. Әрине, шӛлден ӛлмейді. Ӛздері ӛрнектеп
Sauap.org
81
кеткен бұлақ кӛзін ӛз қолдарымен аршиды. Күресте шыныққан, тозаққа
тӛзімді темір балшабектер тұма қайнар ӛздері шашқан қанды іріңнен, ӛздері
ӛсірген семіз құрттардан тазарғанша, яғни кешке дейін, қарға-құзғыннан
қалған ӛлекселерге карап, ӛткен күрес туралы естелік, болашақ жеңістер
туралы тәтті қиял үстінде, солықтарын басып, шынтақтап жата тұрады.
Содан соң таза суды сасық ауамен араластырып ішіп, естерін жияды. Сусаған
шӛл басылады. Қаңсаган шӛл қаталата түседі. Таяу тӛңіректен оққа ілер,
қылышка шалар ештеңе таппай, қайтадан ойға — Шу бойына түседі. Бейбіт
ауылдарды, жазықсыз момындарды шауып, жер жүзілік революцияны одан
әрі жалғастыра береді. Бүкіл қазақ даласын, бүкіл Россияны, шамасы жетсе
бар әлемді мына Сорбұлақ басындай қанды-шірік, іріңді-бүлік тозаққа
айналдыру үшін...
Біздің жаңа қоныс Кӛкжайлау — Сорбұлақтың терістік-батыс жағында
еді. Мен жаудан жалтарған кезде, әрине, тура ӛз үйіме қарай тартпағам.
Солтүстікке — иенге бет алған едім. Қуғыннан бой тасалаған соң, орағыта
жүріп, оң бағытыма ойыстым. Күн бесінге еңкейгенше тоқтаусыз аяңмен-ақ
талай жер ұтсақ керек. Қырат, белестер жазыла бастады. Бұйырғын, ебелек
азайып, жадау, сұрықсыз қара жусан мен сербиген, тӛмпеш-тӛмпеш итсигек
басқан дала шұбар теңбілденіп кӛрінеді. Мен кӛктемгі дымқыл самал
желпіген бір дӛңестін басынан кӛзім талғанша қарауыл қарадым да, сол арада
ат белін босаттым. Кӛкбесті мен Жиренқасқа айғыр сауыс-сауыс болып,
бұйралана тер қатқан кең омырауларын қоңыр лепке тосып сұлық тұр.
Ауыздықтары алынса да оттамайды. Қайдан оттасын. Су — су ғана керек.
Бүл маңайда неше күндік жерде тамшы жоқ. Есті жануарлар жағдайды
түсінетін сияқты, осқырынбайды да, кӛз сүзбейді. Неге болсын менімен бірге
кӛнбек сыңайда. Мен осы кезде ғана ойладым. Әкемнің, әйелім мен
баламның халін ғана емес. Қолдағы азғана малдың да тағдыры маған
байланысты екен. Менің тіршілігіме, амандыгыма. Ӛйткені... дәл қазіргі
тұрган жерімнің бедері бейтаныс. Бейтаныс емес, аумайды — анада осылай
ӛткен, кеше бері қайтқан жолымнан ешқандай айырымы жоқ, бірақ ол емес.
Ол емес, басқа жер! Анада әкей айдалаға, екі-үш жерге құрық қадап кеткен.
Мен жоқта белгі болар деп еді. Тағы бірнеше жерде үйіріле, ӛзгеше ӛскен
итсигек, ақ сортаң тақыр, жалаңаш тӛбешіктерге, тақау маңдагы баска да
толып жаткан бедер, белгілерге назар тіккен. Түзу сорапқа бағана түскен
сияқты едім, бірақ сол айғақтардың ешқайсысын да кӛре алмай келем. Мана
оңға қарай кӛбірек қиып алсам керек, енді солға қарай ойысыңқырау керек.
Жалпы бағытым түзу. Солай деп кӛңіл бекіттім. Ет асымдай аял жасадық.
Кӛктемгі самалдың ӛзі сусын деуші еді әкем. Таңертеңнен шӛлдеген жоқ
едім, қазір тіпті тыңайып қалғандаймын. Аттардың да ӛңі кіргендей. Бірақ
мен барымды аямадым. Қу торсығымды тілдім де, бұрышында қалған бір
аяқтай суымды түгелімен Жиренқасқа айғырдың аузына тостым. Содан соң
олжа құты түбінде ауыз шаяр бірер ұрттам ғана қалдырып, қалғанын торсық
бұрышына құйып, Кӛкбестіге ішкіздім. Бүдан былай қандай жолға шықсам
да суды қос-қос меспен тендеп алыл жүрермін-ау!..
