Соңғы есепте, бұл іс-шаралардың мынадай тұтастай бір қатарын өткізу үшін өзіне жауапкершілік қабылдау да: 1. Науқасты қандай да бір рәсімді немесе шараны өткізуге дайындау медбикеден көп күшті, шеберлікті, науқас психологиясын және орын алған психотикалық бұзылулардың сипатын білуді талап етеді.
2. Науқасты дәрі қабылдау мен қандай да бір рәсімге барудың қажеттігіне көз жеткізу көбінде оның аурулық өнімінен қиын болады, бұл кезде ол елестеушілік күйзелістердің идеялық-сандырақтық сарынынан немесе эмоциялық бұзылулардан кейде барлық емдеу іс-шараларын өткізуге қарсыласып бағады. Бұл жағдайда аурулар клиникасын білу терапевтикалық проблеманы дұрыс шешуге көмектеседі, емдеуді оңды шешуді мүмкін етеді.
3. Осы уақытқа дейін психикалық науқас адамдарға медбике жүргізетін күтім жасау мен қадағалау өзекті болып қалып отыр. Бұл өзіне науқастарды тамақтандыру, жаймасын алмастыру, санитарлық-гигиеналық іс-шараларды жүргізуді және басқаларды қамтиды. Әсіресе науқастардың тұтастай контингентіне бақылау жасау маңызды. Бұл тоқыраушылық науқастарға, кататоникалық симптоматикасы бар пациенттерге, жіті психотикалық бұзылулары мен мінез-құлықтық актілерінің бұзылулары бар науқастарға қатысты. Күтім жасау мен қадағалау, күмән жоқ, науқастарды емдеудің жалпы тұрғысынан алып қарағанда, маңызды буындар болып табылады, өйткені бұл маңызды ауруханалық факторларсыз терапевтикалық іс-шараларды жүргізу мүмкін болмаған болар еді. Науқастар, олардың ауруларының серпіні, емдеу процесіндегі өзгерістер және т.б. туралы, ақпарат психиатриялық стационарларда психикалық науқастарға өткізілетін кешенді емдеу процесінің барысында баға жеткісіз, ақпарат болып табылады.
Тек медбике ғана кешкі уақытта делириозды симптомдардың тұтастай бір қатарының пайда болуын байқай, өзіне-өзі қол салу үрдістерін іске асыруға бөгет бола, пациенттер көңіл-күйінің тәулік ішіндегі ауытқуларын жанама, объективті сипаттамалар бойынша анықтай, олардың әлеуметтік қауіпті оянуларын алдын ала болжай алады.
Кейде науқасты тыныштандыру үшін медициналық бике оған туыстарымен кезекті кездесуді, телефон арқылы сөйлесуді уәде етеді, бірақ бұдан кейін уәдесін орындамайды, яғни науқасты алдайды. Бұған мүлдем жол беруге болмайды, өйткені науқас медициналық персоналға деген сенімін жоғалтады. Қандай да бір сұраққа тікелей және нақты жауап беру мүмкін болмаған жағдайда әңгімені басқа тақырыпқа бұру, науқастың назарын басқаға аудару қажет. Сондай-ақ науқасты стационарға алдап орналастыру да ұсынылмайды. Бұл онымен бұдан кейінгі қарым-қатынасты қиындатады, ол ұзақ уақыт сенбейтін адамға айналады, өзі, өзінің күйзелістері туралы ештеңені әңгімелемейтін, кейде ашу-ызаға булығатын болады. Науқастардан қорықпаған жөн, алайда шамадан тыс ержүректік көрсетудің де қажеті жоқ, өйткені бұл ауыр салдарларға әкеп соғуы мүмкін.