Сəбит Дөнентаев (1894-1933). Кереку өңірінде дүниеге келген. “Уақ-түйек” (1915) – алғашқы өлеңдер жинағы. Поэзиясының ба- сты тақырыбы – əлеуметтік теңсіздік. Ақын өлеңдерінде сыншыл реалистік сипаттар басым келеді (“Заман кімдікі”, “Бозторғай”, “Менің жайым”). 1917 жылғы ақпан революциясын шынайы түсінді (“Бостандық”). Ақынның шығармашылық ғұмырнамасын дəуірлеудің басты белгісі – ақынның көзқарас эволюциясы. Абай мен Тоқай жəне орыс, батыс классиктерінен үлгі-өнеге алып өскен. Шығармашылығының басты бағыты – ағартушы-демократтық бағыт. 1920 жылға дейінгі аралықтағы поэзиясында ұлтжандылық сарын бар (“Адасыппыз”, “Сарыарқа анамызға”, т.б.). Кеңес дəуіріндегі ірі өзгерістерді де поэзиясына арқау ете білді.
Сəбит Дөнентаев шығармашылығының қанаттануына “Қазақ” газетінің қызметі аса зор деп білеміз. Оның “Қазақ” газеті бетінде “Азаттық күні”, “Əр жан əр түрде”, “Жаз”, “Жанға” , “Тоты құс”, “Жаңа жыл құтты болсын” жəне “Ұлтшылдарға” деген өлеңдері жарияланған. Өнерді өркендететін нəрсенің біріншісі – өмір бол- са, екіншісі – суреткердің дарын-қабілеті болып табылады. Ақын суреткерлігінің мықты болуы – оның интеллектуалдық, эмоциялық, рухани, эстетикалық білік-біліміне тікелей қатысты. Өз дарын-талан- тын, бойындағы бүкіл білімін шығармашылығына сарқа жұмсаған, елі мен туған жері үшін жанын пида еткен алаш ұлдарының бірі – Сəбит Дөнентайұлы. Мұхамеджан Сералин (1872-1929). Қостанай облысында туып өскен. Мұхамеджан Сералин – ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының үлкен қоғам қайраткері, белгілі санаткері, көрнекті ақыны, танымал көсемсөзшісі. Қазақша-орысша білімді болған. Оның “Топ жарған” (1900), “Гүлкəшима” (1903) поэмалары қазақ жазба əдебиетіне елеулі үлес болып қосылды. М. Сералин өлеңдері қазақ өмірінің,əлеуметтік тұрмысының шындығын танытады (“Бай, патша һəм ке- дей”, “Бай, қасқыр, аңшы” т.б.).
3. ХХ ғасыр басындағы көрнекті ағартушы-демократ шығармашылық тұлғалар.
4. Ағартушы-демократтар жəне батыс əдебиеті.
5. Ағартушы-демократтық əдебиеттегі дəстүр мен жаңашылдық
.
6. Шəкəрімнің өмірі мен шығармашылығы.
Шəкəрім шығармашылығы – қазақ əдебиетінде Абайдан кейінгі ірі құбылыс. Ол – Абайдың жақын інісі болумен бірге, тікелей Абай мектебінен өткен нағыз шəкірті. Шығыс, Батыс классиктерінің шығармашылығын жете танып, мұсылмандық ілім-білімді де еркін меңгерген. Түркі халықтарының тарихын терең білетін, діни, тари- хи тақырыптарға еңбектер жазған (“Мұсылмандық шарты”, “Түрік, қырғыз, қазақ һəм ханылар шежіресі”, “Үш анық”) ғұлама ғалым.
Ұзақ жылдар бойы солақай саясат кесірінен ескерусіз қалып, əдебиет тарихына енбеді. Шəкəрім – əдебиеттің көптеген жанр- ларында туындылар жасаған қаламгер. Шығармашылығының басты тақырыптары сол кездегі қазақ қоғамының бар саласын қамтыған. Ол, əсіресе, Абай үлгісін шашуда елеулі еңбек етті. Сондықтан Абай дəстүріндегі көркемдігі жоғары, мазмұн, түр жағынан сонылығы басым, үлкен қоғамдық-əлеуметтік мəні бар лирикалар туғызды. Абай ұстанған ағартушылық, гуманистік көзқарасты қатты қолдады.