Sauap.org
82
Бірақ осыған да шүкір. Екі жануардың да жанары жарқырап кетті. Мен
де айдарымнан жел ескендей, кӛтеріліп сала бердім. Бесатар мен маузер,
барлық оқ, қазан-аяк, сыртқы бір қабаттан асқан киімге дейін жирен
айғырдың үстіне артып, қайтадан Кӛкбестіге міндім. Күн жарықта біраз жол
ұтып, ең бастысы — оң бағытты анықтап қалу керек. Екі атты да қинамай,
желе аяңдап, кешке дейін сабылдық. Қанша жүргенімізді білмеймін. Әйтеуір
Сорбұлақтан түстік жерге ұзағаным, жолдың ширегіне жуығын ӛткеруім
анық. Бірақ шӛмеле ішінде емес, айналасы неше күндік иенде жоғалған
сабақсыз ине
— медиенге шаншылған құрық та жоқ, басқадай тіршілік, яғни, бізді
тіршілікке бастайтын айырым белгі де жоқ. Алға басқаннан бӛтен амал
қалмаган. Ілбіп жүре бердік. Қақ маңдайымыздагы шаңырақтай үлкен,
қызғылтым бозғылт күн ауыр салмағын кӛтере алмай, ерінс дӛңгелеп, теп-
тегіс, қылаң сүр жазықтың кӛгілдір күрең жиегіне жанасты да, бар қызуын,
ӛң-шырайын ішіне тарта, күмбезденіп іркіле бере шым батты. Буалдыр тез
түсті, Арай да, шапақ та жоқ,— ақшам туар-тумастан сам жамырады, қызыл
іңір — түнек қараңғыға алмасты, сол сәтінде-ақ биік аспанды қаптай жанған
кӛгілжім, қызғылтым, ақ боз жүлдыздар тіршіліктің бар сәулетін тұңғиық
сырға бӛлеген. Түн салқыны, жұлдыз жарығы қосымша күш құйғандай,
іркіліссіз жүзіп келеміз. Шӛл далада, құдайдың ғана кӛзі түсер меңіреу иенде
жалғызсырар жӛніміз жоқ — үшеуміз. Мен аузым кеберсіп, тілім
тұтқырланып келе жатса да, анда-санда дыбыстап қоям. Аттар жүрісін
ширата түседі. Қазақ жылқысының қаншалық тӛзімді екенін, жаны иесімен
бірге шығарын сонда ғана кӛрдім. Кӛп жүрдік. Әлі де жүре берер шама бар.
Бірақ зорығып, ұрынып қалмау керек еді. Аттар босаңсыса, ӛзім әбден
шаршаппын. Тыныкпай болмады. Тоқтадық. Екі арғымағымды да суытып,
қаңтара байладым. Шылбыр ұшын астыма басып, тымағымның құлағын
түсіріп, тақыр жерге бүктеліп жата кеттім.
Бұрылмасы, бүгілісі жоқ тұп-тура қасқа жолға түстім. Жол дегенім жол
емес, кәдімгі шұбар кӛкпек, сирек теріскен ӛсксн тақыршақ сортаң. Жол
болатыны — сорабы айқын, екі қапталы берік — ұзыннан ұзақ созылған
кенересі бар. Жай кенере емес, қатар-қатар тізілген адам басы. Қатар
тартылып, біріне бірі жалғаса тіркеліп, кӛк жиекке батып жоғалатын, басқа
тарапқа мойын бұруға жар бермейтін, тістері ақсиған, кӛздері шақырайған
тірі бастар — маңдайына жазылғаңдай айкын танылып тұр: орысы, қазағы,
басқасы аралас — чекистер мен белсенділер. Оңға не солға бұрыла
алмаймын, кейін шегінуге... артта бұдан да үлкен қатер бар... баяғыда ӛзім
жазаға тартқан жандарм офицерлерінің бұтарланған дене мүшелері
шашылып жатқан сияқты, бұрылып қарауға қорқам. Алға ғана жүруім керек.
Тек бір-ақ бағытқа. Арттағы нәжіс лептсн ұзасам, мына ақсиған үрейлі
бастардан тез құтылсам, жол ұшығына жетсем... Аяғым ауыр, демім тар.
Жүріп келем... Кенет атым бары, үзеңгіге ілінсем, тірі бастардан жасалған
құбыжық бӛгесіннен қарғытып ӛтерім есіме түсті. Сол сәтіндс селк етіп
ояндым.
Достарыңызбен бөлісу: |