Шизофрения және аффективті бұзылулар кезіндегі бикелік процесс


Ақпарат жинау кезінде аурудың айқындалуы қажет көріністері мен салдарларының бар-жоқтығын белгілеу керек



бет6/7
Дата13.02.2023
өлшемі106,5 Kb.
#67472
1   2   3   4   5   6   7
Ақпарат жинау кезінде аурудың айқындалуы қажет көріністері мен салдарларының бар-жоқтығын белгілеу керек:

Сөздік


Сенестопа́ти́я
оны оқшаулау жерінде объективті патологиялық процестің жоқтығынан туындайтын, нысаналылықтан айырылған (мұнысымен висцеральды галлюцинациялардан (елестеулерден) ерекшеленеді), дене бетіндегі немесе ішкі мүшелердегі оқшауландырылатын, ауыртпалық түсіретін, жағымсыз денелік сезінушілік.

1. Сенсорлық қабылдаулар өзгерістерінің (елестеулер, иллюзиялар, сенестопатиялар мен басқа да көріністер, бұл жерде дербестендірмеу мен іске асырылмауының орын алғандығы да көрсетіледі) бар екендігі.


2. Танымдық процестер өзгерістерінің (сандырақтаулар, ойлауды аутистік құрулар мен басқа да көріністер) орын алуы.
3. Коммуникация өзгерістерінің — қарым-қатынастың формальдылығы, қарым-қатынасқа құлықсыздықтың, қарым-қатынастың толықтай жоқтығы және т.б. бар екендігі.
4. Қозғалыстық саладағы өзгерістер — қажетті тесттер мен кейіптер, мәнерлік, қозушылық, мелшию.
5. Аффектінің өзгерістері — әдеттен тыс бәсең немесе көтеріңкі көңіл-күй, ызақорлық, селқостық.
6. Суицидтің жоғары тәуекелі.
7. Күш қолдану іс-әрекеттерін жасаудың жоғары тәуекелі.
8. Отбасылық өзара қатынастардың өзгеруі: отбасындағы алауыздық, отбасының ыдырауы, пациенттің жай-күйін отбасының түсінбеуі, пациентті шеттету.
9. Жұмыспен қамтылу проблемаларының бар болуы, жұмысқа қабілеттіліктен айырылу және құлдырауы, әріптестерінің түсінбеуі, жұмыстан айырылу үрейі.
10. Өзін-өзі күтім жасау тапшылығының орын алуы (салақтық, жағымсыз сыртқы түр, өзіне-өзі күтім жасауға құлықсыздық және т.б.).
11. Тағайындалған психотропты заттарға жағымсыз (жанама) реакциялардың — тремор, қозғалыстардың, сыртқы ынталандырғыштарға жауап қайтарудың баяулауы және басқалар.
12. Ұйқының жай-күйі (ішінара, толық ұйқысыздық).
Ақпарат жинаудың мәліметтеріне қарай пациенттердің проблемалары, осы арадан қажетті араласулар да анықталады.
Пациенттердің үлгілік проблемалары шизофрения мен көңіл-күйдің аффективті бұзылуларының жоғарыда сипатталған әртүрлі формаларының клиникалық көріністерінен келіп шығады. Мұнда елестік-сандырақтық көріністер мен қарым-қатынас тапшылығы, және көбінесе аурудың басталуы немесе оның рецидивіндегі әртүрлі формаларда көрініс беретін психоқозғалтқыштық қозу да бар. Заманауи жағдайларда, психотропты заттар кеңінен қолданылатын кезде жан дүниесі ауыратын науқастар тарапынан күш қолдану іс-әрекеттерінің тәуекелі көп дәрежеде ескішіл адасушылық болып табылатынын атап өткен жөн; ол жалпы популяциядағы («дені саулардағы») зорлық-зомбылық тәуекелінен төмен. Алайда шизофрения мен көңіл-күйдің аффективті бұзылуларынан зардап шегетін пациенттердің арасында суицид тәуекелі аса зор, және-де нейролептиктермен терапия бұған бөгет жасай алмайды.
Шизопрениядан кейінгі тоқыраудың даму мүмкіндігін-де ұмытпау керек.
Шизофрения мен көңіл-күйдің аффективті бұзылуларынан зардап шегетін пациенттердің отбасылық проблемалары өте мәнді. Отбасы, жақындары пациентті түсінбеуі, оның ауру симптомдарын, ақымақтық мінез-құлықтың көріністері деп есептеулері мүмкін. Екінші жағынан, кейбір жағдайларда отбасы пациенттің дені сау екендігін табанды түрде қорғайды және оның аурулық мінез-құлық көріністеріне әртүрлі, ақтауларды іздестіреді.
Әсіресе пациентті стационардан шығарған кездегі жай-күйін оған, мысалы толықтай сауыққан немесе үмітсіз және бақытсыз болып көрінетін отбасының түсінбеуі қауіпті және ұнамсыз. Бұл кезде отбасы мүшелері пациентке тұрақты және орынсыз аяушылық танытады, немесе отбасы мен жақындары ширыққан, ұнатпаушылық қарым-қатынастарды сақтауды жалғастырады; кейде отбасы пациенттің алдында үрей мен шарасыздықты басынан өткізеді.
Шизофрениядан зардап шегетін пациенттердің жұмысынан айырылуы да сирек емес. Әсіресе пациенттердің қараусыз қалуы ауыр проблема ұсынуы мүмкін — бұл егер әңгіме олардың салақтығы мен ластығы сияқты көріністер туралы болса, түзетуге болады, бірақ егер іс ауыр науқастың немесе үйі жоқтықтың (мысалы, алаяқтықтың немесе отбасының көшуі нәтижесінде тұрғын үйінен айырылу) нәтижесінде пациенттердің (әсіресе ер адамдардың) жалғыздығына қатысты болса, онда анағұрлым күрделірек.
Психикалық ауруы бар адам үшін өмір салтындағы кез келген өзгеріс жүйкенің қажуына айналуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет