Сызбалар, тапсырмалар және ситуациялар (мына тапсырмаларды жазбаша түрде орындау қажет):
1. ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиеттің тарихи қоғамдық-әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысын қарастыру арқылы әдебиеттің ұлттың ой-санасын оятудағы міндетін анықтаңыздар.
2. Осы кезеңнің әрқилы әдебиет өкілдерінің шығармашылық болмысына бойлау арқылы ілгерішіл әдеби қаламгерлердің шығармашылықтарындағы басты жетістіктерді қарастырыңыздар.
3. Шәкәрім поэзиясындағы Абай дәстүрі мен жаңашылдық.
4. Шәкәрім поэмаларындағы тарихи шындық пен көркемдік шешім. Философиялық түсінік, ой-толғамдары.
5. Өмір құбылыстарына, дінге көзқарасы. Меккеге бару сапары. Лирика жанрында өнімді еңбек еткені. «Сәнқойлар», «Еріншек», «Қазақтың жаманы болмас», «Шын сырым», «Арман», «Жастық туралы» атты шығармалары. Сыншыл сарындағы лирикасындағы ой-толғамдардың, көркемдік құралдардың Абай дәстүрімен үндестігі.
6. Поэмалары – «Қалқаман – Мамыр», «Еңлік – Кебек», «Нартайлақ – Айсұлу». Шығыстың әйгілі шығармасы «Шаһнаманы» аударуы.