Алғашқы жинағы “Қазақ айнасындағы” (1912) өлеңдері қам- титын тақырыптардың бастысы – адам тағдыры, адам өмірінің мəні, адамгершілік тəрізді философиялық ой-таным. Жанға, тəнге, көңілге, өлім мен өмірге байланысты өлеңдер (“Өзіме”, “Өмір”, “Талап пен ақыл”, “Адамшылық”, “Адам немене”, “Көңіл”, “Тəңірі мен жан”, т.б.) Шəкəрім поэзиясының негізгі желісі. Өлеңдерінде ой тереңдігі мен ақындық танымның кеңдігі (“Өлген көңіл – ындынсыз өмір”, “Тіршілік, жан туралы”, “Жан менен дене, һəм көңіл”) көзге айқын шалынады.
Шəкəрім халқының санасын тұмшалаған отаршылдық қасіретін ашып көрсететін, елім деген жүрек бұлқынысын танытатын өлеңдерді де көптеп жазды. Оларда азаматтық сарын басым болып келеді. “Қазағым”, “Қазақ”, “Тағы сорлы қазақ”, “Партия адамдары”, “Бостандық туы жарқырап”, “Бостандық таңы атты” өлеңдерінде ой тереңдігі арқылы замана шындығын ашудағы ізденістері байқалады.Шəкəрім лирикасын шартты түрде көңіл-күй жəне ой-толғаныстар деп екі салаға бөлуге болады.
Ш. Құдайбердиев 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыстау бөктерінде, қазіргі Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысының Абай ауда- нында дүниеге келген. Шəкəрімнің əкесі Құдайберді – Құнанбайдың Күңке дейтін бəйбішесінен туған жалғыз ұлы. Құдайбердінің Дəметкен (Төлебике) дейтін бəйбішесінен Омар, Мұртаза, Шаһ- маржан, Шəкəрім туған. Ол – Абайдың немере інісі.
Шəкəрім бес жасында ауыл молдасынан хат таниды. Əкесі Құдайберді 1866 жылы отыз жеті жасында дүниеден өтіп, Шəкəрім жеті жасында жетім қалады. Бұған оның мына өлең жолдары куə:
Бесімде оқу білсін деп, Ата-анам берді сабаққа. Жеті жаста жетім боп, Түскендей болдым абаққа..
Шəкəрім əкеден жастай айрылғанымен, жетімдік көрмеген, Құнанбайдың ерке немересі болып өскен. Өзі “Қажы марқұм мені жетім деп аяп, қысып оқыта алмай, ғылымнан мақрұм қалып, ой- ыма не келсе соны істеп əдепсіз, ғылымсыз өстім. Əйтсе де түркі танып, орысша хат танып қалдым”, – деп жазады “Түрік, қырғыз, қазақ һəм ханлар шежіресі” атты туындысында. Сөйтіп білім- ғылымның қадір-қасиетін кештеу болса да терең түсініп, өз бетімен оқып-үйреніп, рухани қазыналарға көп үңіледі. Қазақ халқының бай əдеби мұрасына қоса, өзге жұрттың да əдебиетін жетік білген Шəкəрім көп тілді (араб, парсы, түрік, шағатай, орыс) меңгерген. Шəкəрімнің азамат ретінде қалыптасуында Абай тəрбиесінің өзіндік орны бар. Оның өз заманының білімді де, парасатты аза- маты дəрежесіне көтерілуіне Абай ерекше əсер еткен. Бұл туралы жоғарғы еңбегінде Шəкəрімнің өзі былай дейді: “Əкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза – қазақ ішінде Абай деп атайды – сол мұсылманша һəм орысша ғылымға жүйрік, һəм алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағылым алып, əр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сəулесін сездім. Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ болғандықтан, қадірі азырақ білінді. Алай болмағанда дəнішман, хаким, философ кісі еді. Қор елде туды да, қорлықпен өтті”.
7. Шəкəрімнің ақындық шеберлігі.
Шəкəрім өлеңді, ақындық өнерді “даналық бесігі”, “ақылдың кені” санайды. Арманы “қазақты өрге сүйреп өлу” болған ақын өрге сүйреудің ең озық құралы – өлең, оның “ар түзейтін” ұлы қасиеті деп біледі. Ал сол өлеңді жаратушыны, яғни ақынды туған халқымен тұтасып кеткен ұлы тұлға таниды.
Шəкəрім шығармашылығының дені – өлеңмен жазылған дүниелер. Өйткені Шəкəрім – ең алдымен ақын. Ақын болғанда, алдыңғыны дамытқан, кейінгіге үлгі болған ақын. Əдебиеттегі жаңашылдық пен дəстүр ұғымдарының нақты белгісін осы Шəкəрім шығармашылығынан көреміз. Дəстүр дегеніміз М. Əуезовтің сөзімен айтқанда: “...мағынасына характер де, түр де, оқу мен өсу де, дами түсіп өзгеру де, мазмұн мен сыртқы сипат көрік-күй мəселесі – бəрі де кіретін нəрсе”.
Бұл тұрғыдан келгенде Шəкəрімнің Абайдың інісі ғана емес, дарынды шəкірті екендігін, ұлы ақын дəстүрін өзіне тəн өрнегімен əрлеп алға апарушы екендігін алғаш айтып, ғылыми тұжырым бер- ген Мұхтар Əуезов болды. Шынында Абай мен Шəкəрім арасындағы шығармашылық байланыс аса терең. Ол – құрғақ еліктеушілік емес, бірін-бірі толықтырған өнерге тамырластық.
Шəкəрімнің шын мəніндегі ақындық болмысы оның өмір шындығын нақты, əрі бейнелі суреттеуге ұмтылғандығынан көрініс табады. Өз ортасынан ойып алған оқиғалармен, сол ортадан тапқан кейіпкерлерін бүкіл қоғамға тəн типтік бейне дəрежесіне көтеріп, көркем образ жасай білген Шəкəрім шеберлігіне тəнті болмау мүмкін емес.
Ойласам, сол тышқандай бұзықтар көп,
Сырты сопы, іші арам қылықтар көп
. Пара алып, не қазынаның ақшасын жеп,
Адалымсып жүретін ұлықтар көп...
Бір ұрты май, бір ұрты қандар да бар,
Қой терісін жамылған жандар да бар.
Жазасыздан жазалап атақ алып,
Ақ жүрексіп жүретін паңдар да бар...
“Епті тышқан бидайды таси берген” деп басталатын осы мы- сал өлеңде пернелеу арқылы жеткізген ақын кейіпкерінің шынайы иесі кім екені бесенеден белгілі. Бұл – қоғамдағы ілгершіл ой пікірге тұсау болар, кері кеткен, кесірлі жандардың нақты бейнесі. Олардың іс-əрекетін көрсету арқылы ақын одан жирендіре отырып, оқырманды адамдық ұлы мақсатқа жетелейді.
Осы сарындас өлеңдер тобына “Ашу мен ынсап”, “Шаруа мен ысырап”, “Анық пен танық”, “Ер қоспақ пен сөз сөйлемек”, “Дүние мен өмір”, “Мақтау мен сөгіс”, “Міндеу мен күндеу” тəрізді шығармалары жатады. Мұндағы мақсат айқын, міндет анық. Ақын өмірлік топшылауын алға тартып, оны өлеңнің құдіреті арқылы оқырман жүрегіне жеткізуге тырысады. Жеке адам бойындағы кемшілік, қоғамдағы жалпы құбылыспен астасып кетеді. Осыдан келіп, Шəкəрім шығармасындағы жеке тұлғадан бүкіл қоғамдағы өзгерістерге тəн типтік образ жасалады.
Шəкəрім ұстанған сыншылдықтың басты міндеті - өмір шындығын нақты көрсете отырып, салмақты əлеуметтік ой айту, өмір құбылыстарын, заман мен қоғам шындығын шынайы бейнелеу арқылы оқырман мен тыңдарман ойын ояту болса керек.
Шəкəрім – айналасындағы болып жатқан қоғамдық-əлеуметтік өзгерістер мен жаңғыруларға үнемі үн қосып өзгелерге жөн сілтеп, жол басшы болған кісі. Ол ақын ретінде де, қазақ қоғамының белгілі қайраткері ретінде де өмір көшінің алдында жүріп, замана желінің қайда соғарын тап басып танып отырған. Керек кезінде қазақ жұртшылығын бұйығы тұрмыс-тіршіліктен оятуға ұмтылған ақын, ұлы өзгерістер тұсында өзгеше түлеп шыға келеді. Сөйтіп“Бостандық таңы атты”, “Бостандық туы жарқырап” деген топта- ма өлеңдер тобын жазады.
9. Шəкəрімнің поэма-дастандарындағы тарихи шындық жəне көркемдік шешім.
Достарыңызбен бөлісу: |